Физикадан 8-сыныпқа арналған тест жұмыстары Жылу құбылыстары. Тест а-1 1



бет9/9
Дата31.01.2018
өлшемі1,28 Mb.
#36683
1   2   3   4   5   6   7   8   9
8.100г эфирді буландыру арқылы қандай мөлшердегі суды 273К температурадағы мұзға айналдыруға болады? Судың және эфирдің бастапқы температуралары 293К.Жылу алмасу тек су мен эфир арасында жүреді.

а) 4,1кг; б) 2,5кг; в) 0,63кг; г) 1,026кг; д) 0,82кг.



9. Адам өзін жақсы сезіну үшін ауаның салыстырмалы ылғалдылығы белгілі мөлшерден аспау қажет.Ылғалдылықтың өзгеруі жылу алмасудың бұзылуына әкеліп соқтырады.Бұл неге байланысты?

а) ауаның меншікті жылу сыйымдылығының өзгеруіне байланысты; б) адам денесінен ылғалдың булану жылдамдығының өзгеруіне байланысты; в) атмосфералық қысымның өзгеруіне байланысты; г) ауадағы оттегінің құрамының өзгеруіне байланысты;

д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.

10. Массасы 100г темір калориметр ішінде температурасы 15ºC, массасы 500г су бар.Калориметр ішіне жалпы массасы 150г болатын, 100ºC температурадағы қорғасын мен алюминий салады.Осының нәтижесінде судың температурасы 17ºC-қа дейін көтерілсе, онда қорғасынның мөлшері қандай?

а) 92г; б) 46г; в) 126г; г)104г; д) 118г.



Жылу машиналары Тест А-1
1. Изохоралық процесс үшін термодинамиканың Ι заңы:

а) Q=A; б) Q=U+A; в) U= −A; г) Q= +U; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
2.Суретте идеал газдың күйінің өзгеруінің әр түрлі процестері көрсетілген.Осы процестердің қайсысында үлкен жұмыс атқарылады?

а) 1-2; б) 1-3; в) 1-4; г) 4-1-2.



V

3. Суретте идеал газдың күйінің өзгеру процестері көрсетілген. Жауаптар ішінен дұрысын тап.


а)1-2 изохоралық,2-3изобаралық,3-1изотермиялық;

б)1-2 изотермиялық,2-3изобаралық,3-1изохоралық;

в)1-2 изобаралық,2-3изохоралық,3-1изотермиялық;

г)1-2 изохоралық,2-3изотермиялық,3-1изобаралық;

д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.

P

V

4.Егер идеал газ алған жылу мөлшері есебінен тек жұмыс атқаратын болса, онда газбен қандай процес жүрді?

а) изотермиялық процесс; б) изобаралық процесс; в) изохоралық процесс;

г) адиабаталық процесс; д) ондай процесс мүмкін емес.

5. Идеал газға 8 кДж жылу мөлшері берілді, осы кезде газдың ішкі энергиясы 14 кДж-ға артты.Газдың атқарған жұмысы:

а) 22 кДж; б) 6 кДж; в) -6 кДж; г) 8 кДж; д) ондай процесс мүмкін емес.



6.Қозғалтқыш цилиндрінің жанғыш қоспаға толып, қақпақша жабылған кездегі такт қалай аталады?

а) сору; б) сығу; в) жұмыстық жүріс; г) шығару; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.



7.Идеал газбен 10 кДж жұмыс атқарылды.Осы кезде газ 6 кДж жылу мөлшерін береді.Газдың ішкі энергиясы ...

а) 4 кДж-ға кеміді; б) 14 кДж-ға артты; в) 16 кДж-ға кеміді;

г) 10 кДж-ға артты; д) 4 кДж-ға артты.

8. Жылу машинасы қыздырғыштан 100 кДж энергия алады, ал салқындатқышқа 70 кДж энергия береді. Осы машинаның ПӘК-і қандай?

а) 70 %; б) 59 %; в) 30 %; г) 17 %.



9. ПӘК-і 4% жылу машинасы 3 кДж жұмыс атқарады.Жылу машинасы қыздырғыштан қандай жылу мөлшерін алған?

а) 7500 кДж; б) 0,75 кДж; в) 7,5 кДж; г) 75 кДж; д) 750 кДж.



10. Егер қыздырғыш пен салқындатқыштың температураларын 2 есе кемітсе, онда қозғалтқыштың ПӘК-і:

а) 2 есе артады; б) 4 есе артады; в) 2 есе кемиді; г) 4есе кемиді; д) өзгермейді.


Жылу машиналары. Тест А-2
1. Егер идеал газдың сыртқы ортамен жылу алмасусыз атқарған жұмысы ішкі энергияның артуына тең болса, онда газбен қандай процесс жүрді?

а) изотермиялық процесс; б) изобаралық процесс; в) изохоралық процесс;

г) адиабаталық процесс; д) ондай процесс мүмкін емес.

2.Жылу қозғалтқыштың ПӘК-ін арттыруға болады, егер ...

а) қыздырғыштың температурасын арттырса;

б) салқындатқыштың температурасын арттырса;

в) қыздырғыш пен салқындатқыштың температурасын бірдей мөлшерде арттырса;

г) қыздырғыш пен салқындатқыштың температурасын бірдей мөлшерде кемітсе;

д) салқындатқыштың температурасын арттырып және қыздырғыштың температурасын төмендетсе.



3.Автомобиль 50км жолға 5,67кг бензин жұмсайды.Егер автомобильдің жылдамдығы 90км/сағ, ал ПӘК-і 22% болса, онда қозғалтқыштың қуаты қандай?

а) 14,7 кВт; б) 28,6 кВт; в) 32,5 кВт; г) 36,8 кВт; д) 22,3 кВт.



4. Суретте газдың 1-күйден 2-күйге ауысу графигі көрсетілген.Газдың жасаған жұмысын

а
Р, Па



1

2
нықтаңдар?


3·102


а) 750 Дж;

б) 150 Дж;

в) 1200 Дж;



г
V (м3)
) 300 Дж;

д) 600 Дж;


1

3


5. Қозғалтқыш цилиндрі жанғыш қоспаға толып, қақпақша жабылғаннан кейін, поршень жоғары қарай қозғалып,жанғыш қоспа сығылады.Осы такт қалай аталады?

а) сору; б) сығу; в) жұмыстық жүріс; г) шығару; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.



6. Термодинамиканың ΙΙ-заңына сәйкес…

А. Жылу өздігінен салқын денеден ыстық денеге өте алмайды.

Б. Қыздырғыштан алған жылуды түгелімен механикалық жұмысқа айналдыратын машина жасау мүмкін емес.

В.Жылу қозғалтқыштың ПӘК-і әрқашанда 100%-тен кем.



а) тек А; б) тек Б; в) тек В; г) А,Б және В; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.

7.Адиабаталық процесс үшін термодинамиканың Ι заңы:

а) Q=A; б) Q=U+A; в) A= −U ; г) Q= −U; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.

8. Идеал жылу қозғалтқыштың салқындатқышының температурасы 27ºC, ал қыздырғышының температурасы одан 90ºC-қа артық.Осы қозғалтқыштың ПӘК-і қандай?

а) 23 %; б)46 %; в) 77 %; г) 30 %; д) 66 %.



9. Адиабаталық ұлғаю кезінде газ салқындайды, себебі...

а) одан қандай да бір жылу мөлшері алынады;

б) газ ішкі энергиясының өзгерісіне тең жұмыс атқарады;

в) газдың атқарған жұмысы оған берілген жылу мөлшерінен көп;

г) газбен сыртқы күштер жұмыс атқарады, бірақ осы кезде одан көп мөлшерде жылу алынады;

д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.



10.Жылу қозғалтқышының ПӘК-і 40%.Қозғалтқыштың қыздырғыштан алған жылу мөлшері оның салқындатқышқа берген жылу мөлшерінен неше есе көп?

а) 1,67; б) 3,22; в) 2,7; г) 2,5; д) 1,32.
Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
loader -> №23 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
loader -> Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Рассказ. Б. Комеков, С. Утениязов. «Шокан Уалиханов». Рассказ. Ж. Касымбаев. «Абылай хан»
loader -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен
loader -> Ануарбек Дуйсенбиев «Зима в лесу»
loader -> Қарағанды тарландары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет