Филология және көптілді білім беру институты


Тарихи лексикологияның бір саласы – этимология



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі334,7 Kb.
#93700
1   2   3   4
Байланысты:
СӨЖ №2 лексикология Нуркулов Д

Тарихи лексикологияның бір саласы – этимология.
Этимология сөздердің шығу тегін зерттеп, олардың ең алғашқы мағынасының қандай болғандығын айқындайды. Этимологиялық зерттеулердің жеке сөздердің төркінін ғана емес, сонымен бірге жалпы тілдің тарихын танып білуде маңызы өте күшті.
Лексикологоияның енді бір саласы – салыстырмалы лексикология туыстас сөздердің сөздік құрамын, ондағы сан алуан сөздерді бір-бірімен салыстыра отырып зерттейді. Салыстырмалы лексикология туыстас тілдердің лексикасын салыстырып қана қоймай, олардың тарихи дамуын өөзгеру тұрғысынан қарастырады. Сондықтан оны салыстырмалы­­ – тарихи лексикология дейді. Сол тарихи лексикологияның маңызы мынада: тілдің ерте кездегі шағын сөздік қоры талай замандар бойында, талай өзгерістерге ұшыраса, өсіп өрбіп мыңдаған сөздер қосылып бұл күнде оны тарихи тұрғыдан қарастырып бір-біріменсалыстыра зерттегенде ғана мүмкін болмақ. Салыстырмалы тарихи зерттеусіз, ғылыми зертеудің де ғылыми теориялық топшылаудың да болуы мүмкін емес.
Тілдің лексикологиядағы әрбір сөзде белгілі бір мағына бар. Сөздердің мағыналық жақтардың семасиологияда қарастырады. Семасиология сөздердің мағыналарын өзгеру жолдарын, семантикалық заңдарды зерттейтін арнаулы бір сала болып саналады. Семасиология – лексикологияның ең басты және маңызды саласы, өйткені оны зерттейтін мәселесі – мағынаны әрбір сөздің «жаны» десе болады. Семасиологияның лексикографиялық жұмыста да /сөздіктер жасау жұмысы/ маңызы айрықша. Сөздіктерде сөздің мағналық жақтары талданады. Семасиологиялық топшылаулары мен қорытындылары сөздік жасау ғылыми және практикалық тұрғыдан дұрыс жолға көмектесіп,бағыт-бағдар сілтейді.
Лексикологияның семасиология тарауымен тығыз байланысты бір саласы – ономосиология деп аталады. Семасиология сөздердің мағыналарын, семантикалық заңдарын зерттесе ономосиология зат немесе құбылыс ұғымының белгілі бір аталуының себебі неліктен екендігін қарастырады. Анығырақ айтқанда сөз семасиологиялық тұрғыдан қарастырғында, оның мағналық жағына назар аударылады. Сонымен ономосиология заттармен құбылыстардың аталуы, белгіленуі туралы ілім дегенді білдіреді.
Ономосиологияның диолектологияға да қатысы бар. Ономосиологияның диолектологияға қатысы әсіресе лингвистикалық географиядан айқын аңғарылады. Әр түрлі тілдердің диолектологиялық қатнастарының лексикологиялық картасы ономосиологиялықнегізде жасалады да, бір заттың немесе құбылыстың диолектрлердің атауларынан таралуын көрсетеді. Ономосиологиялық айрықша бір саласы – ономастика, жалпы есімдерді зерттейді. Ономастика өз ішінде екі салаға бөлінеді: бірі – антропонимика, кісі заттарын зерттеу обьектісі етіп алса екіншісі – топонимика, географиялық атауларды зерттеу оъектісі етіп қарастырады.
Шындық болмыстығы заттар мен құбылыстар жеке сөздермен ғана емес, тқрақты сөз тіркестерімен де аталады. Тіл- тілдің лексикасында жеке сөздердің айрықша синоним ретінде сөздердің тіркесімен болғанымен мағынасы жағынан жеке сөздермен келіп, бір бүтін лексикалық единица тәрізді қызметатқарады. Осымен байланысты лексикологияда мағнасы жағынан дара сөздермен сәйкес келетін фразеологиялық сөз тіркестері де қарастырылады. Мысалы, жүрегі тас төбесінен шықты /қорқу/, қас пен көздің арасында, қас қаққанша, ауызды ашып жұмғанша /лезде/, қаны қайнау /ашулану/, он саусағынан өнері тамған немесе ағаштан түйін түйген /өте шебер/, үріп ауызға салғандай /сүйкімді/ т.б. деген фразеологиялық сөз тіркестері әбден лексикаланған да мағнасы жағынан бір сөз тәсілді болып кеткен. Осылар тәріздес сан алуан фразеология тұрақты сөз тіркестерінің түрлерін, олардың құрамы мен құрлысын жасау жолдарын қарастырады.
Тілдің әр түлі жақтары бір-бірімен өзара қарым-қатынаста болатыны сияқты, оларды зерттейтін тіл білімінің де әр түрлі салалары бір –бірімен әрдайым өзара байланыста болады. Мысалы: лексикологияның тіл білімінің арнаулы бір саласы ретінде фонетика және грамматикамен мынадай байланысы бар: тілдегі әрбір сөз дыбыстардың белгілі бір тіркесімен айтылады. Дыбыс тіркестері сөздің сыртқы жамылғышы да, сөздің мағынасы оның мазмұны болып саналады. Қандай бір сөз болсын, дыбыс тіркестерімен айтылып, белгілі бір мағынаны білдіреді. Сөздің дыбыстық жағын зерттейтін фонетиканың лексикологиямен байланысыда осыдан келіп туады. Тіл- тілде сөздің дыбыстық құрамының өзгеруі немесе екпіннің ауысып түсуі сөз мағынасына әсер етіп оны өзгертеді. Туыстас тілдердің лексикасын өзара салыстыра зерттеу немесе белгілі бір тілдің лексикасын тарихи тұрғыдан зертеулер салыстырмалы тарихи фонетиканың деректеріне негізделеді.
Тіл білімінің лексикология әсіресе грамматика саласымен тығыз байланысты.Тілдегі сөздерномативті қызмет пен бірге грамматикалық қызметте атқарады. Сөздер жеке дара күйінде емес, өзарабайланысында қолданылады. Сөздің белгілі бір грамматикалық қызметі оның мағынасына да әсер етелді.
Сөздің грамматикалық байланысы туған қосымша мағнасы грамматикалық байланысты мағына немесе синтаксистік шартты мағына деп аталады. Тілдің даму тарихында бір жағынан лексикалық единицалардың грамматикалық процесі жүріп жатса, екінші жағынан сөздердің тіркестерінің бірі

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет