Физика пәні педагогтарының кәсіби құзырлылығын арттыру-білім алушылардың құзіреттілігін көтерудің шарты



Дата28.04.2024
өлшемі37,29 Kb.
#201502
Байланысты:
Физика пәні баяндама Жанұзақова С


Физика пәнінің мұғалімі
Жанұзақова Сауле Айғалиқызы

Физика пәні педагогтарының кәсіби құзырлылығын арттыру-білім алушылардың құзіреттілігін көтерудің шарты.
Елімізде білім жүйесін дамыту талаптарына сай оқушыларға терең білім және тәрбие беру, оларды жан–жақты дамыту бүгінгі күннің басты мәселесі. Білім және тәрбие беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз ететін үздіксіз үрдіс.
Қоғамның педагогикалық білімді мамандарға қоятын талаптары қазіргі таңда күрделене түсуде. Жаңа қоғам мұғалімі – ол рухани адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі мол, белсенді, жасампаз, жан-жақты білімді, кәсіби құзыретті, өз теориялық білімін практикада әр түрлі педагогикалық технологиялармен жүзеге асыра алатын өз кәсібінің шебері бола білуі қажет.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Білім және кәсіби машық - заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемелекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет», - деп атап көрсетті.
Білім берудің мазмұнын жетілдіре отырып, үздіксіз білім беру арқылы оларды кәсіби тұрғыдан жан-жақты жетілдіру мәселесі бүгінде мемлекет тарапынан қолға алынып, болашақта атқарылатын істер жоспарына енгізіліп, күн тәртібіне қойылып отыр.
Оқушының өз мүмкіндігін шамалау мен нақты кәсіби жарамдылығының арасындағы қайшылық және кәсіби құзыреттілікті меңгеру үдерісі мен нәтижесінің практикада қолданылуының тұрақсыздығынан туындайтын қайшылықтарды да кездестіреміз. Оқыту үрдісінде оқушылардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың түрлерін, оны ұйымдастыру жолдарын саралап, педагогикалық үрдісте оқушылардың белсенділігін арттыратын тиімді әдістер іріктеліп орынды қолданылса, теория мен педагогикалық практика нәтижелерін байланыстыру жүйелі жүзеге асырылса, онда оқушылардың кәсіби құзыреттіліктері қалыптасады.
Білім беру жүйесіндегі жаңа білім парадигмасы білім, білік, дағды жиынтығын толық меңгерген, қоғам өміріне белсене араласатын, шығармашылықпен ойлайтын, өзін-өзі көрсете алатын, өздігінен ақпаратты іздеп, талдайтын және оны дамытуға қабілетті, кәсіби құзыретті жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Мектеп білім беру мен тәрбие жұмыстарының талапқа сай жетілдірілуі оқушылардың кәсіби құзыреттлігінің қалыптасуына зор ықпал етеді.
Білім беру мен тәрбие жұмыстарының талапқа сай жетілдірілуі оқушылардың кәсіби құзыреттлігінің қалыптасуына зор ықпал етеді. Оқытудың дәстүрлі жүйесінде тұрған мақсат - әлемдік білім кеңестігіне ене отырып бәсекеге қабілетті тұлға дайындауда адамның құзырлылық қабілетіне бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну.
«Құзыреттілік» ұғымы бүгінгі күні оқыту үрдісінде білімді қолданудың ақырғы нәтижесі ретінде қарастырылуда. Оқыту үрдісінде «құзыреттілік» ұғымы оқушылардың білімі мен тәжірибесін, дағдылары мен біліктерін белгілі бір мәселені шешуде қолдануы. Оқыту үрдісіндегі құзыреттіліктерге ғалымдар әртүрлі анықтамалар берген.
Ғалымдардың пікірлерін басшылыққа ала отырып, біз «құзыреттілік» ұғымына – оқушылардың жеке тұлғалық психологиялық ерекшеліктеріне байланысты меңгерген білімдерін, дағдылары мен біліктерін, танымдық және тәжірибелік іскерлігін өмірде дұрыс қолдануы деген анықтама бере аламыз.
Оқушылардың кәсіби құзыреттілік мәселелері туралы пікірлер отандық және шетелдік ғалымдар, педагогтар, психологтар еңбектерінде көрініс табуда. Бүгінгі күні шетел ғалымдарының еңбектеріндегі кәсіби құзыреттілік анықтамалары «тереңдетілген білім», «міндетті шешудегі теңдік жағдайы», «қызметті орындаудағы қабілеттілік» ұғымымен мағыналас болып келеді. Осыдан «кәсіби құзыреттілік» ұғымы туралы бірыңғай пікірдің жоқ екендігі байқалады. Көбіне бұл ұғым кәсібиліктің жоғары деңгейін бейнелеуде қолданылады. Кейбір авторлардың еңбектерінде «кәсіби құзыреттілік» ұғымы «кәсіби қызметке даярлық» және «педагогикалық кәсібилік» ұғымымен теңестіріледі.
Қазіргі педагогика сөздігінде «кәсіби құзыреттілік» адамның өзіндік кәсіби білім деңгейімен, тәжірибесімен және жеке қабілеттерімен, өз білімін үздіксіз көтеруге ұмтылысымен, өзін-өзі жетілдірумен, іске деген шығармашылық және жауапты қатынасымен анықталады. Осыдан келіп, «кәсіби құзыреттілік – оқушының жеке бас сапалары мен оның психологиялық-педагогикалық және теориялық білімінің, дидактикалық біліктілігі мен қабілетінің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің жиынтығы» деп анықтама беруге болады.
Кәсіби құзыреттілік ең алдымен оқушылардың ақпаратты сауаттылығы мен кез-келген мәселені дұрыс шеше білу қасиетінен көрініс табады. Оқушы қоғам талабына сай өзін-өзі үздіксіз жетілдіріп отыратын, кәсіби білімді, жаңа технологияларды меңгерген, ортамен қарым-қатынасқа тез бейімделе алатын, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, тәжірибесі мол т.б. қасиеттерді жинақтағанда ғана кәсіби құзыретті маман бола алады.
Оқушының кәсіби құзыреттілігі кәсіби және жеке сапалардан құралады. Кәсіби құзыретті деп өзінің педагогикалық әрекетін жоғары дәрежеде жүргізе алатын, қарым-қатынасқа әрдайым дайын, педагогикалық үрдісте үнемі оң нәтижелерге қол жеткізіп отыратын маманды атауға болады. Қазіргі білім беру жүйесіндегі өзгерістер оқушылардың кәсібилігінің артуын, яғни кәсіби және әдістемелік құзыреттілігін арттыруды қажет етеді.
Оқушыларының кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру арқылы да жүзеге асады. Кәсіби құзыреттілікті өзіндік жұмыстар арқылы қалыптастырудың түпкі мақсаты – оқушыларды белсендi ой қызметiн, әр түрлi танымдық мәселелердi өздiгiнен шешуге, бұрынғы меңгерiлген бiлiмдi қолдануға ұмтылысы бар оқыту үрдісінің субъектісі етіп тәрбиелеу. Ғалымдардың педагогикалық-психологиялық зерттеулерінде оқушылардың тапсырмаларды өздігінен орындауы олардың танымдық қызығушылықтарын арттырып, танымдық белсенділікке, шығармашылықпен жұмыс жасауына дағдыландырады деген пікірлер кездеседі. Сондықтан оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын сапалы ұйымдастыру арқылы олардың жеке тұлғалық қабілеттерін нығайтуға, дамытуға, кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыруға болады деген тұжырым жасалады.
Мектеп оқушыларының кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруды мынадай әдістер көмегімен айқындауға болады:
1) арнайы өз бетімен орындауға арналған тапсырмалар жүйесі;
2) жобалау әдісі;
3) шағын топтағы диалогтық (Сократтық әдіс), проблемалық жағдаяттар.
Оқушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда қолданылатын кейбір әдістерге тоқталайық.
Сократтық әдіс ерекшелігі – әдіс қарапайым өмірлік ситуациялар негізінде құрылады. Шындықты бірлесе іздеу – білім берудегі ең басты тәсіл. Сократтың оқушылармен әңгімесі дәстүрлі тақырыптардан басталған. Диалогты өрістете отырып, оны құрамдас бөліктерге ажырата отырып, оның әрбір талқылау тармақшасынан жаңа сұрақтар тудырып, өзімен бірге ойлануға дайын адамдардың ойын шындықты іздестірудің қиын жолына апарған. Ойдың туындауына көмектесе отырып, Сократ бірде бір көзқарасты назарынан тыс қалдырмаған, алдын ала ешбір көзқарасқа жақтаспай, әңгімелесушілерді өзін-өзі жоққа шығаруға қатыстырған, осылайша, беделге емес, тек дәйектерге сенуге үйреткен. Сократтың пайымдауынша, педагог ештеңені қалыптастыру керек емес, ол басқа адамдарда даналықтың туындауына жағдай жасауы керек.
Топтық жұмыстың мәні - бірлескен жұмыс барысында қойылған міндетті шешу (оқу, т.б.), топ мүшелеріне қолдау көрсету.
Еркін микрофон әдісінде топқа біріктірілген оқушылар өз бетімен іздене отырып, мамандықтың мәні жайында қысқаша әңгімелер, эссе даярлап, оны жалпы талқылауға салды.
Миға шабуыл технологиясы бойынша әртүрлі сұрақтарды пайдалана отырып берілген сұрақ немесе зерттелетін проблема бойынша көп идеялар жинақтау. Идеялар сыналмайды және комментарий берілмейді.
Жобалау әдісі педагогикалық технология ретінде – бұл мәні бойынша шығармашылық болып табылатын зерттеу, ізденіс, проблемді әдістердің жиынтығы.
Іскерлік ойынның мақсаты оқушылардың кәсіби және әлеуметтік қалыптасуы үшін үлкен мүмкіндіктер береді. Колледж оқушыларының кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған әдістермен жұмыс істеу барысында коммуникативтік дағдылары қалыптасып, қарым-қатынаста өзгені үғыну мүмкіншіліктері артты, өздігінен ізденіп ой қорытуға деген қызығушылықтары оянды, әр түрлі педагогикалық жағдаяаттарды талдау мен оны практикада қолдану іскерліктерін меңгерді.
Білім берудегі жаңа басымдықтар – ізгіліктік педагогика, оқушылардың тұлғалық әлеуетін анықтау және дамыту, әлеуметтік үдерістер мен тұлғааралық қарым-қатынастарды ұйымдастырудың ерекше формасы ретінде танылатын оқыту үдерісінің тиімділігін арттыру болып отыр. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер, республиканың әлемдік деңгейде білім беру жүйесіне жетуде жасаған қадамдары осы кезге дейін педагогика теориясы мен практикасында бекітілген білім беру парадигмаларын, жүйелерін, әдістерін, формаларын жетілдіру талабын қойды.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасауда. Оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне оқыту мен тәрбие берудің соңғы әдіс - тәсілдерін, инновациялық технологияны игерген, психологиялық, педагогикалық жұмыста қалыптасқан, ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс - әрекет үстінде өзіндік даңғыл жолын салуға икемді, шығармашылық педагогикалық зерттеуші болуды талап етеді.
Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығуын арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Сол себепті оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Жан - жақты ізденістің нәтижесінде білім беру саласында жаңа педагогикалық технологиялардың саны да, сапасы да өсіп келеді. Технология – белгілі бір істегі адамның әдісі, шеберлігі. Осы шеберлік арқылы мұғалімнің өз сабағын оқушыға жоғары сатыда жеткізуіне мүмкіндік береді. Мұғалім үнемі шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасап отырса жаңашылдыққа жақын болғаны. Өзгелердің үлгісін өз ісінде пайдалана білсе, оған өзіндік қолтаңбасын қосып отырса – оқушы тәрбиелеу мен білім берудегі жетістігі сол болмақ. Қазіргі педагогикалық әдебиеттерден 50 - ден астам оқыту технологиялары қолданысқа енгізілгені белгілі болып отыр.
Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыруға белсене қатысатындар, кең байтақ Қазақстанның байлығына ие болатындар, сол байлықты өз иелігіне жұмсайтындар, сөз жоқ, қазіргі мектеп қабырғасында жүрген біздің оқушыларымыз екеніне ешкім күмән келтіре алмайды. Менің де мұғалім ретінде алдыма қойған мақсатым – оқушыларға ұлттық педагогикалық тәрбие мен білім берумен қатар олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Сол себепті сабақты идеялық жағынан ғылыми негізде, өмірмен байланысты ұйымдастыру оқушының қызығуын, білім құмарлығын таныту, әр сабақта оқушыларды ойлануға, өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша жинақтап баяндай білуге, мәдениетті сөйлеуге үйрету арқылы ұлттық әдет - ғұрыпты бойына сіңіруге дағдыландыру - әрбір ұстаздың абыройлы борышы.
Бүгінгі таңда біздің еліміздің саяси экономикалық дамуындағы жасалып жатқан инновациялық қадамдар білім беру жүйесіне жаңа талаптар қойып отыр. Аталған талаптар мұғалімдер қауымының көп ізденуін, әлемдегі ең озық деген әдістемені меңгеруін, дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастыра білуін қажет етеді.
Осыған орай еліміздің әр өңіріндегі «Педагогикалық шеберлік орталықтары» Кембридж университетінің бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарын жаңаша ұйымдастырылып өткізілуде.
Мұнда «Үшінші деңгей бағдарламасы бойынша оқыған мұғалімдер өздерінің оқыту тәжірибесіне өзгеріс енгізуге назар аударатын болса, Екінші деңгей бағдарламасы бойынша оқыған мұғалімдер коучинг пен тәлімгерліктің көмегімен өз мектептеріндегі әріптестерін оқытып, солардың тәжірибесін өзгертуге күш салады. Ал Бірінші деңгей бағдарламасы оқытуды басқару мен көшбасшылық мәселелерін көтеруге бағыттылған» (Мұғалімге арналған нұсқаулық, Ідеңгей)
Бұрын кейбір мұғалімдердің ойында «өз пәнімді жақсы білем, аздаған жаңаша педагогикалық әдіс-тәсілдерді меңгерсем болғаны, қалғаны өз еркімде «мықты мұғалім» болып шығамын» деген тоқмейілсу болса, осы курстардың алғашқы «Бетпе-бет» аудиториялық кезеңінде-ақ осындай ұстаздардың бәріне бұндай көзқарасын өзгертуге тура келеді.
Осы курстың арқасында мен де өзімнің бұрынғы сабақ беру әдістемем туралы түсінігімнің өзгергенін байқадым.
Мен сөзімді Чернышевскийдің сөзімен айтатын болсам«Егер біздің балаларымыз шын мәнісіндегі білімді адамдар болғысы келсе, олар өз беттерімен шұғылдану арқылы білім алуға тиіс», себебі қазіргі оқытуға жаңа көптеген өзгерістер енгізіліп отыр. Соның бірі біз оқып шыққан Педагогикалық шеберлік орталығымен Кембридж Университеті бірлесіп әзірлеген оқудағы жаңа әдістемелер мен технологиялар. Келешектегі мұғалімдік тәжірибемдегі ендігі мақсат – заман талабына сай құзіретті тұлға қалыптастыруда жеті модулді жүйелі қолдана отырып, өз тәжірибемді толықтыру, жетілдіру болмақ.
Бірақ өзім үшін кейбір жағдайлар әлі де қиындау соғып жатқаны жасырын емес. Психологиялық ахуал – сабақтың табысқа жетуіне немесе кері кетуіне әсер етеді.Сондықтан тәжірибе барысында сыныптағы психологиялық ахуалға ерекше мән бердім, нәтижесінде оқушыларымның өздерін еркін ұстауын байқадым.Осы орайда өзімнің 9-сыныпта физика пәнінен өткен бір сабағыма тоқтала кетсем:

физика № - сабақ

Сыныбы, күні

9 -сынып, 2013

Сабақ тақырыбы

Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және орын ауыстыру

Сілтемелер

Физика және астрономия 9-сынып оқулығы,электрондық оқулық,ДК

Жалпы мақсаттар

Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және орын ауыстыру туралы түсінік алуға жетелеу.
2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қортындыларын жасауға жетелеу.



Күтілетін нәтижелер

Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және орын ауыстыру формулаларын біледі, есептеп шығара алады.

Түйінді идеялар

  • Сыни ойлауы мен сыни көзқарасы қалыптасады

  • Топтық мүдде, ұжымдық әрекет орнайды

Орындалатын іс әрекет

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің орындалатын іс әрекеті

Оқушының орындалатын іс әрекеті

Оқыту тәсілдері

І Ұйымдастыру кезеңі

А) «Күн сәулесін төгеді»
Ойсергек әрі топқа
бөлу
(5 минут)



Оқушылар естіген есімдер бойынша орын ауыстырады, топтасады.
.

Психологиялық дайындық

Топтық жұмыс



ІІ Мақсат қою кезеңі

Сабақ мақсатын хабарлау
(2 минут)



Сабақ мақсатын белгілеуге қатысады




2.Үй тапсырмасын сұрау
1.Теңайнымалы қозғалыс деп қандай қозғалысты айтады?
2.Теңайнымалы қозғалыс кезінде жылдамдық қалай өзгереді?
3.Үдеу дегеніміз қандай физикалық шама?
4.Үдеу қандай формуламен өрнектеледі,өлшем бірлігі

«Ыстық орындық»берілген сауалдар бойынша оқушы шығып, жауап береді

Оқушылардың бір-бірін бағалауы




3.Жаңа сабақ



Екі топқа жаңа сабақты оқып,түсіндіру жұмысы тапсырылады.
«Айналмалы бекеттер»
Топтардың бірін-бірі толықтыруы



Әр топ жаңа сабақты оқып,постерге (флипчарт)түсінгендерін түсіреді.

Сағат тілімен 2 топ бір-бірінің флипчардқа түсірген тұжырымдарымен танысу арқылы өз білімдерін толықтырады



Бірлескен топтық жұмыс

Өзара оқыту, бірін-бірі бағалау



ІV Түсінгенін тексеру кезеңі



Топтар жасаған жұмыстарын флипчарт арқылы тексереді





.
Топтар жасаған жұмыстарын флипчарт арқылы айтып,түсіндіреді,қорғайды


V Жаңа сабақты бекіту кезеңі



Оқулықтағы 4-жаттығу есептерін топтарға бөліп беру

Оқушылар топта есептерін шығарып,тақтаға орындайды.




VІ Бағалау,



Табыс критерийін құру
1.Теңайнымалы қозғалыс қандай қозғалыс екенін біледі
2.Теңүдемелі,теңбаяулайтын қозғалыстар туралы
3.Үдеу,оның белгіленуі,формуласы,өлшем бірлігін біледі.
4.Үдеу формуласынан V таба алады
5.орын ауыстыру формуласын біледі.

Бірін-бірі бағалайды.

Оқушылар өз тобындағы мүшелерінің жауаптарын саралайды.





Өзін-өзі бағалау
Сұқ саусақ



VІІ Үйге
тапсырма
беру оқып,4-жаттығуды аяқтау.

Тапсырманың орындалу тәртібін түсіндіру

Сабақ бойынша туындаған сұрағын, әсерін жазады



Рефлекция



Мен үшін ең тиімді сабақ ол – нәтижелі сабақ. Ал сабақтың нәтижесі оқушылардың іс – әрекетінен көрініс табады. Менің байқағаным әлі де оларда еркін ойлау жетіспей жатыр. Өзгерістер болады деп ойлаймын. Әрине бір сарынды оқуға қалыптасқан баланы топтық жұмыспен еркін ұстау, жаңа тәсілдермен оқыту қиын екен. Бірақ, балаларыма қатты ұнады. Олардың көздерінен күнде мұғалім бүгін қызықты не әкелді екен? Сабақ қалай өтеді? дегенді жанарларынан оқып маған да сабақ беруіме бір жаңаша құлшыныс пайда болды. Сондықтан осы жасап жатқан жұмыстың жемісін көрейік деп ойлаймын.
Менің түсінгенім жіберілген қателіктерді түзетуге ешқашан кеш емес тек, осы мақсатқа жету жолында талмай жұмыс атқаруымыз керек.
Сонымен қолданған әдіс тәсілдер арқылы нәтижеге жетуге болатынына көзім жетті.Дұрыс па, бұрыс па деген ұғымды ұмыту керек пе деймін. Әр адам бір тұлға деп есептеп, пікірін, ойын бағалау керек. Курстың да мақсаты да осы емеспе? Үлгібойыншажұмысжасаудыұмытукерек. Кембридждіктәсілдіңоқушыларға да, мағанда болашақта тигізер пайдасы зор екеніне сенімдімін. Бұл курста мен оқыту жүйесіне жаңа көзқараспен қарайтын болдым, себебі өзіме жақсы әсер қалдырды. Оқушылардың оқуға деген ынтасы мен қызығушылықтың одан да арта түсетініне сенемін.
Мен сөзімді «Ғылымды сүйген және жақсы меңгере білген мұғалім ғана оқушыларына терең де мағыналы білім бере алады» деген ұлы ғалым Д. И. Менделеевтің сөзімен аяқтағым келіп тұр.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.


2. Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы. ЖШС «Дайыр Баспасы», 2010 ж.
3. Жолдасова Б.Б. Инновациялық технологияларды білім беруде қолдану. Білім, №5, 2007ж.
4. Ж. Иманғазиева. Интерактивті тақтаны тиімді қолдану. «Информатика негіздері», №2-2011ж.
5. М. Құбашева. Жаңа ақпараттық технологиялармен оқыту. «Информатика негіздері», №4-2011ж.
6.Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ (2012)
7.Жеті модуль идеяларына қатысты ойларым (интернет желісінен) (2012)
«Мәншүк Мәметова атындағы орта мектебі,мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Физика пәні педагогтарының кәсіби құзырлылығын арттыру-білім алушылардың құзіреттілігін көтерудің шарты.

Ащыбұлақ ауылы 2014 жыл



1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
3.Қортынды бөлім
4.Қолданылған әдебиеттер

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет