Философия кафедрасы



Дата16.02.2023
өлшемі22,6 Kb.
#169006
Байланысты:
Хожаева Динара


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ КАФЕДРАСЫ
«ТАРИХЫ ТАНЫМ ФИЛОСОФИЯСЫ» ПӘНІ БОЙЫНША
1 СОӨЖ /СӨЖ
Тақырыбы: Антикалық философиясындағы дамуынсалыстырмалы түрде талдаңыз


Орындаған:
«Кадастр» мамандығының
2 курс студенті
Хожаева Динара
Тексерген:
Сулейменов П.М.
Саяси ғылымдарының кандидаты,
доцент
Алматы, 2023

Жоспар: 


І Кіріспе бөлім 


Антикалық мәдениет аясындағы философия 
ІІ Негізгі бөлім 
Антикалық философия кезеңдері 
Антикалық философия ерекшеліктері 

І Кіріспе


«Антик» сөзінің латын тілінен аударғанда «көне» деген мағынаны білдіретінін ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңін аңғартады. Алайда, қалыптасқан дәстүр бойынша антик дәуірі тек батыстың көне заманын білдіріп, осы грек-рим әлеміне қатысты айтылады. Ал, хронологиялық шеңберіне келер болсақ, антик философиясы өзінің бастауын б.з.д.VII ғасырдан алып, ал оның аяқталуы б.з. 529 жылы император Юстинианның барлық христиандық емес философиялық мектептерді ресми түрде жаптырған уақытымен байланыстырылады. Антикалық философия алғашқы қауымдық құрылыстың орнына құл иеленушілік құрылыс келген дәуірде өмірге келді. Ертедегі Грецияның алғашқы философтары стихиялы материалистік бағытты ұстануымен ерекшеленеді. Олар бүкіл дүниені тұтастай алып қарап, әлемнің, дүниенің түп негізін, алғашқы бастамасын табуға тырысты. Антикалық философтарды «физиктер» деп атаған. Себебі, олар философиялық ойларын табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып тұжырымдаған. Мұндай философиялық пікірді философияда «натурфилософия» деп атайды. Дүние қалай пайда болды, қалай жаратылды, ең бірінші не пайда болды деген сұраққа ерте арасындағы сауда жолдарының қиылысында орналасуы грек философтарының түрлі Шығыс елдерімен танысуына жағдай тудырды. Ионияны парсылықтар жаулап алғаннан кейін философия дамуы тоқтап, грек философтары Жерорта теңізінің батыс аудандарына көшуге мәжбүр болды. Философия дамуының екінші географиялық орталығы — Ұлы Греция атанған Оңтүстік Италияның аудандары мен Сицилия аралдары болды. Kaзipгi кезде грек философтарының алғашқы кезеңінің барлық философтарын «Сократқа дейінгілер» деп атау қабылданған. Грек философиясының әлеуметтік-экономикалық негіздері – патриархалды-құлдық қоғамнан дамыған құл иеленушілік қоғамға көшу, қосымша құнды өсірудің негізінде, байлықтың көзі ашылып, қала-мемлекеттердің қалыптасуы, интеллегенция өкілдерінің дүниеге келуі. 

Антикалық философияның натурфилософиялық дәуірі шамамен біздің дәуірімізден бұрынғы VII ғасыр мен V ғасырлар аралығын қамтиды. Натурфилософиялық кезеңге «Сократқа дейінгі» философтардың шығармашылығы жатады: 


Милет мектебі; 
Эфестік Гераклит мектебі; 
Элей мектебі; 
Атомистер мектебі және т.б. 
«Сократқа дейінгі» натурфилософтар айналысқан негізгі мәселелер: табиғат құбылыстарын түсіндіру; космос мәні; айналадағы дүние; түп негіз мәнін түсіндіру. Бұл кезеңдегі философиялық ілімдердің мәнін түсіну үшін мынадай іргелі ұғымдарды игеру керек: 

түпнегіз – барлық заттардың негізі


2. апейрон – шексіз, мәңгі, белгісіз, ұдайы қозғалыста болады; 
3. «логос» - жалпы заң, Гераклит философиясындағы қажеттілік, сөз, сонымен қатар, ақыл, заң дегенді білдіреді; 
4. апория – шешім табудың қиындығы, тығырыққа тірелгендік деген мағынада қолданылады; 
5. атом – Демокрит философиясында өте кішкене, бөлінбейтін бөлшек.
Милет мектебі - антика философиясындағы ең алғашқы мектептердің бірі. Б.з.д. VI ғ. Ежелгі Грецияда - Кіші Азияның ірі сауда кәсіптік – полисінде пайда болды. «Жеті дана» деп аталған ойшылдар осы мектептің негізгі өкілдері болды. Олардың әйгілілері – Фалес, Анаксимен, Анаксимандр. Фалес әлемнің түпнегізі су деп есептеген. Бәрі судан пайда болады, бәрі суға айналады деп ойлаған. Фалестің шәкірті Анаксимен әлемнің негізі ауа, ал Гераклит от деп есептеді. Анаксимандр барлық , шетсіз апейроннан пайда болған деді. Эмпедокл әлемнің негізі ретінде төрт затты, яғни отты, суды, ауаны және жерді алды. Аталған философтардың бәрі дүниенің негізі материалдық субстанция деп есептеді. Субстанция дегеніміз түпнегіз, ол өзінің басқа арқылы түсіндірілуін қажет етпейді.Гераклит бәрі өзгереді, бәрі өткінші деп пайымдады. Өзгерістердің қозғаушы күші мен негізі - қарама-қарсылықтардың өзара күресі.
Элеаттықтар – қазіргі Италияның жерінде орналасқан ежелгі грек полисі Элейдегі философиялық мектептің өкілдері. Элеаттар мектебінің өкілдері Парменид, Зенон, Ксенофан. Субстанцияны түсіндіру мәселесінде олар нақты бір зат пен құбылыстан гөрі өзімен өзі болмыс деген ұғымды қарастырады. Парменид философиясының негізгі тезисі – болмыс бар, болмыс емес жоқ, болмыс еместі тануға, тіпті ол туралы айтуға да болмайды. Ол мәңгілік, пайда болмайды, жойылмайды, ол біркелкі және үздіксіз. Ксенофанның пікірінше, болмыс дегеніміз - Құдай. Құдай әлемнің субстанциясы. Зенон шекті және шексіздік, қозғалысты ойлаудың мәселерін қойып, зерттеді. Зенон бос кеңістік, көптік, қозғалыс мәселелерінің сезімдер үшін бар екендігін мойындады. 
Атомистер – материалистік сипаттағы мектеп өкілдері. Демокрит, Левкипп әлемнің бөлінбейтін ұсақ кірпіштерден – «атомдардан» тұратынын дәлелдеді. Демокрит ілімінде атомдар үздіксіз, мәңгі қозғалыс үстінде және атомдар арасында бос кеңістік бар деп түсіндіріледі.
Класикалық (Сократтық) кезең – ежелгі грек философиясының көркею уақыты. Б.з.д Vғ. - IV ғ. аралығын қамтиды. Бұл кезеңдегі мектептер мен ойшылдар:
Софистердің философиялық ағартушылық әрекеті; 
Сократ философиясы; 
Платон философиясы; 
Аристотель философиясы, т.б Классикалық кезеңдегі философияның жалпы сипаты: табиғат пен космосты терең зерттеді; табиғат пен космос жаратылысы идеясында құдайлардың қатысын мойындады; тіршіліктің шығуының идеалистік болжамын ұсынды (Платон); адам,қоғам,мемлекет мәселесіне қызығушылық танытты; логиканы дамытуға үлес қосты; практикалық философиялық-ағартушылық әрекет жасады (Софистер,Сократ). 
Софистер (гр. sophists-өнерпаз, дана)-«даналықтың,» «шешендіктің» кәсіби ұстаздары ретінде саналған ежелгі грек философтары. Олардың халықты риторикаға, философияға үйретудегі атқарған еңбектері зор.Діннен бас тарту, табиғат құбылыстарын ұтымды түсіндіру, этикалық және әлеуметтік релятивизм-олардың ортақ көзқарасы болып табылады. Софистер екі топқа бөлінді: «Аға софистер»-табиғатты материалистік тұрғыда түсіндірді. Бұл топтың өкілдері-Протагор, Гиппий, Продик, Антифондар-алғашқы ағартушылар. Екінші тобы- «Кіші софистер» (ақсүйектер тобы)-Гипподам, Критий-философиялық идеализмге ден қойғандар. Софистер дау-дау кезіндегі кейіпке байланысты пайда болған «Софистика» деген әдісті қолданды. 
Софистика – дауласу немесе дәлелдеу кезінде қисынсыз пікірлерді, софизмдерді, яғни сырттай ғана дұрыс болып көрінетін айлаларды саналы түрде қолдану. Сондықтанда Аристотель оларды «жалған даналық» ұстаздары деп атады. 
Сократ жазбаша еңбектер қалдырмаған, оның философиялық көзқарастары бізге Платон, Аристотельдің еңбектері арқылы жетті. Сократ ауызша пікірталастырып, диалог арқылы өзінің қарсыластарын қарастырылып отырған мәселе туралы жаңа, тың білімге сендіруге тырысты. Оның қағидалары: «Мен өзімнің түк білмейтіндігімді білемін» және «Өзіңді өзің танып-біл». Сократ философияға ирония және маевтика сияқты ұғымдарды енгізді. Антикалық философияның екінші-классикалық кезеңі-ерте грек философиясының кемелденген, гүлденген кезі болды. Себебі, Платон мен Аристотель өздеріне дейінгі философияны біртұтас ғылымға айналдырып, жүйелендіре түсті.
Эллиндік кезеңнің (Александр Македонский және гректер билігі кезіндегі Азия мен Африканың ірі қалаларында білімнің дағдарыс заманы) мектептері киниктер философиясы. 

Эллиндік философияның сипаты: құдайлар және басқа да құдіретті күштер алдындағы қорқыныштың жойылып, құрметтің пайда болуы; тәндік және рухани тірек-сүйенішті өз бойынан іздеу; дүниеге материалистік көзқарастың басымдылығы (Эпикур); жоғарғы игілік –жеке адамның бақыты мен рахат күйі деп есептеу. 


Киниктер философиясының («Киносарг» деп аталған гимназияның , аудармасы – «көреген ит») негізін қалаушы Антисфеннің (б.д.д. 444-368 жж.) пікірінше, нақты өмір сүретін тек жеке заттар ғана, ал жалпы ұғымдар заттардың қандай зат екенін анықтайтын сөз ғана. Антисфен өзінің ұстазы Сократтың рахымшылық, ізгілік, басқа туралы ілімін ілгері қарай жалғастырып, құндылығы жоқ байлық, денсаулық, т.б. сияқты игіліктермен салыстырғанда, рақымшылық – ең құнды және жалғыз ғана игілік деп уағыздаған. Себебі, адам өзінің негізгі мақсаты бақытқа тек рақымшылық арқылы жетуге болады. Рақымшыл болу үшін ол туралы көп сөздің, немесе көп білімнің қажеті жоқ, ол – тек іс-әрекет арқылы ғана көрінеді. Материалдық тұрмыс қасиеттерін елемей, қоғамда қалыптасқан әдет-дәстүрлерді мысқылдай отырып, нағыз данышпандық, рақымшылық, бақытты іздеген Антисфеннің ізбасары Диоген Синопский (б.д.д. 412-323 жж.) киниктердің этикалық ілімін өз өмірінің негізгі қағидасы етіп қабылдаған, осыған байланысты өзінің артынан көптеген анекдотқа ұқсас әңгімелер қалдырған ойшыл. Мысалы, ол туралы замандастары былай дейді. Бірде, базар алаңында, бөшкеде отырған Диогеннен Ұлы Александр сіздің қандай өтінішіңіз болса да орындауға әзірмін деп сұрағанда, ол – күнді қалқаламаңыз деп жауап беріпті. Ол өте кедей тұрғанына қарамастан, киниктердің түсінігінше рақымшылыққа, бақытқа, шынайы бостандыққа жеткізбейтін адамдардың кемшіліктерін сынап, ляззатқа деген құмарлықты жек көрудің өзі – ляззат деп уағыздаған. Тал түсте фонарь ұстап базар алаңында «халық-көп, адам аз екен» деген сөзі осы пікірді нақтылайтын сияқты. 
Стоиктер («стоя») мектебінің негізін салған Китиондық Зенон. Өкілдері Сенека, Эпиктет, Марк Аврелий. Стоиктердің басты идеясы – сыртқы дүниенің түрлі әсерлерінен құтылу болды. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін философтар табиғатпен бірлікте болуға шақырып, байлықты, әсемдікті жақтады. Жағымсыз әлде қуанышты сәттер болсын, салқын қандылық таныту керек, жағымсыз, жан дүние, сондықтанда одан құтылуға асығудың қажеті жоқ. 
Философияда Аристотель 3 бөлімді қарастырады: 
1. Теориялық бөлім: болмыс туралы ілім, болмыстың құрамы, себептері және бастауы. 
2. Практикалық бөлім-адамдардың іс-әрекеті турлы ілім. 
3. Поэтикалық бөлім - шығармашылық туралы ілім. 
Аристотель логикасы. Аристотель - европалық (классикалық) 
логиканың негізін қалаушы. Ол дұрыс ойлаудың үш заңын (Тепе-теңдік заңы, Кайшылықсыздық заны,Үшіншіні жоққа шығару заңы) тұжырымдады, ақиқат пен жалғанның анықтамасын, силлогистиканы (ой қорытудың дұрыс және бұрыс түрлері - силлогизмдер туралы ілімді) негіздеді. Кейінен, Аристотельдің еңбектерін жүйелеушілер оның алты логикалық трактатын біріктіріп «Органон» («Кұрал») деп атады. Логика - барлық философиялық бағыттардағы аса қажетті таным құралы саналды. Бірақ Аристотельдің өзі логикаға дербес ғылым деп емес, барлық ғылымдарға бастама ретіндегі міндетті кіріспе деп қана қараған. 

Қорытынды: 



Антикалық философия алғашқы қауымдық құрылыстың орнына құл иеленушілік құрылыс келген дәуірде өмірге келді. Грек философиясының әлеуметтік-экономикалық негіздері – патриархалды-құлдық қоғамнан дамыған құл иеленушілік қоғамға көшу, қосымша құнды өсірудің негізінде, байлықтың көзі ашылып, қала-мемлекеттердің қалыптасуы, интеллегенция өкілдерінің дүниеге келуі. Ежелгі грек философиясының пайда болуы мен алғашқы даму кезеңдері Ионияда – Кіші Азияда басталды. Ионияның Батыс пен Шығыс арасындағы сауда жолдарының қиылысында орналасуы грек философтарының турлі Шығыс елдерімен танысуына жағдай тудырды. Антикалық философияның натурфилософиялық дәуіріндегі «Сократқа дейінгі» натурфилософтар табиғат құбылыстарын түсіндіру, космос мәні, айналадағы дүние, түп негіз мәнін түсіндіру сияқты мәселелермен айналысты. Классикалық кезеңдегі ойшылдар табиғат пен космосты терең зерттеді, тіршіліктің шығуының, адам,қоғам,мемлекет мәселесіне қызығушылық танытты, логиканы дамытуға үлес қосты; практикалық философиялық-ағартушылық әрекет жасады. Грек философиясының үшінші кезеңі - эллиндік кезеңінде, құдайлар және басқа да құдіретті күштер алдындағы қорқыныштың жойылып, құрметтің пайда болуы, тәндік және рухани тірек-сүйенішті өз бойынан іздеу, дүниеге материалистік көзқарастың басымдылығы жоғары болды. Римдік кезеңдегі ойшылдардың көпшілігі эллиндік кезеңнің концепцияларын ұсынды. Грек философиясының даму тарихында классикалық кезең ойшылдары – Сократ, Платон, Аристотельдің көзқарастары мен ой еңбектері жоғарғы сатыда тұрды. Сократ ғарышты зерттеуден адамды зерттеуге, адамның ішкі рухани шындығына үңілуге, себепті танудан мақсатты тануға бұрылуға әсер етті. 

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет