Физика сабағында инновациялық үрдістерді қолдану



бет9/28
Дата07.02.2022
өлшемі297,5 Kb.
#92502
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28
Байланысты:
000862bc-f741c490
1000 самых важных слов английского языка
Тақырыбы: Физикалық немесе толқындық оптика. (10 сағат)

Модуль құрылымы

Сағат саны

Модульдің мазмұны

Уақыты



Ескерту



Кіріспе

1-сабақ

1.Модульге кіру.
2.Лекция: Жарықтың дисперсиясы.
3.Тірек-сызбасын түсіндіру.

15мин.

Оқушылар дәптерге жазады.

2-сабақ

1.Жарықтың интерференциясы.
Жұқа қабыршақтағы интерфе-
ренция.
2.Интерференцияның техникада
қолдануы.
3.Тірек-сызбасын түсіндіру.







3-сабақ

1.Жарық дифракциясы.
2.Дифракциялық тор.







Сөйлесу

4-сабақ

Зертханалық жұмыс № 3
«Интерференция, дифракция және дисперсия құбылыстарын бақылау»

45мин.

Оқушылар тәжірибе жасап, бақылайды, қорытынды жазады.

5-сабақ

Зертханалық жұмыс № 4
«Дифракциялық тор арқылы жарық толқынының ұзындығын есептеу»

45мин.

Оқушылар тәжірибе жасап, қажетті есептеулер жүргізіп, қорытынды жазады.

4-сабақ

«Карлы кесек» ойыны

45мин.




5-сабақ

Жеке топтық жұмыс.
Есептер шығару.

45мин.

Дәптерге жазады.

6-сабақ

«Өрмекші» ойыны

45мин.

Жауап жеке парақтарға жазылады.

7-сабақ

Есептер шығару.

45мин.

Дәптерге жазады.

8-сабақ

«Брейн – ринг» оқыта үйрету ойыны.

45мин.




Қорытынды

9-сабақ

Бекіту: 1.Блиц – турнир.
2.Тест.

45мин.




10-сабақ

Бақылау жұмысы.

45мин.




Нені үйрену қажет? Физикалық құбылыстардың сырын түсіндіре білуге, жарықтың дисперсия, дифракция, интерференция құбылыстарын зертханалық жұмыста бақылауға, дифракциялық тор арқылы жарық толқыны ұзындығын есептеуге үйренулері қажет.


Нені білуі тиіс? Жарықтың толқындық қасиеттері: дисперсия, дифракция, интерференция, поляризациясы анықтамаларын, олардың қолданылуын, дифракциялық тор, интерферометр, поляроид анықтамаларын, типтік әр деңгейдегі есептер шығару, электромагниттік толқын шығару шкаласын білулері тиіс.


Лекция тезистері



  1. Жарық – электромагниттік толқын. Механикалық толқындар сияқты

олардың да толқындық қасиеттері бар.
10 Жарықтың дисперсиясы – сыну көрсеткішінің жарықтың түсіне немесе жарық жиілігіне тәуелділігі. Ньютон тәжірибесі. Түстердің табиғатын түсіндіру. Табиғаттағы дисперсия – жаңбырдан соңғы кемпірқосақ көрінісі. Спектрлік аппараттар, спектроскоптың құрылысы.
Оптикалық диапазондағы жарық толқындарының ұзындығы
4 х 10-7 – 8 х 10-7 м. аралығында жатады.

Жарық бір ортадан екінші ортаға өткенде оның жылдамдығы мен толқын ұзындығы пропорционал өзгереді де, жиілігі өзгермей, тұрақты болып қалады.


20 Жарық толқындарының интерференциясы болуы үшін қабаттасатын, қосылатын толқындар когерентті толқындар болуы қажет. Когерентті толқындар деп жиіліктері бірдей, фазалар айырмасы тұрақты болатын толқындарды айтады.
Толқындардың жол айырмасы туралы түсінік беру, интерференцияның анықтамасы: кеңістіктің берілген нүктесінде когерентті толқындар қабаттасқан кезде, толқындардың бірін-бірі күшейтуі немесе әлсіретуі.
Толқындар бірін-бірі күшейтетін болса, берілген нүктеде максимум шарты орындалады, ал бірін-бірі әлсірететін болса, толқындар қабаттасқан нүктеде минимум шарты орындалады.
Максимум шарты: толқындардың жол айырмасына жарты толқын ұзындығының жұп саны сәйкес келуі, немесе толқын ұзындығының бүтін саны сәйкес келуі.
Жұқа қабыршықтағы интерференция, оның мысалы – сабын көпіршіктерінің және шалшық – су бетіне тамған май тамшыларының түрлі түске құбылып ойнауы.
Ньютон сақиналары – екі шынының арасында қалған жұқа ауа қабатындағы интерференциялық көрініс. Ньютон сақиналарын пайдаланып, жарық толқынының ұзындығын есептеуге болады.
Интерференцияның қолданылатын жерлері – бұйымдар бетінің тегістігін тексеру, интерферометрлер, оптиканың жарқылдануы – фотоаппарат, киноаппарат, т.б. Оптикалық құралдардың объективіндегі шағылысу жарқылын азайту.
30 Жарық тоқындарының дифракциясы – жарық толқындарының өз жолындағы бөгеттерді орап өтуі. Дифракция құбылысының байқалу шарты, Юнг, Френель тәжірибелері. Дифракциялық тор – мөлдір емес жолақтар мен мөлдір саңылаулар жиынтығы. Дифракциялық тор ақ жарықты жеті түсті спектрге жіктейді. Дифракциялық торға мысал: айқастырылған кірпіктер, құс қауырсыны, капрон, батист маталар.
Тор периоды немесе дифракциялық тор тұрақтысы d – 1мм-гі штрих санына қатынасы. Жарық толқындарының дифракциясы оптикалық құралдардың үлкейту, көрсету мүмкіндігін шектейді.
Дифракциялық тор шағылдырғш және шашыратқыш болып бөлінеді.
Әр түрлі бөгеттерден дифракциялық көрініс.
Дифракциялық максимумдар шартын өрнектейтін формула: dsinf = kλ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет