Филология ғылымдарының докторы, профессор Қ



Pdf көрінісі
бет8/153
Дата03.04.2022
өлшемі5,46 Mb.
#137760
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   153
Байланысты:
Раңа Ð Ð Ð Ð 72 Ñ Ð°Ò Ð°Ñ Ñ Ð¾Ò£Ò s(2)

ауызекі сөйлеу тілі 
(отбасы, аула т.б.), 
бейтарап әдеби тіл 
(БАҚ тілі, шешендік сөз, 
дәріс, жиналыс), 
ресми тілі
(мектеп бағдарламасы, ғылыми конференция, жиналыс сөзі 
т.б.) бөлінеді. Жазба тіл 
жазба ауызекі тіл 
(хат, қолхат, интернет тілі) және 
жазба әдеби 
тілге
(көркемсөз, шаршысөз, ғылыми сөз, іскери сөз стилі) ажырайды. Сонымен тілді мең-
геру деген ауызекі сөйлеу тілінен жазба әдеби тілге қарай (әсіресе ғылыми, ресми ісқағаз-
дары) қиындай түседі. Ол, ең алдымен, жазу жүйесінің күрделілігінен шығады. 
Қазіргі айтылым нормалары мен жазудың арақатынасы
Қазақ тілі өзге де түркі тілдері тәрізді жалғамалы тілдердің қатарына жатады. Сон-
дықтан да әртүрлі лексика-грамматикалық амалдардың барлығы дерлік сөз тудырушы, сөз 
түрлендіруші қосымшалар, сөздердің тіркесуі мен бірігуі арқылы жасалады. Сөздің түрлі 
қосымшалармен түрлену барысында түбір мен қосымшаның жігінде, ырғақты сөз топта-
ры компоненттерінің аралығында әртүрлі дыбыстық құбылыстар пайда болады. Әсіресе 
түбірдің қосымшалардағы дыбысқа, керісінше, қосымшалардағы дыбыстардың түбірге ти-
гізер әсер-ықпалы ерекше болады. Алайда жазу тәжірибесінде дыбыстық құбылыстардың 
бәрі бірдей ескеріле бермейді. Тілдік жүйеге, оның дыбыстық құрылым жүйесіне орфогра-
фияның сәйкес болуы қажет. Сонда ғана тілдің жазбаша және ауызша түрлері бір-біріне 
кереғар болмайды. Алайда мұндай талап тілдің жазбаша және ауызша түрінің айырмасын 
мүлдем жойып, ерекшелігін елемеу деген сөз емес. Жазба тіл ауызша тілдің хатқа түскен 
жай ғана көшірмесі емес. Ауызша сөйлеу интонация, сөздердің ерекше мәнермен айтылуы, 
ой екпіні, эмфазалық құбылыс т.б. толып жатқан дыбыс заңдылықтары болады. Олар-
дың бәрін бірдей жазуда таңбалау мүмкін емес. Тіл тарихында ондай жазу болған да емес. 
Бернард Шоудың «
Иә 
деп айтудың елу түрлі, 
жоқ
деп айтудың бес жүз түрлі тәсілі бар, ал 
оларды жазудың амалы біреу-ақ» деген сөзі осы орайда айтылған. 
Қой, түн, жаз 
тәрізді сөз-
дердің айтылуы мен жазылуында айырма жоққа тән. Бірақ тілімізде көптеген сөздердің ай-
тылуы мен жазылуы бір-бірімен сәйкес келе бермейді. Тілдік қарым-қатынасқа түскенде 
тіл бірліктері сөз ағымында білгілі бір орфоэпиялық заңдылыққа орай бір-бірімен ұласа 
айтылып, бір-біріне ықпал жасап, әртүрлі фонетикалық өзгеріске ұшырайды. Ал осындай 
жүйені елемей, тілдік дыбыстарды әріптер түрінде өзгертпей айтсақ, сөздің дыбысталу-
дағы тұтастығы, үндесімі мен үйлесімі бұзылады. Сөйлеуде дыбыстардың бір-біріне әсер 
етіп, ықпалын тигізіп, ұласа айтылуы – мәнді фонетикалық құбылыс. Бірақ аса маңызды 
бола тұра, бұл құбылыстың бәрі бірдей жазуда еленбейді. Өйткені жазу – «жүгіртіп» оқуға 
жеңіл, қабылдауға қолайлы болуы қажет. Жазудың мақсаты сөздің айтылуы мен дыбыста-


8
луын дәлме-дәл көшіру емес. Жазу қандайда болмасын белгілі бір ойды, сезімді хабарлай-
ды. Егер 
қоралы ат, төреге ерсең, тоналарсың 
дегендерді айтылуынша жазсақ 
[қоралат] 
па, 
[қоралы ат]
па, 
[төрөгөрсөң, тоналарсың]
әлде 
[төре көрсең, тон аларсың»] 
ба? ақпа-
ратты қабылдауды күрделендіре түсер еді де, артық энергия жұмсауға тура келеді. Сон-
дай-ақ 
(бірғанатты гөрдү)
дегенді адресат «бір ғана атты көрді», «бір қанатты көрді» деп, 
әртүрлі ұғынуы мүмкін. Сондықтан сөз ішіндегі, тіркес шеніндегі дыбыстардың бір-біріне 
тигізер позициялық, комбинаторлық әсер-ықпалын ескермей, дыбыстардың фонематика-
лық мәнін сақтап жазу мәтінді қиындықсыз, кедергісіз оқуға мүмкіндік береді. Сондықтан 
жазба тілдің өз заңдылығы бар. Ол – орфография. Ауызша тілдің өз заңдылығы бар. Ол – 
орфоэпия. Бүгіндегі мәселе осы ауызша тіл мен жазба тілдің екі басқа жүйе екенін таныма-
удан, не мойындамаудан туып отыр. Тілдің бар заңдылығы тек орфография деп қана түсіну 
мәселені одан сайын қиындатты. Орфоэпия мүлде қалыс қалды. Тіпті қазақ тілінде орфо-
эпия жоқ, қалай жазылса, солай оқылады дегенге салып, ауызша тілдің сазы бұзылғанын 
көрмейтін дәпежеге жеттік. Жастар тілінде жазба тілдің дыбыстық бірліктерінен бастап, 
лексика-грамматикалық ерекшеліктерді бір етіп жіберген қолданыстар көбейді. Қазіргі қа-
зақ тілінің орфоэпиялық сөздігі 2005 жылы соңғы нормаларын көрсетсе де, бұл еңбек пай-
даланылмайды. 


9


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   153




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет