Философиядағы өнер мәселесі, эстетика тақырыбына конспект жазыңыз



Дата18.11.2022
өлшемі14,18 Kb.
#158759
түріКонспект
Байланысты:
Сабыр Аяжаан
ayazhan

Философиядағы өнер мәселесі, эстетика тақырыбына конспект жазыңыз.
Өнер адамзат өмірқамының ең ертедегі формаларының бірі болып табылады. Алайда бүгінде өмірдің дәстүрлі түсінігі қайта қарастыруды қажет етеді. Өйткені өнер еңбектің, моральдың, діннің қызмет етуін қамтамасыз ететін әрекет түрлерінен жоғары тұрады. Сондықтан да, ең алдымен, өнердің нені білдіретінін ұғынып алу қажет. Профессор Б.Ғ. Нұржанов өз еңбегінде өнер терминінің қазіргі тілде екі мағынада-кең және тар мағыналарында қолданылатынын айтады. Өзінің кең мағынасында өнер адамның барша шығырмашылық жасампаз әрекетін білдіреді және бұл мағынада өндіріс те, тіпті дін де өнер формалары ғана болып табылады. Әсіресе осы мағынасында ол ежелгі грек тілінде көбірек қолданылады: орыстың «искусство» деген терминінен аударылатын «poiesis» сөзі ежелгі гректерде «білім», «туынды », «сана» ұғымдарын да білдіреді. Адам әрекетімен байланысты және осы әрекетінің өнімі болып табылатын барлық нәрселер «poiesisia»- адамзат саласына жатқызылады және ол адамзат жаратпаған табиғи салаға – « physis’y» қарсы қойылады. Өзінің тар мағынасында өнер әр түрлі формалардағы көркем шығармашылық нәтижелері , үдерістері (бейнелеу өнері, музыка, поэзия және т.б ) болып табылады. Дәл осы мағынасы қазіргі әлемде негізгі болып табылады және біз де оны осы мәнде қарастыра отырып, философия мен өнер арасындағы ұштастықтар мен айырмашылықтарды көрсетемін.
Эстетикалық мәдениет— өзінің көпқабаттылығынмен сипатталатын күрделегі құрылым. Қандай да болмасын қоғамның эстетикалық мәдениетінің ілгерілмелі дамуы әлеуметтік прогрестің маңызды белгісі болып табылады. Өз консерватизмімен ерекшелетін кейбір дәстүрлі мәдениеттердің өмір сүруінің өзі тоқырау белгісін көрсетеді. Мұндай мәдениеттер, әдетте, декоративті формаларды, қолөнер бұйымдарын, ғұрыптық, көркем безендіруді, тұрғын үй интерьерін және т.б. кеңейтілген түрінде түрінде емес, жай ғана қайта өңдіріп қоюмен шектеледі. Мәдиеттануда соңғы жылдары мәдениеттің белгілі бір құбылысы мен көріністерін рухани немесе материалдық мәдениет салаларына жатқызу өлшемі деген мәселеге байланысты пікірталас толастамай келеді. Біздің ойымызша, эстетикалық мәдениетке де, рухани мәдениетке де қатысты нәрселерді енгізеді. Бұл мағынада эстетикалық мәдениеттің универсалдылығы айдан анық.. Эстетикалық мәдениет қабаттары көп жағдайда субьекттің рухани күш-жігерін пайдалану негізінде де, әрекеттің практикалық тәжірибесін, шеьерлігін игеру нәтижесінде де құралады. Оның үстіне эстетикалық құндылықтарды қалыптастыру құралдарды, құрылғыларды және т.б . талап етуі мүмкін.
Тіпті музыкат немесе суретші өз ойын жеткізу үшін техникалық құралдарға жүгінеді. Адам өнері мен талантты шығарма тудыру сәтінде не нәрсенің мәнді рөл атқаратынын білу маңызды. Бұл үшін дарындылық пен эстетикалық сұңғылалық қажеттігі айдан анық. Алайда, эстетикалық мәдениет құбылысының рухани немесе материалдық мәдениет саласына жататындығын анықтағанда , ең алдымен, бұл құбылыстың бір рет табылған шешімді немесе шаблонды қайта көшіруі емес, әсресе оның қаншалықты мөлшерде нағыз шығармашылықты білдіретіндігіне көңіл аудару қажет.Өнер адамзат өмірқамының ең ертедегі формаларының бірі болып табылады. Алайда бүгінде өмірдің дәстүрлі түсінігі қайта қарастыруды қажет етеді. Өйткені өнер еңбектің, моральдың, діннің қызмет етуін қамтамасыз ететін әрекет түрлерінен жоғары тұрады. Сондықтан да, ең алдымен, өнердің нені білдіретінін ұғынып алу қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет