Физика-техникалық факультеті



Дата29.08.2022
өлшемі15,06 Kb.
#148312
Байланысты:
Вена мінездеме
Служебка 2 (копия) (копия) (копия) (копия) (копия) (копия) 2 (копия), флаг служебка

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Физика-техникалық факультеті
«5В061100 –Физика және астрономия»
мамандығының
4 курс студенті
Нұрдәулетқызы Венераға


МІНЕЗДЕМЕ

Студент Нұрдәулетқызы Венера әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің, физика-техникалық факультеті «5В061100 – Физика және астрономия» мамандығына 2018 жылы оқуға түсіп, осы факультетті аталған мамандық бойынша 2022 жылы бітіріп шықты. Оқу барысында Нұрдәулетқызы Венера өзінің ынталылығымен, ұқыптылығымен, қабілеттілігімен көзге түсе білді. Осы оқу жылдарында міндеттелген әрбір сабақты жақсы меңгеріп, сабаққа деген құштарлығын көрсетті. Практикалық және зертханалық жұмыстарға ерекше көңіл бөлді.


Дипломдық жұмысын: «Жүйелер динамикасының детерминистік және статистикальқ тендеулері» тақырыбы бойынша физика-математика ғылымдарының докторы М.В.Сомсиковтың ғылыми жетекшілігімен қорғады.
Университетте оқу кезеңінде Венера өзін белсенді студент ретінде көрсете білді. Дипломдық жұмысын жазу барысында Венера өзінің таңдаған тақырыбы бойынша білімінің кең екендігін көрсете алды. Оқу кезінде өзін дипломдық жұмысты жазу барысында ғылыми жетекшісі берген тапсырмаларға тыңғылықты әрі мұқият қарап, жауапкершілігі бар, мақсатты студент ретінде көрсете білді. Нұрдәулетқызы Венера алдына қойған мақсатына жету үшін бар күшін сала біледі, адамдармен тез тіл табыса алады және білімін орынды пайдалана алатын студенттер қатарында. Берілген жұмыстарға тиянақты қараумен қоса практикалық оқу кезінде алған теориялық білімді шебер қолдана білді.
Студенттің қолданылған әдебиеттер тізіміне көз жүгірту арқылы Нұрдәулетқызы Венераның ізденістік жұмысты терең әрі жан-жақты жүргізгені байқалады. Нұрдәулетқызы Венера келешекте мықты мамандардың бірі де, бірегейі болатынына сенемін.

Қатты дене физикасы және


бейсызық физика кафедрасының меңгерушісі______________Ибраимов М.К.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет