«Физика сабағында акт-ны тиімді қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру»



бет1/3
Дата30.01.2022
өлшемі2,48 Mb.
#116084
  1   2   3
Байланысты:
баяндама
,,,,, Жолдыбаев Молдағали-1, Функция ұғымы және оның берілу тәсәлдері (лекция), foreign 986, Еңбекті қорғауды басқарудың бірыңғай жүйесі, Лекция- каз

Баяндама тақырыбы: «Физика сабағында АКТ-ны тиімді қолдану

арқылы оқушылардың пәнге деген

қызығушылығын арттыру»
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық

технологиямен байланысты әлемдік

стандартқа сай мүдделі жаңа білім

беру өте қажет»       

Н.Ә.Назарбаев

Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы зор, сонымен бірге қазіргі заман талабы да осы.

Білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру – бүгінгі заман талабы.

XXI ғасыр –ақпараттық технология ғасыры.

Ақпарат технологиясы (ағылш. Information technology, қысқ. IT) – объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.

Жаңа ақпараттық технологиялардың пайда болуына байланысты, оны педагогикалық үдерістің бастамасына, бағдарламалық оқыту теориясы мен практикасының бастамасына байланысты физика мазмұнын қалыптастыру қажеттілікті талап етеді.

Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты–сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни ақпараттық қоғамға бейімдеу. 
Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда. 

Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуына үйретіп, олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі есептеледі. Менің ойымша, ақпараттық - білім беру ортасын жобалаудағы басты мақсат оқушының өздігінен оқуға талаптандыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету болып саналады. 


Физика сабақтарында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

  • білімалушылар уақытын үнемдейді;

  • тарау бойынша алған білімдерін тест тапсырмалары арқылы тексереді;

  • білімалушылардың сапалы жан-жақты білім алуына жағдай жасайды;

  • интербелсенді тақта арқылы сызба жұмыстарын жасайды, есептер шығарады, флипчарт ашып, керекті формулаларды сақтай алады;

  • Интернет технологияны заманауи талапқа сай алуан жүйелерін пайдалана алады;

  • Зертханалық жұмыстарды электрондық оқулық арқылы жасай алады.

Білімалушылар ұялы телефон, интернет желісі, компьютер - ноутбук, сандық теледидар, т.б. АКТ ны қолдана отырып, білімдерін тереңде алады, танымдық қабілеттері арттырып пәнге деген қызығушылығы артады деп есептеймін.

Менің еңбек жолым осы Жайық негізгі орта мектебінен басталғандықтан, өкінішке орай осы 11 жыл еңбек еткелі оқушыларым кабинеттің болмауына байланысты ешқандай физикалық құралдарды көрген жоқ. Мектебімізге интербелсенді тақта 2018 жылы ғана берілді.

Физика  сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

Физика сабақтарында ақпараттық –технологияны жаңа тақырыпты өткенде, қорытынды – қайталау сабақтарында және т.б сабақ түрлерінде қолдану өте тиімді. Сабақ барысында слайд - фильмдерді пайдалану, дәстүрлі әдістермен салыстырғанда, сабақтың динамикасын, көрнекілігін, ақпараттың өте жоғары деңгейін және көлемін қамтамасыз етеді, сонымен қатар, тақырыпқа және жалпы физика пәніне қызығушылықты арттырады. Сабаққа дайындық барысында электрондық оқулықтар, Интернет желісінің ақпараттары қолданылады және мұғалім мен оқушыларға арналған дидактикалық материалдар, оқу-әдістемелік құралдар жасалады.  Физикалық процестер мен құбылыстарды модельдеу оқу процесін дамыту мен жетілдірудің болашағы болып табылады, әсіресе студенттердің шығармашылық белсенділігін арттыруда, зерттеу жұмыстарын дамытудағы ролі ерекше. Физикалық эксперименттерді модельдеу – оқытушыға сабақта физикалық ұғымдардың мағынасын тереңірек ашуға, оқушыларды физиканың қазіргі эксперименттік базасымен таныстыруға, физикалық құбылыстармен зерттеу әдістерін толық түсіндіруге мүмкіндік береді.

Жаңа ақпараттық технологияны физика сабақтарында пайдалана отырып, олардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға қызығушылығын арттырып, түрлі деңгейдегі есептерді шығартып, оны талдай білуге үйретемін. Логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, интернет желісінен сабаққа қажетті деректерді өз бетімен ізденуге, компьютерлік сауаттылықтарына жол ашып, сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеп келемін.

Осы орайда оң нәтижеге қол жеткізу үшін алдыма мынадай мақсат қойдым:


-заман талабына сай білімді, білікті, дүниетанымы кең, шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет