Фитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы


Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні



бет8/11
Дата29.01.2018
өлшемі2,25 Mb.
#35893
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні


Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесі)










2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)










3. Қол жетімділік

3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)










3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі)










4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)










Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2011 жылғы «5» мамырдағы

№485 қаулысымен

бекітілген
«Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші репродукциядағы тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау»

мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші репродукциядағы тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мекенжайлары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген облыстардың (республикалық маңызы бар қалалның, астананың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет: «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 6-1-бабының 4) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 12 қыркүйектегі № 575 бұйрығымен бекітілген Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші репродукциядағы тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау ережесі негізінде жүзеге асырылады.



4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.kz интернет-ресурсында және осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысанда қағаз тасығышта аттестаттау туралы куәлік беру немесе жазбаша дәлелді бас тарту болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет тұқым шаруашылығы саласында қызметін жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауы тиіс;

2) тұтынушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 30 минуттан аспайды;

3) құжаттарды алу кезінде күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 30 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.



9. Мемлекеттік қызметті осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген жергілікті атқарушы органдар демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз көрсетеді.

10. Мемлекеттік қызмет жергілікті атқарушы органдардың ғимараттарында көрсетіледі, оларда күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға қолайлы жағдай жасалады (құжаттарды толтыру орындары қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жабдықталады).

Мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін пандустар көзделеді.


2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы жергілікті атқарушы органға мынадай құжаттарды:

1) осы Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтінішті (бұдан әрі – өтініш);



2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

3) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының нотариалды куәландырылған көшірмесін (тұқым өткізушілер бермейді). Бұл ретте жер учаскесін жалдау шарты бойынша жалдау мерзімі он жылдан кем болмауы тиіс.

4) жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін (заңды тұлғалар үшін);

5) жеке және заңды тұлғаның осы Стандарттың 4-қосымшасында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды;

6) тұқым өндірумен тікелей айналысатын мамандар туралы мәліметтерді (тегі, аты, әкесінің аты, білімі, жұмыс өтілі) тапсырады.

12. Өтініш бланкі жергілікті атқарушы органның кеңсесінде беріледі, оның нысаны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.kz интернет-ресурсында, «нормативтік құқықтық актілер» бөлімінде, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы» кіші бөлімінде және осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.

13. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті құжаттар осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша тиісті жергілікті атқарушы органның кеңсесіне тапсырылады.

14. Тұтынушыға:

1) құжаттарды қабылдау нөмірі мен күні;

2) сұратылып отырған мемлекеттік қызмет түрі;

3) қоса беріліп отырған құжаттардың саны мен аттары;

4) мемлекеттік қызметті алатын күні (уақыты) және құжаттар берілетін орын;

5) жергілікті атқарушы органның құжаттарды қабылдаған жауапты лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

15. Аттестаттау туралы куәлік тұтынушы өзі келгенде қолма-қол тұтынушының жеке басын куәландыратын құжатты немесе оны алуға арналған сенімхатты көрсеткенде беріледі.

16. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға:

1) тұтынушының осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырмауы;

2) тұтынушының осы Стандарттың 4-қосымшасында көрсетілген біліктілік талаптарына сай келмеуі негіз болып табылады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде жергілікті атқарушы органның жауапты уәкілетті лауазымды адамдары мынадай қағидаттарды басшылыққа алуы тиіс:

1) кішіпейілділік таныту, өзінің лауазымдық жағдайын алға тартпау және пайдаланбау;

2) сыпайы және әдепті болу;

3) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;

4) тұтынушы құжатының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;

5) тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандарттың 5-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Жергілікті атқарушы органдардың жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағым беру тәртібі
20. Жергілікті атқарушы органның әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін тұтынушыға мекенжайлары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген жергілікті атқарушы органның заң қызметінің маманы түсіндіреді.

21. Егер тұтынушы мемлекеттік қызмет нәтижесіне қанағаттанбаған жағдайда, тұтынушы шағымды жазбаша түрде облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің атына жібере алады.

Шағымдар осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша жергілікті атқарушы органдардың кеңселерінде жазбаша түрде пошта арқылы немесе қолма-қол қабылданады.

22. Дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда шағым осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша жергілікті атқарушы орган басшысы орынбасарының атына демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін беріледі.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

24. Шағымдар жазбаша түрде жергілікті атқарушы органның жазбаша дәлелді бас тартуының көшірмесімен немесе өзге құжаттармен бірге қабылданады.

25. Қабылданған шағым осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген жергілікті атқарушы органдардың кеңселерінде ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі. Шағым берген тұтынушыға тiркелген күнi мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты мекенжайлары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген жергілікті атқарушы органдардың кеңселерінің қызметкерлерінен алуға болады.



Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.

26. Жергілікті атқарушы органдардың байланыс телефондары осы Стандарттың 1-қосымшасында және жергілікті атқарушы органдарда орналасқан стендтерде көрсетіледі.

«Бірегей, элиталық тұқым, бірінші,

екінші және үшінші репродукциядағы

тұқым өндірушілерді және тұқым

өткізушілерді аттестаттау»

мемлекеттік қызмет стандартына



1-қосымша
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының мекенжайы мен телефондары
Астана қаласы

«Астана қаласының әкімдігі» мемлекеттік мекемесі,

Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11; тел: 8(7172) 55-64-08; факс. 55-72-75

Е-mail: ushastana@mail.ru

 

Алматы қаласы

«Алматы қаласының әкімдігі» мемлекеттік мекемесі,

Алматы қаласы, Республика алаңы, 4; тел/факс 8(7272) 72-02-85

Е-mail: otdelselhoz@mail.ru

 

Ақмола облысы

«Ақмола облысы әкімдігі» мемлекеттік мекемесі,

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 85; тел/факс 8(716-2) 25-07-72, 25-55-11;

Е-mail: akm_shu_disp@mail.ru, kanz_akim@mail.kz

 

Алматы облысы

«Алматы облысы әкімдігі» мемлекеттік мекемесі,

Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 38 тел. 8(7282) 27-08-18

Е-mail: obl_dsh@almaty-reg.kz, tkoblakimat@global.kz

 

Атырау облысы

«Атырау облысы әкімдігі» мемлекеттік мекемесі,

Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77; тел. 8(7122) 35-45-03

Е-mail: atirauagro@mail.ru

 

Ақтөбе облысы

«Ақтөбе облысы әкімдігі» мемлекеттік мекемесі,

Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы, 40; тел: 8(7132) 56-03-07, факс 54-17-39

Е-mail: ush_zemledelie@mail.ru, do.aktobe@minagri.kz

 

Шығыс Қазақстан облысы

«Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі» мемлекеттік мекемесі,

Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40; тел. 8(7232) 26-42-48

Е-mail: ispaev@yandex.ru
 Жамбыл облысы

«Жамбыл облысы әкімдігі» мемлекеттік мекемесі,

Тараз қаласы, Абай көшесі, 125; тел: 8(7262) 43-28-94

 

Батыс Қазақстан облысы

«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі» мемлекеттік мекемесі,

Орал қаласы, Достық көшесі, 179; тел/факс 8(7112) 51-35-41, 45-29-27

Е-mail: dshzko-zemotdel@rambler.ru, dshko-zemotdel@rambler.ru

 

Қарағанды облысы

«Қарағанды облысы әкімдігі» мемлекеттік мекемесі,

Қарағанды қаласы, Бейбітшілік көшесі, 39; тел/факс 8(7212) 42-10-80

Е-mail: dsh_canc@krg.gov.kz

 

Қостанай облысы

«Қостанай облысы әкімдігі» мемлекеттік мекемесі,

Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66; тел/факс 8(7142) 57-50-03

Е-mail: dsh-zem@kostanay.kz, www.kostanay.kz; e.kostanay.kz

 

Қызылорда облысы

«Қызылорда облысы әкімдігі» мемлекеттік мекемесі,

Қызылорда қаласы, Жақай көшесі, 76; тел. 8(7242) 26-26-44

Е-mail: sh_kyzyl@mail.ru

 

Маңғыстау облысы

«Маңғыстау облысы әкімдігі» мемлекеттік мекемесі,

Ақтау қаласы, 14-шағын аудан, 1-үй.; тел: 8(7292) 31-17-77

Е-mail: so.mangistau@rambler.ru

 

Павлодар облысы

«Павлодар облысы әкімдігі» мемлекеттік мекемесі,

Павлодар қаласы, Академик Сәтпаев көшесі, 49; тел. 8(7182) 32-25-67

Е-mail: kense.dsh@pavlodar.gov.kz

 

Солтүстік Қазақстан облысы

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі» мемлекеттік мекемесі,

Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58; тел. 8(7152) 46-24-52, факс 36-07-45

Е-mail: dshagr@mail.ru, akimat@SKO.kz, akimat@petr.kz

 

Оңтүстік Қазақстан облысы

«Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі» мемлекеттік мекемесі,

Шымкент қаласы, Тәукехан көшесі 6, тел. 8(7252) 53-03-33

Е-mail: dsh_uko@mail.ru

«Бірегей, элиталық тұқым, бірінші,

екінші және үшінші репродукциядағы

тұқым өндірушілерді және тұқым

өткізушілерді аттестаттау»

мемлекеттік қызмет стандартына

2-қосымша


Каталог: docs
docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет