Филология және көптілді білім беру институты



бет1/13
Дата07.02.2022
өлшемі117,24 Kb.
#91868
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
20 ғасыр тапсырма


Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті
Филология және көптілді білім беру институты
Аралық бақылау тапсырмалары
ХХ ғасыр әдебиеті

Орындаған: Советбеков Д.М


Алматы 2020
Ш.Құдайбердіұлы «Әділ мен Мария» романы

Қаламгердің қара сөзді шығармаларының ішінде көлемі жағынан да, көтерген мәселесі жағынан да ауқымдысы «Әділ мен Мария» романы. Автор шығармасын «Қайғылы роман» деп те атаған. Ақын бұл қайғылы романды 1925 жылы май айында, Шыңғыс тауының сыртындағы Шақпақта алпыс жеті жасында жазған. Романда ескі қазақ ауылының 1910 жылдардағы өмір тұрмысы, сол кездегі әлеуметтік теңсіздік суреттері, сүйгеніне қосылса да, зорлық пен әділетсіздіктің құрбаны болған әйел тағдыры шыншылдықпен суреттеледі. Шығарманың бас кейіпкерлері – Әділ мен Мария арасындағы оқиға өмірде болған. Шәкәрімнің көрсетуі бойынша оқиға 1910-11 жылдары Шыңғыстауда өткен. Роман алғаш рет «Жұлдыз» журналының 1988 жылғы №11 санында ғалым Тұрсын Жұртбаевтың алғы сөзімен жарияланды. Жарияланым қолжазбадан тікелей көшірілген.


Романның идеялық нысанасы мен әлеуметтік астарына келетін болсақ, Шәкәрім «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек» поэмалары секілді мұнда да қазақ қоғамындағы әйел теңсіздігін, махаббат еркіндігі жолындағы күресті арқау еткен.
Шәкәрімнің «Әділ мен Мариясында» сюжет басталмас бұрын оқиға өтетін ортаның көркем табиғаты суреттеледі. Шәкәрім шығармасындағы бір ерекшелік – табиғаттың көркем суретін тамсана баяндауы емес, бірден Кәрі Шыңғыстауға қайырылып, лирикалық кейіпкердің монологы арқылы Шыңғыстауға жанды бейне ретінде психологиялық мінездеме жасауы. «Кәрі Шыңғыстау, Адам жерге ие болғаннан бері қарай сенің көрмегенің жоқ. Көне көзі кәрі Шыңғыстауда талай адамның құмары қанып, қуанғаны да болды, жүрегі жанып суалғаны да болады, талай-талай жас жүрек мұратына да жетті, неше түрлі ел дәурен сүріп, аң аулап мал да бақты, талай-талай сабаздың қаны судай да ақты. Ай мен күндей ажарлы сұлу, қыршын жастарды да, арыстан жүрек айнымас батырларды да, әлемнен озған алаяқ аузынан бал тамған шешен билерді де жерошақтай жер қазып, бауырыңа көмiп жатсаң да, бақайыңнан келмей түк көрмегендей-ақ маңқиып тұра бересің-ау! Онымен де қоймай, қысқа күнгі күн шығыстан ұзақ, күнгі күн батысқа қарай керегедей жайылған кең қолтығыңды ашып үңірейтіп: «Кел-кел! Тағы менің қолтығыма кipiп, бipece рахат, бipece бейнет көріп, аз күн арпалысып өтетінің келіңдер!» — деп үнсіз даусыңмен шақырып тұратыныңды қайтермін!». Осынша оқиғаға куәгер Шыңғыстауда бір кез автор жазғырғандай да болады.
«Әділ мен Мария» романын жазудағы мақсат қолында билік, байлығы бар күштілер мен бip ғана ат-шапан үшін бipeyдің тағдырын трагедияға ұшыратар алаяқ, қулар құлқынын жинақтап көркем бейнелеу емес. Сол тәрізді, қазақ әдет-ғұрпы бойынша әкелері құда болып баталасқан, бipiн-бipi сүйген жастар өмірінің ерлі-зайыпты болған кезінде де тағдыр тәлкегіне душар болу тарихын баяндау да емес. Қаламгер мақсаты, идеясы тереңде. Автор Шыңғыстау қойнауында өтiп жатқан сансыз уақиғалардың бipiн ғана алып, соған мәңгілік өміp, адамзат философиясы тұрғысынан қарайды. Ceзiм оранған ой ағысын, тeбipeнiciн көркем образға кeлтіpeдi. Шыңғыстауға бағытталған монолог, диалог, лирикалық шегіністер мен ой-толғамдарында философиялық ойлар, образға бөлер түрлі психологиялық, пейзаждық параллельдер, шешендік арнау, толғау, сұрақтар көп кездеседі.
«Әділ мен Мария» романында синкретті сипат мол. Лиризмі философияға толы, авторлық монологтар уақиғаны баяндаудың түрлі деңгейдегі үлгілерімен қабаттасып келсе, диалогті бейнелеудің дәстүрлі драмалық, классикалық түрлері қатар қолданылады. Шеберлікпен суреттелетін пейзаж, адам портреттері, түрлі мінездер психологиясы, ic-әрекеттер суретімен аралас келіп отырады. Баяндау ырғағы да үнемі өзгерісте. Романның бip бөлімдері жүйелі түрдегі суретке жан-жақты жазылса, екінші бip бөліктері мүлде жалаң баяндалады. Әcipece, романның соңғы бөліктері.
Әділ мен Мария уақиғасы кepi Шыңғыстау қойнауында өтіп жатқан көп уақиғалардың бipi ғана. Онда бақытты жандар тағдыры да, бақытсыз сорлылар трагедиясы да қабаттаса eрiп келеді. Шыңғыстау, табиғат үшін бәpiбip, оның кең қойнауы бақытты тағдырға да, сұмдық трагедияға да, рахат пен бейнетке де, сансыз уақиғаларға толы.
Шыңғыстауға, айға, май айына бағытталатын толғамдарда автор тіл дәcтүpлi шығыс әдебиеті поэтикасына өте жақындайды. Уақиға құбылыстарды сезімдік-эмоционалды, философиялық мәнге орай әcipe бояй баяндауға кешкенде авторлық көркемдiк-идеялық ізденістер айқын көрінеді.
«Әділ мен Мария» романы туралы сын, зерттеу мақалаларда көбіне шығармада бейнелейтін тағдырлар тарихы туралы айтылады. Әйел теңдігі тақырыбындағы шығарма, онда қоғам қайшылығы, таптар тартысы аңғарылады деген пікірлер келтіріледі. Негізінде, бұл роман — берекетсіз тірлік кешкен бозбалалардың бос қалжыңынан басталған бәсекенің адасу трагедиясына ұласу тарихы туралы қаламгерлік толғам. Кездейсоқтыққа толы тіршілік қоламтасынан қандай қayiптi өрттердің тұтанатынын ескерту.
Қорыта келгенде, Шәкәрім Құдайбердиевтің «Әділ мен Мария» атты прозалық шығармасы – ұлттық әдебиетімізді байытқан, өз заманының шындығын дәл, шынайы жеткізе білген, біздің әдебиет тарихымыздан өзіне лайық орын алуға тиіс, көркем шығармалардың бірі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет