Фирма теориясы. Фирманың неоклассикалық үлгісі Орындаған: Шәріпбекова С



Дата07.02.2022
өлшемі1,03 Mb.
#84519
Байланысты:
Сож Шәріпбекова Сая

Фирма теориясы.Фирманың неоклассикалық үлгісі

Орындаған: Шәріпбекова С

Тексерген:Тургынбаева А

Фирма туралы жалпы түсінік

Фирма деп - өзінің мүліктік жауапкершілігімен коммерциялық іс-әрекетті жүзеге асыруына мүмкіндік беретін белгілі бір мүлкі мен бекітілген құқықтары бар шаруашылық бірлікті айтады

Экономикалық теорияда фирманың бірнеше теориялық бағыттары бар.

  • Фирманың неоклассикалық теориясы.
  • Фирманың институционалдық теориясы.
  • Өндірістік теориясы
  • Келісімдік теориясы.

Фирма немесе кәсіпорын: мәні және теориялық бағыттары

  • Экономикалық теория мен тәжірибеде «фирма» ұғымы коммерциялық қызметпен айналысатын шаруашылық құрылымдар-дың атауын белгілеу үшін қолданылады. Фирма деп өзінің мүліктік жауапкершілігімен коммерциялық іс-әрекетті жүзеге асыруына мүмкіндік беретін белгілі бір мүлкі мен бекітілген құқықтары бар шаруашылық бірлікті айтады. 

Экономикалық теориядағы фирманың бірнеше теориялық бағыттары 

  • Фирманың неоклассикалық теориясы. Бұл теория бойынша фирма өз пайдасын максималдауды көздейтін және қызметі өндірістік функциямен анықталатын технологиялық бірлік ретінде қарастыры-лады. Фирманың басты міндеті болып өндіріс шығындарын минималды деңгейге жеткізетін өндірісі ауқымы мен ресурстардың оңтайлы үйлесімділігін таба білу және өндірістің тиімділігін анықтау табылады. Фирманың неоклассикалық тұжырымдамасы нарықтың тиімділігін, ондағы ақпараттың толықтылығын, бағаның автоматты реттеушілік рөлін, экономикалық субъектілердің ұтымды тәртіптерін фирмалар көлемі мен шығындар деңгейінің бірдей болуын есепке алады. Алайда, бұл жерде фирманың ішкі ұйымдасушылық ерекшеліктері мен шешім қабылдаудың балама нұсқалары ескерілмейді. Сондықтан, осы тұрғыда бұл теория тәжірибеде қатты сыналады. Сонымен қатар, ол фирманың нақты экономикалық субъект ретіндегі шығу тегі, оның өзгерісінің себептері мен тетіктері туралы сұрақтарға жауап бере алмайды.

Неоклассикалық теория– классикалық саяси экономияның идеяларын қазіргі қолдампаздық тұжырымдамалар шеңберінде көрсететін экономикалық ой-пікір бағыты.

  • ХІХ-ғасырдың екінші жартысында экономикадағы барлық зерттеулер жекелеген нарықтық субъектілердің нақты қарым-қатынастарын қарастыруға бағытталады. Ғалым-экономистер шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану мәселелерін зерттеуге талпыныс жасай бастайды. Осыған байланысты экономикалық ғылымның аты өзгерді: «саяси экономия» термині «экономикс» ұғымымен алмастырылады. Олай болса, бұл бағыттың негізін салушылар ағылшын экономисі Альфред Маршалл (1842-1924) мен Артур Пигу (1877-1959) болды. Бұл бағыт негізінде экономикалық теория шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану ғылымы ретінде қарастырылады. Маршаллдың басты назарында тұтынушылар мен өндірушілер өздерінің әл-ауқаттылық дәрежелерін қалайша арттыратындығы туралы мәселелерді талдау жағдайы тұрды. Оның ойынша, әл-ауқаттылықты максималдау тек еркін бәсекелестік жағдайында ғана болуы мүмкін және осы тұрғыда ғана нарық тепе-теңдікке келе алады.

Неоклассиктердің жасаған негізгі талдау құралдары, бүгінде әлемдік экономикалық ғылымның «алтын қорына» жатады. Ол талдау құралдары мыналар болып табылады: шекті талдау, сұраныс икемділігі, нарықтардың өзара тәуелділігі, уақыт факторын ескеру арқылы қысқа және ұзақ мерзімдер арасындағы айырмашылықты көрсету, фирма теориясындағы өндіріс ауқымы тиімділігін талдау, т.б. Неоклассиктердің еркін бәсекелестікті жақтауы және мемлекеттің рөлін бағаламауы (ол тек «түнгі күзетші» қызметін атқарады) тұрғысынан экономикалық теория ХХ-ғасырдың соңына дейін бірнеше онжылдықтар бойы микроэкономикалық талдау шеңберінде дамып келді.

Фирма тұрақтылығының негізгі көрсеткіштеріне мыналар жатады: активтер – жыл аяғындағы негізгі және айналымдағы құралдардың құны өнімдер мен қызметтерді өткеруден бір жыл ішінде түскен ақша құралдарының соммасы сатылу көлемі; нақты негізгі капитал, жер, ғимарат. Амортизациялық құны шегерілген қондырмалар мен жабдықтар; «кэшлоу» пайда мен амортизациялық түсімдердің құралатын кассалық түсімдер бұл фирманың қысқа мерзімді рентабелділігін анықтауға мүмкіндік береді.

Фирмалардың немесе кәсіпкерліктің үш түрін атап кетуге болады: -индивидуалдық немесе жеке кәсіпкерлік; - серіктестік немесе партнерлік; - корпорация (акционерлік қоғам). Фирма теориясында фирмалар тік және көлденең интеграцияланған фирмалар болып бөлінеді. Тік интеграция деп өндірістік процестің ең төменінен оның ең жоғарғы сатысына дейін (мысалы, мұнайды өндіруден бастап одан шығарылған өнімдерді сатуға дейін) айналысатын фирмалар бірлестігін атайды. Көлденең интеграция- бір түрлі бизнеспен айналысатын фирмалардың бірлестігі. Көлденең интеграцияның бір түрі- диверсификация ( ағылшынша – саналуан, көптүрлілік). Бұл бір-бірімен технологиялық байланысы болмайтын, саналуан фирмалардың бірлестігі. Мысалы, химиялық концерн «Дюпон-де Немур» химиялық тал жіп, дәрі дәрмек, рефрижераторлар, ұшақтар өндірісін біріктіріп отыр. Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады.



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет