Тақырыбы: Ақан сері Қорамсаұлы



Дата08.02.2022
өлшемі1,12 Mb.
#122486
Байланысты:
Ақан Сері


Тақырыбы:

Ақан сері Қорамсаұлы,
Шығармашылығы
Жоспары:
1. Ақан сері Қорамсаұлы өмірі, шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
2. Махаббат тақырыбындағы лирикалық өлеңдері.
3. Ақан сері Қорамсаұлы өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі.
Ақан сері (Ақжігіт) 1843 жылы, күздің жомарт айы – қыркүйекте дүниеге келді. Өзі өмір сүрген дәуір шындығын ән-музыка, өлең-жыр туындылары арқылы бейнелей білген ұлы суреткер, композитор. Ойлы, сырлы ғажайып шығармаларын өз дауысымен орындап, қалың елге кең таратып, тыңдаушының құлақ құрышын қандырған топшысы болат дауылпаз. Жасынан алғырлығы, ұқыптылығымен көзге түскен Ақан ауыл молдасынан алған біліміне қанағаттанып қалмайды. Ол енді Қызылжарға аттанып, Уәли ахун хазіреттің медіресесіне түседі.
Осы медіреседе өткізген үш жылға жуық мерзімде Ақанның сусындаған кәусар бұлағы – Фердауси, Низами, Хафиз, Шамси, Сағди, Физули, Науаи т.б. еңбектері.
Ақан сері – лирик әнші ақын. Ақын қалдырған мұраның бәрі – түгел дерлік, жүрек отының жалынындай, терең толғаныстардың туындылары, адамның сезім сырнайын тарта білген сыршыл да шыншыл поэзия, әрбір сөзі жүректі елжіретер, жаныңды жадыратар жастық лебіне суарылған нұрлы.
Лирикалық өлеңдеріндегі («Адамның біліміне ақыл серік», «Айтамын замандасқа біраз кеңес», «Әйелдер сипаты», «Жігіт сипаты», «Жастық шақтар», «Кәрілік», «Достарыма») көңіл-күйлері мен философиялық тереңдікке негізделген.
Сұлулық тек адамға ғана тән қасиет емес. Табиғат сұлулығы, айуанат сұлулықтары өзінше бөлек. Оған да адам қызығады, құмартады. Адам сұлулықты табиғи сұлулықтармен салыстыра немесе сонымен бірге ұштастыра таниды. Өнер біткен өзінің құралдары арқылы өмірдегі табиғи сұлулықтарды сүйсіне бейнелейді. Өңін келтіріп. Бояуын айқындап нағыз реалистік образ жасауға талпынады. Асылы, ондай образдар асқан таланттан шығады. Ең шебер деген өнерпаз суреткерлер ғана сұлулық шыңына шыға алады. Осындай сұлулыққа ғашық болып, сол өзі таныған әдемілікті өмір бойы талмай жырлап өткен таланттың бірі- Ақан сері. Ол – ең алдымен адам сұлулығына ғашық суреткер. Ақын суреттеген сан сұлу арулар, қазақтың әдемі қыздары, сол асқақ сезімнің поэзиясындағы көрінісі. Сұлулардың образын жасау үшін ақын сөз қуатын, поэтикалық тіл мүмкіндігін жомарт жұмсайды.
Ақан серінің ғашықтық лирикасынындағы ән-өлеңдері: «Ұзатылғалы жатқан қызға», «Ғашық жарға», «Қызға жазған хаты», «Қыз сипаты», «Қыздарға», Жайықтың ақ түлкісі», «Ақ көйлек», «Ой, қалқа», «Зағипамен алысқан хат», «Ақмарал», «Қалқа бала», «Сүмбіл шаш», «Айжан қыз», «Еркем-ай», «Қарағым...», «Сүйген қалқа», Базар қызға», «Қажы қызына», «Хат жаздым қағаз алып, қалам, сия», «Сұлу қызға», «Көңіл тілегі», «Дегенде Мақпужаннан», «Нұсқамен өлең жазым», «Сұлу қыз жаңа піскен алма-дағы», «Көңіл сыры», «Аужарлары» тағы басқа сан туындылары махаббат лирикасының ең жақсы үлгілері. Келтірілген мол тізімдегі ақын шығармалары сұлулықтың ұранындай естіліп, адамға тән әдеміліктер тамаша сәулеттілік мүсінін табады. Ақын сөз құдіретімен-ақ сұлу бейнелерін бірінен-бірін асыра мүсіндеп бере алады. Жалпы саны 40 шақты өлеңді қатар қойып отырғанда бәрі де қыз сұлулығына арналған шығарма бола тұра, бірін екіншісі қайталамайды. Әрқайсысы өзіне тән өзгеше туынды, өзгеше мүсін болып қабылданады.
Ақынның философиясы - өлеңінің пафосы. Поэзиясына жан беретін де оның пафостылығы демекпіз. Ойлы, парасатты, пафосты шығармадан ақынның дүниетаным, қоғам өміріне көзқарасы айқын. Мысалы:
Ел көркі дәулет екендігі ежелден – ақ
Дәулетсіз ел болса да көркі болмас,-
деп ақын қоғамның негізгі тірегі ел дәулеті, өмір көркі – халық байлығы екендігін философтардай-ақ болжап біледі. Қоғам байлығы оның мүшелерінің игілігі үшін бірдей жұмсалса, әрине, құба-құп. Ол дәулетті адамдарды мейірімділікке шақырып, жақсылық жасауға, қайырымдылық көрсетуге үндейді.
Азаматтық әуенді, сыншыл сарындағы өлеңдеріндегі заман қайшылықтары мен озбырлықтарды сынау («Заманға қарап», «Халқым сенген», «Адамның біліміне ақыл серік», «Ақыл мен жасық», «Достарыма», «Жақсы мен жаман», «Өсиет өлең», «Құлагер»).
Айтыс өлеңдеріндегі «Ақан мен Әділ», «Ақан сері мен Шаймерден айтысы», «Ақан сері мен Орынбай» сөз қағысуларындағы қазақы қалжың бояулары, көркем тіл кестелері.
Ақын өлеңдерінің поэтикалық тілінде де ауыз толтырып айтарлық ерекшеліктер мол. Көп жерде ақын халық поэзиясының ең шұрайлы деген үйреншікті тіл кестесін орынды қолданып, шеберліктің бір қырын танытқан. Оған қоса, араб, парсы, орыс тілдеріндегі поэтиканы мол енгізіп, шығармасын тіл жағынан құлпыртып, жаңа бейнелеу құралдарын көп қосқан.
Байырғы қазақ поэзиясындағы теңеу, эпитеттер – ақын поэтикасының қайнар бұлағы. Халық творчествосында қалыптасқан дәстүрлі айқындауыштардың небір шұрайлыларын ақын өзі суреттеп отырған арулардың сырт тұлға бітімін, бет-әлпет, кескін-келбетін, жүріс- тұрыс, іс-әрекет, ой-парасат, сезім-сенім дүниелерін бейнелеуде кеңінен қолданады. Сұлуды «Ай қабақ, алтын кірпік, жазық маңдай, қыр мұрын, ақша бет»,- деп Абайдан т.б. ақындардан таныс эпитеттермен айшықтайды. Немесе: «Иран бағындай, гауһардай, бұлбұлдай, жұлдыздай, меруерттей, қор қызындай, айдай, күндей, алтындай, түлкідей»,- сияқты теңеулерді орынды пайдаланып, өлеңдерін жарқыратып шығарады. Ақан серінің қолданған бұрыннан таныс образдарының өзі мүлде жаңарып, өзіндік әсерін одан да бетер күшейте түседі.
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет