«физика» ПӘнінен 7-сыныптар үшін оқу жылына арналған жиынтық бағалау спецификациясы


Оқу жылына арналған жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар



бет2/5
Дата03.01.2022
өлшемі163,52 Kb.
#108262
1   2   3   4   5
Байланысты:
!ОШ доп СО Физика 7кл каз
!ОШ доп СО Физика 7кл каз

2. Оқу жылына арналған жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар


Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Физика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.

3. Күтілетін нәтижелер


Білу:

- бастапқы физикалық ұғымдарды;

- практикалық және эксперименттік жұмыстарды орындау барысында қауіпсіздік техникасының ережелерін;

- физикалық шамалардың өлшем бірліктерін;

- механика (кинематика, динамика, сақталу заңдары), астрономия бөлімдеріндегі ұғымдарды, формулаларды, заңдарды және физикалық тұрақты шамаларды;

- физикалық құбылыстарды;

Түсіну:

- шамалардың физикалық мағынасын, механика, астрономияның негізгі терминдері мен заңдарын;

- физикалық құбылыстардың маңыздылығын;



Қолдану:

- процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін негізгі физикалық ұғымдар мен терминдерді;

- тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу жұмыстарын қауiпсiз жүргізу әдістерін;

- қолданбалы және оқу тапсырмаларын шешу, практикалық және зертханалық жұмыстарды орындау барысында физика заңдары мен формулаларын;

- нәтижелерді ұсынуда графикалық тәсілдерді;

- өлшем бірліктердің Халықаралық жүйесін;

- алынған білімдерін физикалық құбылыстардың жүру жағдайларын және процестерді түсіндіруге;



Талдау:

- эксперимент нәтижесінде алынған деректерді;

- графиктік және кестелік нысанда берілген ақпаратты;

- заттардың қасиетінің сапалық және сандық құрамына және оның құрылымына тәуелділігін;



Жинақтау:

- кесте, сызбанұсқа, хабарлама, баяндама, таныстырылым түрінде көрсету үшін жинақталған және өңделген деректерді, ақпараттарды;

- гипотеза, дәлел және түсініктеме жасауға арналған ғылыми моделдерді және дәлелдемелерді;

- эксперимент және зерттеулер жүргізу жоспарын;



Бағалау:

- жасалған эксперименттің нәтижелерін бағалайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет