Фиолетовый Диагональные Блоки Предложение по Продажам Презентация по продажам



бет2/6
Дата17.10.2022
өлшемі4,42 Mb.
#153478
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Банк ісі СӨЖ Төлеген Ақжан , Шәбдезім Аяжан
ҚМЖ, СОР 8 класс 9, СӨЖ, КВАЛИ, 9780571366019
Чектермен операциялар - "American Express"чектерімен жұмыс жасайды. Сонымен қатар, клиенттен Чекті қолма-қол ақшаға айналдыру үшін оның төлқұжатын ұсыну қажет.

2. Заңды тұлғаларға арналған қызметтер спектрі:


Депозиттер -өз қызметі үшін теңгемен, юаньмен, АҚШ долларымен салымдар тартады. Бұл ретте сыйақы мөлшері мен мерзімдері әрбір жағдайда жеке қаралады;
Кредиттер -ұйым заңды тұлғаларға екі бағдарлама бойынша кредиттер береді: жылжымайтын мүлік кепілімен, сондай-ақ қамтамасыз етусіз кредиттер;
Қытай юаньдарымен операциялар -2010 жылдан бастап ұйым юаньмен операцияларды (валюта айырбастау, депозиттік, сауда-қаржылық және т.б.) жүзеге асырады.
Сервистер
Өз клиенттеріне клиент-банк сияқты өте танымал қызмет түрін ұсынады. Бұл қызметтің негізгі операцияларын келесілер деп атауға болады:
  • есеп айырысу құжаттарының барлық түрлерін электрондық пошта арқылы жіберу;
  • төлем құжаттарын өңдеу;
  • операциялардың осы түрлеріне бақылауды жүзеге асыру.

Депозиттер
Жеке тұлғалар үшін
«Қазақстандағы Қытай Банкі» ЕБ АҚ 2005 жылғы 13 маусымнан №029 куәлігіне сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы.
«Қазақстандағы Қытай Банкі» ЕБ АҚ жеке тұлғаларға теңгемен, юаньмен, АҚШ долларымен валюталарында салымдар ұсынады.
Заңды тұлғалар үшін
«Қазақстандағы Қытай Банкі» ЕБ АҚ ұлтық валютада, қытай юанінде және АҚШ долларында бекітілген мөлшерлемеде ақшалай қаражатты тартады.
Салымның мерзімі және пайыздық көрсеткішінің мөлшерлемесі әр талқылауда жекелей қарастырылады.
Заңды тұлғалар үшін ішінара алу мүмкіндігі жоқ мерзімдік салымдар (депозиттер)

Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі


2005 жылғы 13 маусымдағы № 029 Куәлік негізінде «Қазақстандағы Қытай банкі» АҚ ЕБ депозиттерді міндетті кепілдендіру жүйесінің қатысушысы болып табылады.
Міндетті кепілдендірілген депозиттер жүйесі ҚР-ның 2006 жылғы 07 шілдедегі №169 «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепіллік беру туралы» Заңымен реттеледі. Осы мақсатта депозиттерді міндетті кепілдік беру жүзеге асыру үшін «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ коммерциялық емес ұйымы құрылған. Аталған ұйым 1999 жылы банк ырықсыз түрде таратылған жағдайда депозиторлардың құқығын және заңды мүдделерін қорғау үшін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесіндегі тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында құрылған. ҚР-ның 2012 жылғы 1 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы Банк қызметтерін реттеу және қаржылық ұйымдарда тәуекелділікті азайту туралы заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес жеке тұлғаларға депозиттер бойынша ең көп кепілдемелік өтеу бес миллион теңге өлшемінде қалтырылды.Банктегі барлық жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің ақшалайақы-пұлдары сақтандыруға жатады.
Қор өтем ақшаны банк лицензиясынан айырылған күннен бастап 35 жұмыс күні ішінде төлей бастайды.
Ақша салымшылардың өтініш бергендеріне қарай төленеді. Өтініштерді қабылдауды және ақша төлеуді агент банк жүзеге асырады. Қор оны жұмыс істейтін банктер арасынан конкурстық негізде таңдап алады.
ҚДКБҚ лицензиясынан айырылған банктің міндеттемелерін өзіне алып, депозиттегі бүкіл соманы өтейді, бірақ бір салымшыға төленетін төлемақының шекті көлемі бар.
Кепілдік берілген шекті соманың көлемі депозиттің түрі мен валютасына байланысты:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет