Аксиология – құндылықтар мәселелері: игіліктер деген не; құндылықтардың табиғатын, адам қызметінің өзгертушілік мәселелерін (праксиология) немесе адамның әлемді өзгерту қабілетін зерттейді.
5) Этика (грекше ethos – дағды, әдет-ғұрып) – мораль және адагершілік жайындағы ілім. Басты категориялары – жақсылық пен жамандық.
6) Эстетика (грекше aisthetikos– сезіну) – адамның дүниені эстетикалық немесе әсемдік заңдары тұрғыда түсіну ғылымы. Басты категориялары – әсемдік пен ұсқынсыздық.
7) Психология (грекше psyho – жан) – адам жаны мен психикасы туралы ғылым. Басты ұғымдары – психика, мінез, темперамент, ес, интеллект, қиял, іс-әрекет, энергопотенциал, т.б.
8) Әлеуметтік философия (әлеуметтану)(грекше societas – қоғам) – қоғам мен әлеуметтік процестерді зерттейтін философияның тармағы.
9) Философия тарихы – философияның даму тарихын зерттейді. Неміс философы Г.Гегель айтқандай «Философия Шығыста басталып, Батыста аяқталады».
ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНЫҢ БАСТЫ КЕЗЕҢДЕРІ: Жаңа дәуір философиясы
Классикалық неміс философиясы
XIX ғ. Маркстік философияның пайда болуы
Антик философиясы
Қайта өрлеу дәуірі философиясы
Орта ғасыр философиясы
Қытай философиясы
Үнді философиясы
Шығыс философиясы
XIX-XX ғғ. Батыс философиясы
Қазақ философиясы