«Физика» пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 10-сынып


І-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ



бет2/23
Дата11.10.2023
өлшемі1,1 Mb.
#184680
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
бжб 10 кл жмб
7 КМЖ момент прак

І-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

«Кинематика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау





Оқу мақсаттары

10.1.1.2 Жүйелік және кездейсоқ қателіктерді ажырата білу
10.1.1.6 Сандық және графиктік есептерді шығаруда кинематика теңдеулерін қолдану

        1. Жылдамдықтарды қосу мен орын ауыстыруды қосудың классикалық заңын есеп шығаруда қолдану

        2. Қисықсызықты қозғалыс кезіндегі траекторияның қисықтық радиусын, дененің тангенциалды, центрге тартқыш және толық үдеуін анықтау

        3. Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы кезіндегі кинематикалық шамаларын анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану

Орындау уақыты

25 минут

Тапсырмалар

  1. Металл сымның көлденең қимасының диаметрі 0,8 мм.

    1. Сымның диаметрін өлшеу үшін қандай құрал қолданылатынын көрсетіңіз.

    2. Өзіңіз (а) бөлімінде көрсеткен құрал қалай қолданылу керек екенін көрсетіңіз,

      1. өлшеу кезіндегі жүйелік қателіктерді болдырмау үшін

      2. кездейсоқ қателіктерді азайту үшін




  1. Қозғалыстағы дененің арақашықтық – уақыт графигі суретте берілген.


Мына нүктелер арасындағы дененің қозғалысына сипаттама беріңіз және неліктен ондай шешімге келгеніңізді түсіндіріңіз.



    1. А мен В

    2. В мен С

  1. Дененің үдеуі қандай мәнге (оң, теріс, нөл) ие болатындығын анықтаңыз:

    1. А мен В арасында

    2. В мен С арасында

  2. Дененің 40 с ішіндегі орташа жылдамдығын есептеңіз.




  1. Өзеннің арғы бетіне өтпекші болған катер өзен ағысына перпендикуляр бағытта 4 м/с жылдамдықпен жүзеді. Егер өзеннің ені 800 м/с, ал ағыс жылдамдығы 1 м/с болса, катерді ағыс қанша метрге төмен қарай ығыстырады?




  1. Шар А нүктесінен В нүктесіне дейін 1-суретте көрсетілгендей лақтырылды.


1- сурет

Шардың бастапқы жылдамдығының көкжиекпен жасайтын бұрышы 60°. Шар жылдамдығының вертикаль құраушысының t=0 c пен t=0,6 c аралығындағы уақытқа тәуелді өзгеруі 2 - суретте берілген. Ауаның кедергісі ескерілмейді.






    1. 2-суретті шар В нүктесіне жеткенге дейінгі уақытқа сәйкес мәндермен толықтырыңыз.

    2. Шардың максимал көтерілу биіктігін есептеңіз.

    3. Жылдамдықтың горизонталь құраушысының t=0 мезетіндегі мәнін есептеңіз.

    4. А және В нүктелерінің L арақашықтығын есептеңіз:

    5. 2-суретті пайдаланып шар траекториясының лақтырылғаннан кейінгі 0,6 с мезетіндегі қисықтық радиусын анықтаңыз. Өз жұмысыңызды түсіндіріп, формулалармен дәлелдеңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет