Философия пәнінен емтихан билетінің сұрақтары


Философия – білім мен рухани қызметтің ерекше түрі



бет3/49
Дата17.10.2023
өлшемі188,47 Kb.
#185935
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
философия тест ответы

6.Философия – білім мен рухани қызметтің ерекше түрі.
Философия (кейде "Пәлсапа", грек. φιλοσοφία, philosophia, мағынасы: Даналықты сүю[1][2][3]) — жалпы және фундаменталды сауалдар туралы зерттеу болып, ол болмысболубілімқұндылықақылзерде және тіл секілді өзекті проблемаларға бағытталады.[4][5] Мұндай сауалдар көбінесе зерттелуді, немесе шешілуді күткен проблемалар[6][7] ретінде ортаға қойылады. "Философия" термині алғаш Пифагордан (бзд. 570 - 495 жж) басталған болуы мүмкін. Философиялық әдістерге сауалсыни пікірталасақылды аргумент және жүйелі пайымдау қатарлылар жатады.[8][9][10]
Классикалық философия сұрақтарына жататындар: "Әлденені білу мүмкін бе?", ал егер мүмкін болса, онда "мұны дәлелдей аламыз ба?"[11][12][13] Философтар сондай-ақ аса практикалық және нақты сұрақтарды да қоя береді: "Өмір сүрудің ең жақсы жолы бар ма?", "әділеттілік жазаланбайтын әділетсіздіктен жақсы ма?",[14] "Адамда еркін ерік бар ма??'[15]
Тарихта философия барлық білім жүйелерін қамтыды.[16] Ежелгі грек философы Аристотельден бастап ХІХғ-ға дейін "табиғат философиясыастрономиянымедицинаны және физиканы қамтыды. Мысалы, Исаак Ньютонның 1687 жылғы "Табиғат философиясының математикалық қағидалары" атты кітабы кейін физика кітабы ретінде жіктелді.
ХІХғ-дан бастап заманауи зерттеу университеттерінің дамуы академиялық философияның және басқа пәндердің кәсібиленуіне және арнаулылануына әкелді.[17][18] Қазіргі заманда, философияның дәстүрлі бөлігі болған кейбір зерттеулер философиядан бөлініп, жеке академиялық пәнге айналды, олардың ішінде психологияәлеуметтанулингвистика және экономика қатарлы негізгі пәндер бар. Өнерменғылымменсаясатпен, немесе өзге талпыныстармен тығыз байланысты басқа зерттеу салалары әлі де философияның тармақтары болып отыр. Мысалы, "сұлулық объективті ме, әлде субъективті ме?"[19][20], "Ғылыми әдістердің түрі көп пе, әлде тек біреу ғана ма?"[21], "Саяси утопия - ол үміткер арман ба, әлде үмітсіз құрқиял ма?"[22][23][24] қатарлылар.
Академиялық философияның басты тармақтары: 1) Метафизика, ол болу (existence) мен шындықтың (reality) негізгі табиғатын қарастырады; 2) Эпистемология, ол білім мен сенімнің табиғатын зерттейді; 3) Этика, ол моральдық құндылықтарды қарастырады; 4) Логика, ол аргументтерді, шын алғышарттан дұрыс қорытынды шығаруға мүмкіндік беретін тұжырым ережелерін зерттейді.[25][26] Бұлардан басқа тармақтары: ғылым философиясысаяси философияэстетикатіл философиясы және сана философиясы қатарлылар.


7.Жан, ақыл, парасат, рух. Антикалық философиясындағы рух пен парасаттың космологизмі.
Сана мәселесі философиядағы басты және күрделі, түсіндіруге қиын мәселелердің бірі, 


себебі сананы керу, өлшеу, сезім мүшелері арқылы қабылдау мүмкін емес, бірақ сана 

адамның жануарлар дүниесінен ерекшелігін көрсететін факторлардың бірі, сана арқылы адам 
мен оны қоршаған ортаның арасындағы байланыс жүзеге асырылатыны күмәнсіз. Сондықтан 
да философия тарихында «сана», «жан», «бейсаналық» ұғымдарының төңірегінде үнемі 
пікірталастар жүріп отырды және олар қазір де жалғасуда. Сапаны түсінудегі әр түрлі 
көзқарастарды біріктіріп, екі үлкен топқа бөлуге болады: материалистік – сананы 
материяның дамуында пайда болатын табиғи қасиеті деп түсіну; 2) идеалистік – сананы 
материяға жат, одан алғашқы, жаратылыстан тыс пайда болатын рухани субстанция деп 
ұғыну. Жаратылыстану ғылымдарының дамуының нақты жетістіктері сананың мәні, генезисі 
туралы сауалдарға жауап берді деп айтуға болады Түйіндеп айтсақ, сана туралы ғылыми 
көзқарас мынадай: сана ерекше түрде ұйымдасқан материяға – адам миына ғана тән қасиет. 
Оның дәледі ретінде адамның миы зақымданғанда оның ойлау, психикалық қызметі 
бұзылатынын айтсақ жеткілікті. Сананың табиғаты қоғамдық, яғни ол тарихи эволюция 
нәтижесінде қоғамда қалыптасты және сананың дамуы қоғамдық ортада ғана мүмкін болмақ. 
Сананың қалыптасуының алғышарты ретінде еңбекті атауға болады. Еңбектің арқасында 
адам өзінің күнделікті өмір сүруіне және табиғаттың дүлей күштерінен қорғануға қажетті 
нәрселерді жасады, табиғат заттарының жаңа қасиеттерін ашты, ой-өрісін кеңейтті, еңбек 
құралдарын бірте-бірте жетілдіре түсті. Еңбектің дамуы қоғамда өмір сүріп отырған 
адамдарды жақындатты, олардың бір-біріне бірдеңе айту қажеттілігі туды, араласу құралы 
ретінде тіл пайда болды. Еңбек пен тіл адамның миын, сезім органдарын дамытты, есту, 
көру. сезу, қабілетін күшейтті, санасын қалыптастырды. Абстракциялауға, тұжырым жасауға 
құштарлық еңбек пен тілге қайта әсер етті, оларды дамытуға жаңа күш берді. Сана, сонымен 
қатар, бейнелеудің жоғарғы формасы. Бейнелеу барлық материяға тән қасиет. Объективті 
өмір сүретін заттар, құбылыстар, процесстер бір-біріне үнемі әсер етіп отырады және белгілі 
бір дәрежеде өзгерістерге ұшырайды. әрбір зат, құбылыс өзі әсер еткен нәрседе өзінің «ізін», 
бейнесін қалдырады. Бейнелеудің сатылары: 1) қарапайым бейнелеу – бейнелеудің бұл түрінде субъект объектінің белсенділігін туғызбайды (мысалы, заттың судың немесе айнаның бетінде бейнеленуі). 2) информациялық бейнелеу – бейнеленуші бейнелеушінің бойында белсенді әрекет, өзгерістер жасайды. Мұндай бейнелеу тірі табиғатта да, қоғамда да кездеседі. Мысалы, лекция оқушы ұстаздың студенттің санасында жаңа ойлар оятуы, қарапайым бір клеткалы жануарлар мен өсімдіктердің тітіркенуі. 3) әлеуметтік бейнелеу – қоғамдық болмыстың жеке және қоғамдық санада, ой-пікір, көзқарас, идея, теорияларда бейнеленуі. Бейнелеудің ең жоғарғы формасы деңгейіне көтерілгенге дейін сана материяның төменгі формаларының эволюциясының сатыларынан өтті. Олар: 1) тітіркену – өсімдіктердің ыстық-суыққа, тәулік уақытына, басқа сыртқы әсерлерге реакциясы. 2) сезімталдық – жануарлар дүниесіне тән. Организм өзіне биологиялық жағынан алғанда қажетті емес, сонымен бірге биологиялық тұрғыдан бейтарап, бірақ онымен қосыла «отырып, информациялық маңызы бар нәрсеге реакция бере алады, яғни түйсік туғызады. Мұндай бейнелеу тірі организмнің ішкі жұмысын, информацияны қорыту жұмысын күрделендіріп, нерв жүйесінің негізін қалайды. Мысалы, андар өз жауларын көргенде организмінің барлық мүмкіндіктерін жинақтап, шабуылға немесе қорғануға дайындалады. Бірақ жануарлар ой қорытуға қабілетсіз. 3) психикалық бейнелеу – нерв жүйесімен тығыз байланысты. Субъект пен объектінің бір-біріне әсері негізінде психикалық образ (бейне) қалыптасады. ол нерв клеткаларында сақталып, керек уақытында қажетке асады. 4) адам санасы – бейнелеудің ең жоғарғы түрі. Өзіндік сана – адамның өзін саналы тіршілік етуші ретінде түсіне білуі, өзіне деген сыни көзқарасы, өз мүмкіндіктерін бағалай білуі. Өзіндік сана рефлексия феноменімен тығыз байланысты. Рефлексия - тұлғаның өзі туралы ойлануы, ішкі рухани дүниесінің тылсым қатпарларына үңілуі. Адам рефлексиясыз өзінің жанында не болып жатқанын түсіне алмайды. Рефлексия деңгейі әртүрлі болуы мүмкін. Рефлексиясы жоғары, өзін танып-білуге, өзіне сыни көзқарас қалыптастыра білген адам міндетті түрде өзгереді. Сана және өзіндік сана туралы айтқанда саналылық аспектісін міндетті түрде қарастыру қажет. Саналылық – адамның өз қылықтарының қоғамдық салдарларын, қоғам алдындағы парызын түсінуі. Саналылық тұлғаның іс-әрекеттерінің адамгершіліктік-психологиялық сипаттамасы болып табылады, адамның өзінің мүмкіндіктері мен мақсаттарын көре білу қабілетіне негізделеді және ол жаны сау тұлғаның қасиеті Бейсаналылық (бессознательное) – адам түсінбейтін психикалық құбылыстардың жиынтығы. Оларға биологиялық түрде тұқым қуалау арқылы берілетін инстинктілер, автоматты түрде жасалатын іс-қимылдар стереотиптері, сезімдік және интеллектуальдік интуиция, түс көрулер, гипнотикалық күйлер және т.б жатады. Қоғамдық сана. Қоғамдық сана – қоғамның өзін-өзі, өзінің қоғамдық болмысын және қоршаған ортаны түйсінуінің (осознание) нәтижесінде пайда болатын қоғамдағы әр түрлі пікірлердің, теориялардың, идеялардың, діни сенімдердің жиынтығы. Ол қоғамдық болмысты бейнелейді, бірақ салыстырмалы түрде белсенді, яғни, қоғамдық болмысты пассивті бейнелеп қана Қоймай, өзі де қоғамдық болмыстың дамуына белсенді әсер етіп отырады. Қоғамдық сана және жеке сана. Жеке сана мен қоғамдық сананың арақатынасын жеке мен тұтастың арақатынасы ретінде қарастыруға болады. Жеке сана қоғамдық сананың бөлігі, оның құрамында қоғамдық сананың элементтері ылғи да болады. Адам өмірге келгенде қоғамда өзіне дейін қалыптасқан өндірістік қатынастарға, қоғамның экономикалық негізіне ғана емес, рухани мәдениет пен мәдени құндылықтар дүниесіне қадам жасайды. Сондықтан да жеке адам қоғамдық сананың принциптерімен және шектеулерімен санасуға мәжбүр. 1) Осы тұрғыдан қарастырғанда қоғамдық сана біршама өзінділікке ие, жеке санадан тәуелсіз, одан жоғары тұрды. 2) Сонымен қатар, қоғамдық сана белгісіз бірдеңе емес. Әрбір нақты дәуірдің, әрбір халықтың қоғамдық санасының біршама «тұлғалық», жекелік сипаты бар. Мысалы, әлемдік философия ғылымының дамуына Сократтың, Аристотельдің, Канттың, Гегельдің, Абайдың қосқан үлестері зор. Яғни, қоғамдық сана мен жеке сана өзара диалектикалық байланыста. Жеке сана қоғамдық сананы байытады, ал жеке сана қоғамдық сананың жетістіктері арқылы жетіліп, дамып отырады. 3) Мұндай байланыстың диалектикалық болатын себебі – ол 
қайшылықты. Жеке сана идеялар өндірісінің маңызды құрылымы бола отырып, кейде оған қарсы да тұрады, дәстүрлерге, үстемдік етіп отырған қоғамдық сананың ережелері мен қағидаларына қарсы әрекет жасайды және дамиды. Осылай болмаса, қоғамдық сананың прогрессивті болуы мүмкін емес, ол тоқырауға ұшырайды. 4) Қоғамдық сана мен жеке сананың бірлігі екеуінің де бір объектіні - қоғамдық болмысты бейнелейтіндігінен де көрінеді. Бірақ, мұндай бейнелеу мазмұны жағынан әр түрлі. Әрбір индивид қоғамдық сананы жалпының жекелік, өзіндік ерекшеліктер призмасы арқылы бейнелейді. 5) Жеке сана қоғамдық санаға толығымен кірмейді. 6) Қоғамдық сана мен жеке сананың арасындағы сәйкестік, үйлесімділік қоғам дамуының анықтаушы факторы болып табылады. Қоғамдық сананың құрылымы. Зерттеушілер қоғамдық сананың құрылымында қарапайым және теориялық, қоғамдық психология және қоғамдық идеология деңгейлерін, сонымен қатар, мынадай түрлерін: саяси сана, құқықтық сана, мораль, дін, өнер, ғылым және философияны атап көрсетеді. Қарапайым немесе әдеттегі сана – адамның қоршаған ортаны бейнелеуінің тарихи жағынан алғанда алғашқы тәсілі, қоғамның рухани өмірінің ажырамас бөлігі. Кейбір ойшылдар қарапайым сананы тоғышарлық сана, жаңаға қабілетсіз деп, төмен бағалайды. Мысалы, осындай менсінбеушілік Гегельде кездеседі, бірақ ол қарапайым сана жалпы адамзаттық мәдениеттің байлығын игеруге талпынса, ғылыми деңгейге дейін көтеріле алады деп сенеді. Ал Кант қарапайым санаға құрметпен қарады. Шынында да, қарапайым сана нақты өмір сүріп отырған адамдардың, қоғамның құрамдас элементтерінің санасы, бір тұлғаның екінші тұлғадан айырмашылығын көрсететін және оларды бір қоғамдық тұтастыққа біріктіретін рухани микрокосм, адамдардың күнделікті өмірлерінің қарапайым уайым-қуаныштарының, үміттерімен түңілулерінің жиынтығы. Қарапайым сананы зерттеу арқылы қоғамның жалпы көңіл-күйі, тыныс-тіршілігі туралы мол мәлімет алуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет