«Физика- біздің айналамызда»


V бөлім «Физика-ақынның тілінде»



бет6/7
Дата20.12.2021
өлшемі38,34 Kb.
#103680
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
0005d4be-e4c7c978
0006c247-2162ccf9 (1)
V бөлім «Физика-ақынның тілінде»

Тапсырма: Оқушыларға физика жайлы лирикалық өлеңдерді ақын образына, өз мәнеріне келтіріп оқу.

І топ. Гук тобы(7 кл)

  1. Физика!
    Физика ғылым болғалы,
    Пайдасын елге тигізді:
    Машина, темір арбаны,

Алысқа жылдам жүргізді.

2. Жарық қып жерді қараңғы,
От жақпай суды қайнатты.

Шөліркеген далаңды,
Су жеткізіп жайнатты.

3. Мың шақырым қашықта,
Сөйлеген жанды үйінде,
Сыйғызып көк қапшыққа,
Көрсетті сол бір күйінде

4. Физика заңымен Архимед,
Көрсе де біршама тауқымет,

Патшаның тәжінің қаншасы,
Таза алтын екенін айтып ед!

5. Жатқанда алма ағаш қасында,
Түскен кеп бір алма басына,
Ньютонды әйгі еткен әлемге,

Тартылыс күші сөйтіп ашылған.

6. Физика ғылымдар ғылымы
Заңдары нақты әрі ғұмырлы,
Жас досым мұны біз ұғайық.

Физика құрметтеуге лайық.

ІІ топ. Кулон тобы(8 кл)

  1. Физика!
    Ғылымдардың нақтысы,
    Жалқаулықты сүймейтін,
    Оңайлықпен бас имейтін,
    Көп оқымасаң миыңа кірмейтін,
    Жалпылауды білмейтін
    Пәннің қиын да жақсысы!

  2. Физика!
    Оның қиындығы сонда,
    Ұстауға келмейтін қолға,
    Көрінбейтін көзге торға,
    Бөлшектерді іліп,
    Санайтынын қайтерсің,

Ол, ол ма?
Исі жоқ, ізі жоқ,
Дәмі жоқ, түсі жоқ,
Өріспен
Қуалап салар жолға!

  1. Физика!
    Өте ұсақ пен алыпты,
    Мұнай мен жарықты,
    Пайдаланып,
    Не бір техникаға жарытты.
    Тұрмысты жеңілдетіп,
    Қиындықтан арылтты.
    Жасай бер жаса физика!
    Оқумен сені қызыға,
    Көп сырға жаным қанықты.



ІІІ топ. Ньютон тобы (9 кл)


  1. Шытырман физика есебін,
    Көп оқып, көп білген шешеді.
    Физика үйіңде, тұрмыста,

Неліктен жауады қар қыста?

2. Қалайша бұлт пайда болады?
Найзағай тіледі ауаны,
Жарықта қанша түс болады?
Қане кім жауабын табады?

3. Күн нұры қайтіп ток болады
Ток қалай мұз жасай алады
Тауықсыз балапан баса алған
Бұл ғажап физиктер жасаған!

4. Табиғат сырын аштырған
Тоқпен қазан астырған
Миллион гектар астықты
Комбайнмен бастырған

5. Жол салып көкті тілгілеп,
Шарлады айды, марсты.
Физиканы оқы білгің кеп,
Тұрса егер ғажап алысты.

6. Физика – ғажайып әлемі
Көп онда қызықтар әдемі,
Физика қоршаған жан - жағың,
Бәрінен құр босқа қалмағын!

7. Ұққанға табиғаттың сыры терең,
Дегенге оқып, зерттеп, көрем, білем,
Демесең болсын егер еңбегім еш,
Әуелі физиканы оқы дер ем.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет