Ғылыми-зерттеу жұмысы тақырыбы: «Ойын арқылы балалардың сөздік қорын дамыту»



бет11/12
Дата04.10.2023
өлшемі1,27 Mb.
#183734
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Жаңабаева Қ.А КУРСОВОЙ )
Табиғи ресурстар және олардың классификациясы
Рефлексивті-түзетушілік

- Балалар, біз бүгінгі сабақта не туралы әңгімелестік?
- Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?
Балаларды мадақтау.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Мадақтауға риза болады7





Күтілетін нәтиже:
Бау-бақшада өсетін жеміс пен көкөністердің қасиеттерін ұғынады.
Жалпы жинақтау түсінігін білдіретін сөздерді (жемістер, көкөністер) түсінеді.
Суреттер бойынша әңгімелеуді қолданады.


ҚОРЫТЫНДЫ

Мектеп жасына дейінгі балаларға ойындарды қолдануда бала қызығушылығы артып, талпынады. Және кез келген сөзді толық айтуға тырысады. Дидактикалық материалдармен балалар жаттыққан сайын олардың зейіні, тапқырлығы, ынталылығы, өзіндік ойлау жұмысы дами түседі. Балаға әңгімелеп айтуға, оқып тыңдауға, жаттауға арналған материалдар олардың даму деңгейіне, жас шамаларына лайықты болу қажет. Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн.


Ойынның негізгі ерекшелігі ол балалардың қоршаған өмірді - адамдардың қимылын, іс-әрекеттерін бейнелеу болып табылады. Ойында бөлме теңіз, аспан кеңістігі де, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар жағдайға ойынның өздері ойлаған түпкі ниеті мен мазмұнына лайықты маңыз береді.Ойын іс-әрекетінің тағы бір ерекшелігі - оның әрекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Олар ойында өздеріне мәлім өмір құбылыстары мен оқиғалары туралы білімдерін бейнелейді, оларға өзінің қатынасын білдіреді.Балалар ойынының ерекшелігі сондай-ақ бейненің, ойын әрекеті мен сөздің ұштасуымен өзара байланыстылығында. Бұл оның сыртқы белгісі емес, шын мәні.
Ойында бала өзі бейнелеген қаһарманның іс-әрекетімен, сезімімен тыныстайды. Кейде бейненің баланы баурап әкететіні соншалық, ол тіпті өзін әдеттегідей шақырғанға жауап та қатпайды.Балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде ойыншықтармен сөйлесіп жүреді. Дидактикалық ойынның ұзақтығы маңызды. Егер де ойын ұзаққа созылса балаларды жалықтырып, қысқа болса ойын мазмұнына түсінбей қалады. Тәрбиеші ойынды ұйымдастырғанда көп іркілмей, анық, қысқа түсіндіру қажет. Сондықтан ойынға сәйкес жұмбақ, жаңылтпаш, тақпақ, мақал, түрлі сөздерді де пайдаланып отырған жөн.Балалар мектепке жақсы тілдік дайындықпен баруы тиіс. Бұл бағыттағы жұмыстарды жетілдіре түсу үшін тәрбиешілер тиісті әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, балалардың тілдік даму деңгейлерін жүйелі түрде бақылап, тексеру жүргізіп отыруы қажет.
Балалардың сөздік қорын дамыту жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін тәрбиеші топтағы барлық балалардың тілінің даму деңгейін жақсы білу қажет.Қазақ тіліндегі бақшаларда оқып жатқан басқа ұлт балаларын да бір сәт естен шығаруға болмайды. Олар қазақ тілін білу деңгейіне қарай топқа бөлініп оқытылуы керек. Балалардың қабылдау ерекшеліктеріне қарай тәрбиеші әр топқа әр түрлі оқыту мақсатын қойып, әрқайсысына тиімді әдіс-тәсілдер қолданады.
Тәрбиеші ойынның бастан аяқ жүрісін қадағалап отырады, сәтті кезеңдерді мақтап, балаларды қатысуға қызықтырып, өз күшіне деген сенімділігін арттырады. Егер де жылдамдықты қажет ететін жарыстар болса ойын нәтижесін анықтауда сақ болған дұрыс. Сондықтан тәрбиеші фишкі қолданып, дұрыс шешімін айту керек және мақтауды көбірек пайдаланып отырған дұрыс.
Ойын арқылы бала өзіне пайдалы қозғалыс әрекеттерін меңгереді және оған жаттығады ойындар өз әрекеттерін жолдастарының әрекетімен үйлестіріп, жеке мүддесін ұжым мүддесімен біріктіруге, шыдамдылыққа өзін-өзі ұстай білуге, ұжымның жетістігіне деген жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге көмектеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет