Ғылыми-педагогикалық зерттеудің бастапқы кезеңі


Зерттеудің әдіснамалық негізі



бет3/3
Дата31.07.2022
өлшемі20,19 Kb.
#147879
1   2   3
Байланысты:
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің бастапқы кезеңі

3. Зерттеудің әдіснамалық негізі.
Қандайда бір ғылыми жұмыстың нысанының зерттелуіне концептуалды және бастапқы ережелер әдіснамалық негіз болады. Тұжырымдама, теория, ғылыми-теоретиктердің, отандық педагог-әдіскерлердің көлемді жұмыстары әдіснамалық мәнге ие.
«Төменгі сынып оқушыларының ойын технологиясын қолдану арқылы шығармашылық белсенділігін дамыту» тақырыбындағы зерттеу жұмысының әдіснамалық негізін: дүниені және адамдық қарым-қатынастарды өзгертуші шығармашылық субъект ретіндегі тұлғаның концептуалды түсінігі; тұлғаның зияткерлік-шығармашылық дамуының динамикасы құрайды.
Жеке және жүйелік амалдар - оқыту және тәрбилеу технологиясының тұлғаның шығармашылық дамуына тигізетін әсерін қарастыруға мүмкіндік беретін, тұлғалық-қызметтік амал.
Зерттеуге теориялық негіз болған ғылыми еңбектер мен негізгі басшылыққа алынған ғалымдар еңбектері, тарихи мәліметтер, архив материалдары, баспасөз деректері зерттеудің дереккөздері ретінде беріледі.
Жоғарыда айтылып кеткендей, зерттеу қызметінің нәтижесі ғылыми білім, яғни сипаттаушы (зерттелетін құбылыс немесе үрдіс сипатталады), түсіндіруші (зерттелетін құбылыстың немесе үрдістің қасиеті, заңды байланыстары түсіндіріледі), дәлелдеуші (алынған нәтиженің ақиқаттылығы, шынайылығы дәлелденеді) болып табылады.
Жұмысты аяқтап, оның нәтижесін ойланып, бағалағаннан кейін зерттеуші: «зерттеу жұмысының нәтижесінің ғылым мен тәжірибе үшін мәні қандай?» деген сауалға жауап беруі керек.
Ғылыми жаңалылық тиегі аяқталған зерттеулердің сапасын бағалау үшін қолданылады. Ол қазіргі кезеңде элі белгісіз, педагогикалық эдебиеттер тобына енбеген білім заңдылықтары, олардың құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясын сипаттаушы теориялық және практикалық қорытындылардың мазмұнын өрнектейді.
Зерттеу жаңалылығы қаншалықты теориялық маңызға ие болса, соншалықты практикалық қажеттілікке ие. Зерттеулер нәтижесінде түзілген тұжырымдамалар, алынған гипотезалар, ашылған заңдылықтар, әдістер, бағыттар, көзқарастар, проблеманы айқындау моделі орындалған ғылыми істердің теориялық маңызын танытады. Ал зерттеудің практикалық маңызы жаңа ұсыныстар, нұсқаулар және т.б. дайындауға арқау болуында.
Жаңалылық тиектері, теориялық және практикалық маңыздылық зерттеу типтеріне орай бір-бірімен ауысып барады, сондай-ақ жаңа білімдердің пайда болу уақытына да тэуелді келеді.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы туралы түсінік бере отырып, курстық және диплом жұмыстарында ешкім де ғылыми жаңалық ашпайды. Дегенмен ізденіп тақырып айналасында қол жеткен жетістіктер мен ғылыми талдаулар нәтижесі айтылады. Сондай-ақ бұған дейін бұл тақырыптың жазылып, сөз болғанын ескеріп, одан өзгеше мәселелер қарастырып, басқа ізденістер жүргізгені баяндалады. Осы тұрғыдан, жұмыстың теориялық маңызы деп - қол жеткен нәтижені пайдаланудың алдағы жұмыстар үшін, басқада мәселелерді шешудегі жарамдылығын қарастырамыз.Мысалы, «Төменгі сынып оқушыларының ойын технологиясын қолдану арқылы шығармашылық белсенділігін дамыту» зерттеуінің теориялық маңызы келесідей анықталған: «алынған нәтижелер төменгі сынып оқушыларының шығармашылық белсенділігін дамыту үрдісі туралы түсінікті кеңейтеді».
Зерттеудің тәжірибелік маңызы - жұмыс барысында алынған нақты нәтижені тәжірибеде қолдану мүмкіндігі. Зерттеудің тәжірибелік маңызын айта отырып, нақты кемшілікті түзету үшін қолдануға болатын педагогикалық қызметтің тәжірибелік бөлімін белгілеу қажет. Мысалы, ойын технологиясын тиімді қолдану жөнінде автордың ұсынысын бастауыш мектеп мұғалімдері өздерінің күнделікті іс-тәжірибелерінде қолдана алады.
Зерттеудің тәжірибелік маңызы жұмыс нәтижесін жалпы білім беру мектептерінің тәжірибесінде пайдалану мүмкіндігімен анықталады.
В.В. Краевский, Е.В. Бережнова мынаған назар аударады: зерттеудің екі сипаттамасы- ғылыми және тәжірибе үшін маңыздылығына, кем дегенде, екі рет - зерттеу жұмысының басында және соңында жүгінуге тура келеді. Зерттеудің бірінші сатысында оның мүмкін болатын нәтижесінің ғылыми-тәжірибелік маңызы түрінде анықталады, арнайы жұмыстың тақырыбы мен мақсатын анықтауда, жеке емес, тәжірибелік маңызы мен ғылыми мәселенің байланысы арқылы жасалады. Бұл кезеңде алдын ала жасалған жорамалды жеке сипаттама түрінде қарастырып, оған арнайы орын беру қисынсыз. Бұны соңғы, қорытындылау кезеңінде нәтиже алынып, оны пайдалану туралы ойланған кезде жасаған дұрыс.
Алынған нәтиженің ғылым мен тәжірибенің қандай мәселесі үшін маңызды екенін және бұл мәселені жаңа білімдердің қалай толықтыратынын көрсету қажет.
Осымен педагогикалық зерттеудің бірінші кезеңі аяқталады. Көріп отырғанымыздай, бұның қисыны ғылыми ізденушілікке қойылатын жалпы талаптармен анықталады.
Қорытындыда айтарымыз, барлық әдіснамалық сипаттамалар бір-бірімен байланысты, бірі-бірі толықтырады және түзетеді. Мәселе зерттеу тақырыбында ғылымда жеткен жетістіктерден алға жылжу қозғалысы түрінде көрініс табады, ескі мен жаңаның қақтығысын көрсетеді. Өз кезегінде, алға қойылған мәселелер мен тақырыптарды құрастыру зерттеудің көкейкестігін анықтау мен негіздеуге сүйенеді. Зерттеу объектісі зерделеуге қажетті саланы, ал пәні- зерделеу қырын көрсетеді. Сонымен, тізілген сипаттамалардың барлық элементтері біріне-бірі сәйкес, бірін-бірі толықтыратын жүйені құрайды.
Екінші маңызды кезең зерттеу жүргізудің әдісін жасау болып табылады. Зерттеудің бұл кезеңі салмақты назар аударуды қажет етеді және келесі дәрісімізде осы кезең туралы әңгіме қозғайтын боламыз.
Біздің қарастырып өткен негізгі әдіснамалық категориялар - мәселе, тақырып, көкейтестілік, зерттеу нысаны, оның пәні, мақсаты, міндеті, ғылыми болжамы ғылыми жұмыстың «грамматикасын» құрайды, дәлірек айтқанда, студенттің курстық және дипломдық жұмысының аппараты.
Осылай, ұсынылған деректер шеңберінде, біз студенттердің дайындаған ғылыми жұмыстарының мысалында зерттеудің қисынды құрылымы мен әдіснамалық аппаратын қарастырдық.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет