Филология ғылымдарының докторы, профессор Қ



Pdf көрінісі
бет10/153
Дата03.04.2022
өлшемі5,46 Mb.
#137760
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   153
Байланысты:
Раңа Ð Ð Ð Ð 72 Ñ Ð°Ò Ð°Ñ Ñ Ð¾Ò£Ò s(2)

Орфография
(гректің 
орфос
– дұрыс, түзу және 
графия
– жазу деген сөздерден алынған) – 
жазба тілде пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихи қалыптасқан жүйесі. Біркелкі жазу-
ды қамтамасыз ететін ережелер жүйесін жасайтын және зерттейтін тіл білімінің саласы. Ор-
фография тiлдiң белгiлi бiр даму кезеңiндегi жазба тiлдiң нормаларын айқындайды, оның 
негiзгi бөлiмi дыбыстарды /фонемаларды/ әрiппен белгiлеу мәселесiмен айналысады. Ды-
быс пен әрiп бiр-бiрiмен тығыз байланысты. Себебi дыбыс ауызша тiлдiң материалы, әрiп 
– жазба тiлдiң материалы. Жазуды белгiлi бiр жүйеге салып отыру үшiн орфография үлкен 
қызмет атқарады. Сонымен қатар орфография фонемаларды әріппен таңбалауды, сөздерді, 
оның бөлшектерін бірге, бөлек немесе дефис арқылы жазуды, бас әріптердің қолданылуын, 
тасымал тәртібін белгілейді. Нақты айтқанда, орфография жазба мәтіннің белгілі бір стан-
дарт құрылыммен ұйымдасуына, ортақ жазу тәртібін құруға, сөздерді дифференциялауға 
көмектеседі (сөздерді бірге/бөлек/ дефис арқылы жазу, кіші/бас әріп). Жаңа латыннегізді 
әліпбидің қабылдануымен орфграфияда да біраз өзгеріс болатыны белгілі. Мысалы, шет-
тілдік сөздердің орфографиясында, біріккен сөздердің орфографиясында және т.б.
Графика.
Жазба тілдің ережелері мен заңдылықтарын тіл білімінің графика және ор-
фографиясы қарастырады. Графика жазу және оған қатысты мәселелерді қарастыра оты-
рып, әріп пен дыбыстың арақатынасын да қамтиды. Графика – тіл дыбыстарын жазуда таң-
балайтын шартты белгілер жиынтығы. С.Мырзабековтың айтуынша, графика белгілі бір 
жазуға қатысты барлық амалдың жиынтығы, әріп пен дыбыстың арақатынасы, сол әріп 
таңбаларды жетілдірудің жайы. 
Графика ұғымы фонемдік жазумен байланысты қолданылады. Мұндай жазуда әліпби
графика және орфография сияқты ұғымдар орайласып жатады. Графема – тілдің графика-
лық жүйесіндегі ең кіші бірлік. Дыбыстық тіл мен жазба тілдің ең шағын тұлғалары – фо-
нема мен әріптің арасындағы күрделі қатынас жазу теориясында графема деген жаңа бір 


10
ғылыми ұғымның пайда болуына себеп болды. Графема дегеніміз таңбалаушы (фонема) 
мен таңбаланушының (әріптің) бірлігі болып табылады. 
Жазба тілдің жалпы графикалық және графемдік ерекшеліктері бар. Жалпы графикалық 
ерекшелікке мәтіннің парақ бетіне орналасуы, азатжол, көз тынысы, (үлкен ашық жол), 
қаріп түрлері (майлы, ашық, көлбеу әріп), үздікті жазу, асты сызылған жазу, қаріп түсі жа-
тады. Графикалық ерекшелікке сол жазба тілдің қолданып отырған графикасы, әріп саны, 
әріп тіркесі, әріп диакритикасы,тыныс белгілер жатады. Графемдік ерекшелікке әліпбидегі 
әріп мәндері, графеманың мазмұн межесі мен тұрпат межесі, тілдің фонология лық құрылы-
мының графемаларға сәйкес келуі, бір әріптің бір не бірнеше фонеманы, бір не бірнеше фо-
неманың бір графемаға сәйкес жазба тілдің оқылу және жазылу жүйесі жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   153




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет