Философия пәнінен емтихан билетінің сұрақтары


Ренессанс дәуіріндегі адамның индивидуалистік түсінігі (Пико делла Мирандола)



бет33/49
Дата17.10.2023
өлшемі188,47 Kb.
#185935
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49
Байланысты:
философия тест ответы

49.Ренессанс дәуіріндегі адамның индивидуалистік түсінігі (Пико делла Мирандола).
50. Жаңа заманның механистикалық антропологиясы (Б.Паскаль, Ж.Ламетри). Л.Фейербахтың антропологизмі.
51.Аксиология және адамгершілік.
52.Этикалық ілімдердің тарихи типтері.


53.Құндылықтар теориясының негіздері. Құндылық ұғымы.
Әлем өзінің байлығымен және алуантүрлілігімен ерекшеленеді. Әлемде рухани-практикалық игеру үдерісі барысында адам болмысты өз құндылықтары арқылы қарастырады. Бұл қоршаған ортадағы заттар , құбылыстар тұлғаның сезімдеріне,ұмтылыстарына сәйкес келетін әлемге деген ерекше эмоционалдық реңге ие болатын қатынасты білдіреді. Адамның әлемге қатынасының ерекшелігі оның өзін және өзге адамдарды, қоршаған дүниедегі заттарды, құбылыстарды,үдерістерді қайырымдылық, әділеттілік, сұлулық пайдалылық т.б.тұрғысынан бағалап, құндылықтар арқылы қарастырумен сипатталады. Жалтырағанның бәрі алтын емес. Құндылықтарды танудағы ең қиын мәселе - нағыз
құндылықтарды жалғандарынан ажырата білу. Ол тек теориялық жағынан алғанда ғана қиын. Біз қайырымдылық пен зұлымдықты ешқайсысына анықтама бермей-ақ ажырата аламыз. Бұл жерде барлығын шайып, күмәнсіз ететін гумандылық өлшемі қызмет етеді. Тіпті барлығы
зұлым болғанда да қайырымдылықтың аты қайырымдылық. Тек қайырымдылық пен адамға қызмет ететін нәрсе ғана нағыз құндылық болып табылады.[1]
Құндылықтар әлемі - сөздің кең мағынасында мәдениет әлемі, адамның рухани әрекетінің саласы, тұлғаның рухани байлығы өлшемін білдіретін, оның адамгершілік санасының, басымдылықтарының саласы. Әрбір мәдениеттің өз құндылықтар кешені бар. Құндылықтар
адам болмысының әр түрлі формаларына деген қатынасты білдіретін адамзат мәдениеті болып табылады. Құндылықтар - өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адамгершілік насихаттарға, еркек пен әйел арасындағы байланысқа, адам өмірінің мәніне деген бағалаушы қатынас. Құндылықтар - материалдық және рухани қажеттілітерді өтеу үдерісіндегі қалыпты нәрселер. Қалыпты мәнге қайырымдылық, сұлулық, әділеттілік идеялары ие болуы мүмкін.[2] Жалпы адамгершілік құндылықтардың мәні мен мазмұндары көне заманнан бүгінге дейін философия, әлеуметтану, мәдениеттану, этика, эстетика, психология, педагогика ғылымдарында кеңінен қарастырылып, қоғам ерекшеліктері мен сұраныстарына орай талданып, жүйеленіп келеді. Құндылықтар туралы алғашқы түсінік ежелге грек ғалымы Сократтан бастау алады. Сократ үшін құндылық адамның өмірді бағалауы екен. Ал Аристотель жақсылық, игілік ұғымдарын жағымды мінез-құлықты, рухани құндылықты бейнелеуде қолданды. Құбылысты, затты жағымды бағалау адам үшін құнды игілікті түсінуге негізделген. Ізгілік сөзі салыстырмалы мағынада белгілі бір жағдайдағы адам үшін жақсылық,пайдалы нәрсе деп түсіндіріледі. Рухани-адамгершілікке тәрбиелейтін ғылым ретінде этиканы белгілеген. Аристотельдің пайымдауында этиканың мақсаты - таным емес, ізгілікке үйрету. Этикалық зерттеулер рухани-адамгершілік дегеннің не екендігін білу үшін емес, осы рухани- адамгершілікке жетудің жолдарын үйрету үшін қажет, олай болмағанда бұл ғылымның пайдасы болмас еді - дейді. Философ Т.Қ. Ғабитов құндылықтар - қасиеттер дей отырып, бұл қасиеттердің бала кезден, ана сүтімен бірге өзінің ана тілі арқылы мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығатындығын ерекше бағалайды. Яғни, философиялық тұрғыдан алсақ, құндылықтар - адам үшін пайдалы мәнге ие болатындардың барлығы, адамзат қоғамының іргелі дамуы мен адамның жеке тұлғасын жетілдіруге тиімді ықпал ететіндерің барлығы құндылық болып табылады. Психологтар құндылықтарды тұлға аралық қатынас тұрғысынан қараудың өзіндік мәні бар екенін айтады.
Құндылық ұғымында құндылық қатынастың обьектісі болып табылатын заттардың сыртқы қасиеттерінің сипаттамасы, осы қатынастың субьектісі болып табылатын адамның психологиялық сапалары, құндылықтың жалпы мәнділігін көрсететін адамдардың өзара қарым-қатынасы ұштасады.
Құндылық - бұл қандай да бір нәрсенің мәнділігі, маңыздылығы, қалаулылығы, пайдалылығы және қымбаттығы. Ол қашанда әлдекімнің бағалылығын, яғни объективті болмысты және сонымен бір мезетте оның әлдекім үшін құндылығын, яғни субъективті бағалауды білдіреді. Дүние құндылыққа толы - материалды, табиғи, көркем және адами құндылықтар. Бір нәрсені екіншісінен артық көру жалпы тірі табиғатқа тән. Аң екеш аңның өзі төлін қызғыштай қорғайды. Дегенмен, құндылықтың антропогенді, яғни адамға тән екендігін баса айту қажет, өйткені барлық жаратылыстың ішінде адам ғана табиғи және мәдени туындыларды, идеялар мен амал әрекеттерді, жалпы басқа адам мен қоғамды, сондай-ақ өзін-өзі бағалауға қабілетті.

Құндылықтар теориясының негіздері
1. Натуралистік психологизм (Дж.Дьюидің 1859-1952 жж. еңбектерімен ұсынылған) құндылықтарды эмпирикалық түрде бақыланатын шындықтың объективті факторлары ретінде қарастырады және олардың қайнар көзі адамның биологиялық және психологиялық қажеттіліктерімен байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, адамдардың кез келген қажеттілігін қанағаттандыратын кез келген нысан құндылық болып табылады.

2. Аксиологиялық трансцендентализм (В.Виндельбанд, 1848-1915; Г.Риккерт, 1863-1936). Мұндағы құндылық объективті шындық емес, идеалды болмыс. Құндылықтар адамның қалауынан тәуелсіз ретінде қарастырылады. Өзіндік мағынаға ие бұл жақсылық, ақиқат, сұлулық өз алдына мақсат болып табылады және кейбір басқа мақсаттарға құрал бола алмайды. Демек, құндылық шындық емес, мұрат, оның тасымалдаушысы «жалпы сана», т.б. трансцендентальды (басқа дүние, одан тыс) субъект. Сонымен қатар, бұл тұжырымдамада құндылықтар адамға тәуелді емес және нақты құндылықтар мен мәдениеттің жалпы негізін құрайтын нормалар ретінде қарастырылады.
3. Персоналистік онтологизм. Бұл бағыттың ең көрнекті өкілі М.Шелер (1874-1928) құндылықтардың объективті сипатын бекітті. Оның пікірінше, олар тұлғаның онтологиялық негізін құрайды. Бірақ объектілерде табылған мәндер олардың эмпирикалық табиғатымен сәйкестендірілмеуі керек. Мысалы, түс өзіне тиесілі объектілерге тәуелсіз өмір сүретіні сияқты, құндылықтарды (жағымды, керемет, жақсы) олар қасиеті болып табылатын заттарға тәуелсіз қарастыруға болады. Құндылықтар туралы білім және олардың ойлауы, сайып келгенде, махаббат немесе жек көру сезіміне негізделген. Құндылықтар жоғарырақ болса, соғұрлым олар ұзаққа созылады және біз олардан қанағаттануымыз жоғары болады. Осы тұрғыдан алғанда, ең аз төзімді - бұл нәпсіқұмарлық пен материалдық игіліктерді қанағаттандырумен байланысты құндылықтар. Жоғары құндылықтар - бұл «әдемі» және «танымдық» құндылықтар. Ең жоғары құндылық «әулие» құндылығы, Құдай идеясы, ал Құдайға деген сүйіспеншілік махаббаттың ең жоғары түрі ретінде қарастырылады. Сондықтан барлық құндылықтардың негізі илаһи тұлғаның құндылығында болады.
4. Құндылықтардың социологиялық түсінігі. Бұл концепцияның негізін салушы М.Вебер әлеуметтану ғылымына құндылықтар мәселесін енгізді. Оның көзқарасы бойынша құндылық – әлеуметтік субъект үшін белгілі бір мәнге ие норма. Осы орайда ол этикалық және діни құндылықтардың қоғам дамуындағы рөлін ерекше атап өтті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет