Физика 9 Ә сынып



Дата10.04.2024
өлшемі2,34 Mb.
#200690
түріСабақ
Байланысты:
9 Ә, Б 23-25.01

«Миға шабуыл» әдісі

Физика 9 Ә сынып

Сабақтың тақырыбы:

Тербелмелі қозғалыс

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

9.2.5.1 - еркін және еріксіз тербелістерге мысалдар келтіру;

9.2.5.2 - эксперименттік әдіспен амплитуда, период, жиілікті анықтау;

Сабақтың мақсаты:

• Еркін және еріксіз тербелістердің ерекшеліктерін сипаттайды, формулаларды қолданып, период, жиілік, циклдік жиілікті анықтайды;

• Еркін және еріксіз тербелістерге мысалдар келтіреді.

Тапсырма №1 (ресурс 1) • Тербеліс жиілігі - бірлік -дене қозғалысы толығымен қайталанып отыратын ең аз уақыт аралығы. • Тербеліс периоды - уақыт ішіндегі тербелістер саны. • Тербеліс амплитудасы - дененің тепе-теңдік күйінен ең үлкен ауытқуы. • Тербелмелі қозғалыстар – бірдей уақыт аралығында қайталанып отыратын қозғалыстар.

Тапсырма №2 (ресурс 2) Рөл Аудитория Форма Тақырып I топ Сынып оқушылары Еркін тербеліс II топ Сынып оқушылары Еріксіз тербеліс 1 топ тапсырмасы • Еркін тербелістер деп қандай тербелістерді айтады? • Еркін тербелістер неліктен өшеді? • Еркін тербелістерді өшірмеу үшін қайдай әрекеттерді орындау қажет? • Еркін тербілістерге мысалдар келтіріңдер. 2 топ тапсырмасы • Еріксіз тербелістер деп қандай тербелістерді айтады? • Еріксіз тербелістер өшеді ме? Неліктен? • Еріксіз тербелістердің амплитудасы жиілікке тәуелді ме? • Еріксіз тербілістерге мысалдар келтіріңдер.

Тапсырма №3 (ресурс 3) (ЕБҚ) 1. Суретте берілген тербелістердің қай тербеліске жататанын анықтаңдар? 2. Еркін және еріксіз тербелістер кезінде дене координатасының уақытқа тәуелділік графигі қалай өзгеретінін түсіндіріңдер. 3. Еркін және еріксіз тербелістердің ерекшеліктерін сипаттаңдар. Еркін тербелістер Еріксіз тербелістер

Тапсырма №4 (ресурс 4) 1940 жылы АҚШ-тың Вашингтон штатында орналасқан Такома аспалы-тербелмелі көпірі іске қосылып, тұрғындардың игілігі үшін қолданылуға берілді. Бір күні көпір үстінен әскери-солдаттар саптық шерумен жүріп өту кезінде, көпір қатты тербеліп, көпірдің тоқыма шынжырлары үзіле бастады. Осы оқиғадан кейін көпір қолданыстан шығарылды.

1. Тербелмелі көпірдің қозғалысын қай тербелістің түріне жатқызуға болады? 2. Өмірде көпір тербелісіне ұқсас қандай тербелі жүйелерді білесің? 3. Жүйеде еріксіз тербеліс орындалу үшін, қандай шарттар сақталу керек? 4. Көпірдің шынжырлары солдаттардың саптық шерумен жүріп өту кезінде неліктен үзілді? 5. Көпірдің шынжырларының үзілмеуін болдырмау үшін қандай сақтық шараларын ұсынар едің?

Кері байланыс

Сабақтың соңы:

§ 24, 24 жаттығу



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет