Филипп Голощёкин



бет2/4
Дата15.06.2020
өлшемі54,5 Kb.
#73535
1   2   3   4
Байланысты:
Голощекин

Ізмұқан Құрамысов
Ізмұқан Құрамысов (1896, Орынбор губeрния, Ақбұлак уезі, Томареткел ауылы — 25.2.1938) мемлекет қайраткері, саяси қуғын-сүргін құрбаны. 1934 жылы ақпаннан ҚК(б)П Батыс Қазақстан облысы комитеттінің 1-хатшысы. 1937 жылы шілдеден Қазақ КСР жеңіл өнеркәсіп халық комиссариаты төрағасыньң 1-орынбасары, сол жылғы тамыздан Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитетті терағасының орынбасары, ҚК(б)П ОК мүшесі. 1937 жылы қазан айында «халық жауы» деген айыппен ҚК(б)П ОК мүшелігінен, БК(б)П қатарынан шығарылып, қызметтен босатылып, тұтқындалды. КСРО Жоғары соты әскери коллегиясының 1938 жылы 25 ақпандағы қаулысымен «контрреволюциялық ұлттық-фашистік ұйым құрып, басқарды» деген айып тағылып, атылды. КСРО Жоғары соты әскери коллегиясының 1957 жылы 9 маусымдағы ұйғарымымен ақталды.

Иван Губкин
Иван Михайлович Губкин (9.9.1871, Ресей, Төм. Новгород облысы Поздняков с. – 21.4.1939, Мәскеу қ.) – орыс ғалымы, проф. (1920), КСРО ғылым академиясының акад. (1929). Санкт-Петербург тау-кен ин-тын бітірген (1910). 1910–1918 ж. КСРО Геол. к-тінде жұмыс істеді. 1917–18 ж. АҚШ-қа мұнай өнеркәсібін зерттеп танысуға жіберілді. 1919 жылдан «Главсланецті» басқарды. 1920–1930 ж. Мәскеу тау-кен академиясында проф., ректор (1922), 1930 жылдан өмірінің соңына дейін Мәскеу мұнай ин-тында кафедра меңгерушісі, КСРО ғылым академиясының вице-президенті, 1931 жылдан Халық ш-ның жоғ. кеңесі геол. барлау басқармасының бастығы. 1930–1936 ж. КСРО ғылым академиясының өндірістік күштерді зерттеу кеңесінің төрағасы. 1936–1939 ж. КСРО ғылым академиясының Әзірбайжан бөлімшесінің төрағасы қызметтерін атқарды. Негізгі ғыл. еңбектері мұнай геологиясына арналған. Г. балшықты жанартаулардың мұнай кен орындарымен байланысын зерттеді. Сондай-ақ Қазақстандағы темір, түсті металл, жылу-энергет. шикізат, тұщы су кендерінің болашағының зор екенін көрсетті. Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен марапатталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет