Филология және әлем тілдері факультеті



Дата08.02.2022
өлшемі119,51 Kb.
#123927
Байланысты:
Сейсенбаева Дариға.МӨЖ-1
Мож 2

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ ФАКУЛЬТЕТІ
«7М02313-ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ» МАМАНДЫҒЫ



МӨЖ-1
Тақырыбы: Сөз экологиясына қатысты ғылыми зерттеулер, еңбектер, жалпы оқу құралдарының библиографиялық көрсеткіші туралы
Орындаған: Сейсенбаева Дариға Талғатқызы

Алматы, 2021
Бүгінгі уақытта сөз экологиясы мəселесінің қоғамда орын тебуі экстралингвистикалық факторлардың əсерінен көкейкестілігі күрделене түсуде. Бұл мəселе тек қазақ тіліне ғана тəн құбылыс деп айтуға болмайды. Бұл мəселе тіпті дамыған, мемлекеттік статусы əлемдік дəрежеде мойындалған тілдерге де тəн. Сондықтан қазіргі уақытта мəдениет экологиясы əлемдік деңгейде кеңінен жəне жан-жақты белсенді қарастырылып жатыр. Сөз экологиясы кеңірек алғанда рухани экологияның да ең маңызды мəселелерінің негізгі орталық өзегі болып саналады. Рухани экологияның мəдени құбылыстарды сақтауы адамға кері ықпалын тигізетін техникалық прогресті ұтымды игеру мəселелерін де қарастырып отырады. Мəдениетті, рухани құндылықтарды сақтаудың мəні əлемдегі табиғатқа қатысты экологиялық мəселелерден кем түспейді. Адамның биологиялық өміріне табиғат қандай керек болса, рухани өміріне мəдени орта сондай қажет. Экология терминін алғаш рет 1866 жылы ғалым Эрист Геккель ұсынған болатын. Эрист Геккель экологияны организмнің қоршаған ортамен байланысын оқып-үйрететін ғылым ретінде тану керектігін анықтаған, бертін келе бұл атаудың концептуалдық мəні кеңейді, бүгінгі уақытта бұл сөз экологиясының мəселелерін анықтап түсіндіруге тікелей ықпал етті. Кез келген организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасында əр түрлі факторлардың органикалық, органикалық емес организмдерге тигізетін игі немесе кері əсер ететінін қарастыратын, адамзат қоғамының өзі тіршілік етіп отырған ортамен өзара байланысын зерттейтін əрі түсіндіретін ғылыми бағыттардың жиынтығы экология деп аталынады. Экология терминіне мəдени-ұлттық құндылықтарды бағамдау, саралау тұрғысынан келгенде мағынасы мен мəні тереңдей түсті.
«Мəдениет экологиясы» терминінің мəнін бейнелі ашқан ғалымдырдың бірі В.Л.Янин болатын. Оның сөзі бойынша мəдени ескерткіштерді құрту географиялық картадан топонимикалық атауларды өшіріп тастаумен бірдей екендігін айта келіп əрі тарихи ескерткіштердің генетикалық қолын құрту деп түсіндіреді. Сондықтан сөз мəдениеті де – мəдениет экологиясының ажырамас бір бөлігі. Саяси-экономикалық, саяси-əлеуметтік жағдайлар, қазіргі қоғамдық, саяси – идеологиялық міндеттердің сипаты, мəдени-тарихи құндылықтарды бағамдау мəселесі, əлеуметтік топтардың əлеуметтік-психологиялық жағдайлары, этнопсихологиялық үрдістер т.б. толып жатқан тілден тыс тұратын факторлардың сөз экологиясының дамуына, өсуіне, керісінше, тоқталуына немесе тұрақтанып қалуына белгілі дəрежеде үлкен ықпал етіп отырады. Сондықтан тілдің толып жатқан мəселелерін экологиялық тұрғыдан қарастыра отырып анықтаудың мəні айрықша.
Сөз экологиясы дегеніміз – ойлау-сөйлеу мəдениеті, сөйлеу тəртібі, лингвистикалық дəстүрге тəрбиелеу, ұлттық тілді қорғау жəне «тазалау», ұлттық тілді меңгеру, сөз сапасын арттыру, функционалды стильдердегі байланыстарды сақтау, сөз эстетикасының жолдарын анықтау деген ұғым түсініктердің кешенді мəселелерін қарастырады. Сөзтану ғылымының əрі сөз мəдениетінің негізгі қағидаларын толық орнықтыру бүгінде қазақ тілі ғылымында сөз экологиясы мəселесімен тығыз байланысты. Сондықтан сөз экологиясы деген сөз ауызға ілінгенде астарына, қыры мен сырына тереңірек үңілгенде оның зерттелінер бағыты, мақсаты мен міндеті өте көкейкесті екені бірден байқалады. Лингвистикалық экология туралы басқа ұлт тілдерінде көкейкесті мəселе көтерілуде, осыдан келіп «неге?» деген қисынды сұрақ туындайды. Басқа ұлт тілдерінде мемлекеттік тілге қысым көрсетілмеген, ұлт тілінің мемлекеттік статусы толық сақталған, ұлттың тілге қоғамдағы əлеуметтік топтардың саналы көзқарасы толық орныққан, олардың өз мемлекеттерінде ұлт тілінде мектеп ашу, балабақша ашу мəселесі туралы сөз де қозғалмайды. Бірақ тіл жанды құбылыс болғандықтан, оның өмір сүруіне кедергі келтіретін құбылыс, əрекеттер барлық ұлт тіліне
төнетін қауіп екені шындық. Ал, қазақ тілінің бүгінгі жағдайына келетін болсақ, сөз экологиясы туралы мəселелерді, факторларды анықтап береді, сондықтан Қазақстан Республикасындағы қазақ мемлекеттік ұлттық тіліне қатысты бұл мəселе əлдеқайда күрделі.
Сөз экологиясы – жалпы тұрғыдан алғанда көптеген гуманитарлық пəндердің зерттеу əдіс-тəсілін, міндеті мен мақсатын, анықтамасын, көкейкесті мəселелерін оқытуға тиісті лингвистикалық ғылым. Барлық мемлекеттерде өзінің зерттеу нысаны кез келген ұлттың тіл саясатынан бастап, тілдің ең ұзақ мəселелерінің аралығындағы көкейкесті өте маңызды мəселелерді шешуге атсалысуда. Сөз экологиясының маңыздылығы адамзаттың экология мəселесіне көзқарасы тұрғысынан қарастырылуы тиіс. Адамзат баласының мəдени жəне рухани құндылықтарын сақтаудың басты міндеті – тіл жəне сөз мəдениеті болып табылады. Бұл мəселені таратып, тереңірек айтатын болсақ, жалпы адамзат тағдырының өткеннен болашаққа апаратын жолы тілі мен басқа да мəдени мұраларына тікелей қатысты. Сөз экологиясының қарастыратын мəселелерінің қатарына мыналар жатқызылады:
1. тілдік саясат;
2. тілдік орта;
3. лингвоэкологиялық тəрбие;
4. тілдік импульс;
5. тілдік ситуация;
6. тілдік қажеттілік.
Сөз экологиясының көптеген қоғамдық – əлеуметтік жəне саяси жағдайлармен байланыстылығы басты назарға алынып отырады. Сөз экологиясының тууына немесе оған қолай-лы жағдай туғызуына себепкер – тілдік саясат мəселесі. Тілдік саясат дегеніміз не? Тілдік саясат дегеніміз – белгілі мемлекет немесе коғамдағы тілдік мəселелерді шешудің практикалық шаралары мен идеологиялық ұстанымдарының жиынтығы. Тіл саясаты кейбір мемлекеттердің ғылыми əдебиеттерінде «тілдік жоспарлау» деп аталынады.
Қазақстан халықтары Ассамблеясында Н.Назарбаев: «қоғамда біздің тіл саясатымыздың мəнін тереңірек жəне дəлірек түсіндіру керек. Ол кез келген мемлекеттің ұлт саясатының өзегі», – деген еді. Тіл саясатының өзегі, яғни, орталық кіндігі болып табылатын тіл саясатын қазақ елі үлкен тарихи кезеңдермен өткізді. Атап айтсақ, 1921 жылғы 2 ақпанда Қазақстан автономиясы халық комиссарлар кеңесінің 10 тармақтан тұратын деректері (мемлекеттік мекемелерде қостілділік жүйені сақтау), 1923 жылдың 23 қарашасында құжат, 1924 жылғы, 1958 жылғы республика Министрлер Кеңесі қабылданған ережелер, 1989 жылғы 22 қыркүйектегі құжаттар жəне т.б. бұған дəлел бола алады.
Сөз экологиясы мəселесінде тілдік орта ерекше маңызды рөл атқарады. Сондықтан тілдік орта қуатты құрал екеніне ерекше назар аударылуы керек. Олай болса, сөз экологиясының орталық кіндігі – тілдік орта. Тілдік орта халық тілінің өмір сүруінің қажеттілігін, əлеуметтік қызметінің сан-салалы қызметін атқарады. Тілдік ортаның болуы, тұрақтануы, өмір сүруі тіл саясатына тікелей қатысты, тіл саясаты тіл заңының күшімен толық орнығып отырады.
Р.Сыздық тілдік орта жоқ болғанның өзінде де ана тілін ғана емес, басқа тілдік орта болмаса да туған тілге, ата-баба тіліне деген лингвоэкологиялық көзқарастың қуаттылығының арқасында қазақ тілін үйренгенін айтады. Қазір қазақ ұлт өкілдері əлемдік ресми тілдің қатарына жататын ағылшын, қытай, араб тілдерін тілдік орта болмастан үйренуге күш салып жатыр. Бұл сол тілге деген қажеттілік, орыс тілінің ықпалы жойылмаған жағдайда кез келген ұлт азаматының шынайы көзқарасына да байланысты. Былайша айтқанда, сөз экологиясын болдырмауға ең қажетті алғышарттар – тілдік орта мəселесі. Сөз мəдениетінің бүгінгі жай-күйі тілді таратушылардың сөз тəртібін меңгеруі мен пайдалануы қандай дəрежеде екенін анықтау үшін тілдік орта деп аталатын іргелі категорияны жан-жақты анықтау керек.
Тілдік орта – экологиялық мəселелерді реттейтін, экологиялық проблемаларын тудыратын сапалы топ. Тілдік ортаның өте маңызды іргелі ұғым екенін толық тану, бағамдау жекет тілдік тұлғаны анықтау арқылы көрінеді. Тілдік ортаны шартты түрде бірнеше топқа бөліп қарауға болады. Тілдік орта – жанұя, балабақша, мектеп, өскен орта, қарым-қатынас аясы, қызмет орны, т.б. Тілдік ортада ана тілінде сөйлеп, жазып, тілдің коммуникативтік, əлеуметтік жəне эстетикалық қызмет таратушылар тобын қалыптастыру мен оның өмір сүруінің жағдайын жасау мемлекеттік іс деп тану керек. Тілдік ортаны қазақ мемлекеттік тілінің тұтқасы деп айтуға болады. Р.Сыздық тілдік орта туралы былай дейді: «Тілдік орта деген қуатты күш» деген Елбасы өз жауабында қазақ балабақшаларын көбейтуге, қазақ мектептерін көптеп ашуға арнайы тоқталғанда осынау тілдік ортаны жасаудың бірден-бір қажетті жəне пəрменді жолдарын атағаны деп білеміз.
Сөз экологиясының көп мəселелерінің бірі – тілге деген қажеттілікті тудыру. Кеңес үкіметі кезінде орыс тіліне қажеттілік туып тұрғандықтан, қазақтар орыс тілін үйренді. Қазіргі кезде қазақ ұлтының өкілінен басқаларға да қазақ тіліне қажеттілікті тудыру керек. Президент қазақ тілін білмеген қазақтардың мемлекеттік тілді білуін талап етеді. Бұл туралы Р.Сыздық былай дейді: «Тілге деген қажеттілік күшті емес, тіпті көп жағдайда жоқ деуге болады, əзірге көп орындарда орыс тілінің қажеттілігі жүрдектеу болып тұр. Сөз экологиялық мəселелерін болдырмау үшін ұлт тілінің мемлекеттік статусын сақтап қалу, ұлттың экологиялық санасын реттеуді талап етумен қатар ұлттық тілге көзқарасты өзгерту керек екеніне баса назар аударылуы қажет. Қазақ тілінің бүгінгі жай-күйі мен тілдік ситуациясын танып-білдіруге күш салған, туған тілдің толғағын көтеріп жүрген, толғауы тоқсан тілдің көркемдік бедерін, жазу мен сөйлеуде көрінетін эстетикалық бағдарын бірде ашық, бірде жасырын баспа ақпарат құралдары беттерінде айтып жүргендердің тілдік сана мен тілдік көзқарасты өзгертуге ықпал етеді.
Сөз экологиясының қарастыратын тағы бір ерекше саласы бар. Бұл сала лингвоэкологиялық тəрбие деп аталынады. Қазақ тілі үшін лингвоэкологиялық тəрбие жанұяда, балабақшада бастау алуы керек. Өзге ұлт өкілдерінің баласын қазақ балабақшасында тəрбиелеу бір жағы тілдік саясат болса, екіншіден, лингвоэкологиялық тəрбиенің бастауы, өзі өмір сүріп жатқан мемлекетінің мемлекеттік тіліне құрмет, ұлтқа сүйіспеншілік, ұлтаралық татулық сияқты мəселелердің шынайылығын білдіреді. Сөз экологиясына тəрбиелеудің басты бір арнасын мемлекет ішіндегі тілдік ахуал реттеп отырады. Мемлекет ішіндегі қостілділік пен басқа тілдің басымдылығын дұрыс таразылап, ұлт тілінің ресми мəртебесін сақтайтын іс-қимылдарды реттеп отыру да экологиялық тəрбиеге жатады
Лингвистикалық экология мəселелеріне жататын тағы бір фактор – тілдік импульс. Ұлттық тілге тілдік импульс беретін қоғамдағы атқарылып жатқан сан алуан шаралар, игі істер, үлгі-насихат жүмыстары, оның халықтық мəні мен мазмұнын түсіндіретін бағыттары, ұлттық заңдылығын түсіндіру мəселелері жатады. Мұндай шаралар Қазақстан Республикасында лингвистикалық тұрғыдан да, қоғамдық, мемлекеттік тұрғыдан да халыққа аз түсіндірілген жоқ.
Тілдік импульске Елбасы тарапынан тілдің қуатты қолдау табуы, тілдік импульсты жалғастырушылардың атқарған қызметтері жатады. Мысалы: «Мемлекеттік тілге – мемлекеттік акция» деген атпен мамандырылған лингвистикалық орталықтар құру мəселесі, М.Шахановтың «Мансабы үшін тілін сатқан ұлтсыз» сыйлығын белгілеу бастамасы, басқа да толып жатқан республика аймағында Президенттің мемлекеттік Ұлттық тіл туралы тапсырмасына қатысты шаралардың орындалып жатуы – тілдік импульстің негізгі көрсеткіштері. Бұл ұлт тілін, ана тілді дамытудың жаңа бағыты – лингвистикалық экология бағытының қалыптасуына, негіз болған нəрсе деп айтуға болады. БАҚ бетінде тілге импульс беретін, ұлттық тілге қатысты мəселелер, ой-пікірлер ортаға салынғаны осының көрнекті айғағы болып саналады.
Адамзат баласы тілсіз тіршілік ете алмайды. Сөз, сөйлеу тілі, қолданыс тілінің көп қырлы аспектісін сөз экологиясы ғана түсіндіреді. Сөзтану ғылымының негізгі нысаны – тіл арқылы қарым-қатынас жасаған адамдардың сөзі. Адам сөз арқылы бір-бірімен қарым-қатынас жасайды, қарым-қатынас жасау өте күрделі процесс болып саналды. Сөз экологиясының шешілмеген мəселелері қазақ тілі үшін өте күрделі жауапкершілікті талап етеді. Қазақтың бүгінгі күні сөз экологиясының басты категорияларына жататын міндеттер мен мəселелер баршылық, олардың қатарына жататындарды анықтап алу керек.
Сөз экологиясына кең міндет артып, толық бағамдауға негіз болатын əрі басты сипатының белгілері олардың сапалық қасиеттері болып саналады. Сөз экологиясының сапалық қасиеттері – ұлттық тілдің тазалығы, анықтығы, көркемдігі, дұрыстығы жəне тағы басқа. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез қасиеттерімен озады» деген ұлы ақын Абай сөзі қай заманда да өз мəнін жоймақ емес. Сондықтан болар, білім беру жүйесін дамыту басты бағыт болып саналады. Еліміздің қазіргі заман талабына сай ҚР «Білім туралы» заңының 5-бабында «барлық оқу орындары мемлекеттік жалпы міндетті стандартқа сəйкес мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білу мен дамытуды, орыс тілі жəне шетел тілін оқып үйренуді қамтамасыз етуге тиіс» деп көрсетілген. Ата заңымызда əлемдік тілдердің қай-қайсысын да тануға ерік берілген. Мемлекетіміз саяси, экономикалық, мəдени байланыстары бірнеше тілде білім алуды қажет етеді.
Көптілді білім беру дегеніміз – оқу үрдісі барысында екі не одан да көп тілде білім беру. Мемлекетіміздің мектеп реформасында қаралған үш тілде оқыту – қазіргі заман қажеттілігі. Осы мақсатта қазақ, орыс, ағылшын тілдері ұлтына қарамастан тең дəрежеде асырылады. Тілдерді дамыту – еліміздегі мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыттарының бірі. Тіл проблемаларын оңтайлы шешу – ұлтаралық қатынастар үйлесімділігінің, халық бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтудың түпқазығы болып табылады. Елбасымыз Қазақстан халқына арнаған «Жаңа əлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында «Тілдердің үштұғырлығы» мəдени жобасын жүзеге асыруды ұсына отырып, қазақ елін əлемдегі үш тілді қатар тұтынатын білімді де білікті ел ретінде танытуымыз қажет екенін жəне мемлекеттік тіл – қазақ тілі екенін ерекше атап көрсеткен. Тілдерді дамытуда сөздің экологиялық мəселелерін болдырмау үшін ұлт тілінің мемлекеттік статусын сақтап қалу, ұлттың экологиялық санасын реттеуді талап етумен қатар ұлттық тілге көзқарасты өзгертуге баса назар аударылуы керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет