28 жастағы жүкті әйел, акушердің кезекті қабылдауына келді. Жүктілік мерзімі 37 апта. Жалпы жағдайы қанағаттанарлы. Салмағы 72 кг, АҚҚ 120/70 мм б Іші овоидты түрде, ал айналымы 98 см; жатыр түбі биіктігі 34 см



бет1/5
Дата03.11.2023
өлшемі27,48 Kb.
#189271
  1   2   3   4   5
Байланысты:
АиГ задачи каз
лист наблюдения, тест ҚТ, Рұқсат қағазы 1, тест сұрақтары ЛОР, 260 ЛД 2021 педиатрия каз (1), хирургия тест қазақша, 260310, Остеохондроз рекомен, стандарты пропедевтикии каз, КТП ЛД жалпы хирургия каз 23-24, КТП ІАП 3 ЕІ А, Б 2023-2024, ЖИА Атеросклероз

28 жастағы жүкті әйел, акушердің кезекті қабылдауына келді.Жүктілік мерзімі 37 апта. Жалпы жағдайы қанағаттанарлы. Салмағы 72 кг, АҚҚ - 120/70 мм. б.. Іші овоидты түрде, ал айналымы 98 см; жатыр түбі биіктігі 34 см. Оң бүйір жағында ұрықтың майда бөліктері анықталады. Сол бүйір жағында ұрықтың кен тегіс бөлігі анықталады. Жамбасқа кіре берісте тығыз, домалақ бөлік анықталады. Жүрек соғысы анық, ырғақты, 150 рет/мин. Берілген орнығудағы ұрықтың жүрек соғысы қай жерде жақсы естіледі?
кіндіктен төмен, сол жақта


36 апта жүктілік мерзіміндегі әйелді жедел көмекпен босану үйіне алып келді. Жыныс мүшесінен қара қанды бөлінді бөлінуі мен іштің қатты ауырсуына шағымданады. Жүкті әйелдің жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде, тамыр соғысы минутына 100 рет, АҚҚ 90/60 мм. б.. Ұрықтың жүрек соғысы естілмейді. Соңғы екі апта бойы АҚҚ 140/100 мм. б. жоғарлауына шағымданған. Не болды?


қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы


37 апта жүктілік мерзімімен, 30 жастағы жүкті әйел қабылдауға келді. Бұл жүктілігі екінші, асқынусыз өтуде, өзін жақсы сезінеді, қан мен зәр анализдерінде патология анықталмайды. Әйелдерге кеңес беру орнына келу бойынша акушер ұсыныс береді:


әйелдерге кеңес беру орнына әр 7-10 күнде келу керек


Бірінші босанушы әйелде 38 аптадағы жүктілік мерзімі,босану әрекетінің басынан 3 сағат өткеннен кейін басталды. Объективті: ұрықтың жүрек соғысы айқын, ритмі минутына 136 ретдейін., вагинальды тексеру: жатыр мойнының ашылуы толық, ұрықтың қуығы зақымдалмаған, ашылды, мөлдір су төгілді. Басы кіші жамбас қуысының сегметіне келеді, сол жақ қисық өлшемі бойынша жебе тәріздә жәк келеді, кіші еңбек оң жақ алдына қарап орналасқан. Қақпақты қол жетімсіз. Экзостоздар жоқ. Ұсынылған диагноздардың қайсысы жағдайға сәйкес келеді:


Мерзімі жеткен жүктілік. Босанудың II кезеңі. Тез арада босану.


29 жастағы жүктілік мерзімі жеткен әйел дене салмағы 3300 гр, дене ұзындығы 53 см үл баланы жедел босанды. Ұрық жолдас өзі бөлініп туылып шықты, босанушыны тексерген кезде ұрық жолдастың ортасында қара қызыл біркелкі емес бөлік анықталды. Жатыр тығыз, жыныс жолдарына шығатын бөлініс қанды, қалыпты. Сіздің ойыңыз бойынша қан кету себебі неде?


Жатырда ұрық жолдас бөлігінің тұрып қалуы


Перинаталды орталыққа ұйқысыздыққа, маңдай және қарақұс тұсындағы ауырлық сезімі шағымдарымен 35 аптада жүктілік мерзімімен екінше босанушы жеткізілді. Анамнезінде гипертониялық ауру. Тексеріс кезінде бет бұлшық еттерінің тырысулары, жалпы ісіну. АҚ 170/100 және 180/110 мм.с.б. Пpотеинуpия 0,6 г/л . сіздің ойыңыз бойынша жүктіліктің қандай асқынуы?
Эклампсия


Босунашыда 5 күннен кейін дене температурасының 38 – 39 0 С. Дейін жоғарылауы анықталды. Шағымдары бас ауруына, әлсіздікке, жүрек соғысына. Объективті: жүрек жиілігі минутына 110 рет., іші жұмсақ, пальпация кезінде сезімтал. Жағымсыз иісті іріңді лохиялар анықталды. Жалпы қан анализінде лейкоциттердің саны 15х1012/л. Босанудан кейінгі асқынудың қандай түріне сіз күмәнданасыз?


Жіті эндометрит


22 жастағы науқас іштің төменгі бөлігінің, әсіресе оң жағы ауырсуына, сондай-ақ тік ішекке берілуіне шағымданып түсті. Анамнезінде 2 медициналық түсік, соңғысы эндометритпен асқынған. Сондай-ақ, 3 аптаға етеккірі кешігіп жатыр. Болжам диагноз?


жатырдан тыс жүктілік


56 жастағы науқас гинекологиялық бөлімшеге, жыныс мүшелерінен «етті жұғынды» түрде бөліндінің бөлінуіне, жалпы әлсіздік пен салмағының төмендеуіне шағымданып түсті. Гинекологиялық тексеруде жатыр қалыптыдан ұлғайған, беті тегіс емес, ауырсынусыз, аймақтық шап лимфотүйіндері шамалы ұлғайған және ауырсынусыз. Болжам диагноз?


эндометрий рагы


23 жастағы әйел гинекология бөліміне ішінің толғақ тәрізді қатты ауырсынуына шағымданып түсті. Қарау кезінде АҚҚ 80/40 мм. б., қан тамыр соғысы минутіне 120 рет.Щеткина-Блюмберг симптомы оң, іштің төменгі бөлігі ауырсынулы. Пациентте қандай шұғыл жағдайлардың болуына күдіктенеміз:


жатырдан тыс жүктілік, аналық без апоплексиясы


29 жастағы науқаста анықталады: іштің астыңғы бөлігінде толғақ тәрізді ауырсынулар, талмалы жағдай, әлсіздік. Обьективно: АҚ 90/60 мм с. б., жүрек жиілігі минутына 100р, тері жамылғысы боз, Щеткина-Блюмберг симптомы оң, етекірдің 4 жұмаға кешігуі, жатыр және қосылыстар қатты ауруға байланысты анықталмайды, артқы өтіс ілініп ауырады. Сіздің болжамалы диагнозыңыз:


Түтіктің жарылуына айналып жатқан жатырдан тыс жүктілік




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет