Физикадан 9-сыныпқа арналған факультативтік курс



бет1/3
Дата26.08.2023
өлшемі28,3 Kb.
#179959
  1   2   3
Байланысты:
Күнтізбелік жоспар физика сабағынан Күрделі есептерді шығару (9 сынып )


Түсінік хат
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты ,Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығы Қазақстан Республикасының жалпы отра білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері турулы әдістемелік нұсқау хаты негізінде әзірленді.


Физикадан 9-сыныпқа арналған факультативтік курс
Күрделі есептер шығару

Қазіргі заман талабына сай физика және астрономияны оқытудың жаңа әдістемелік жүйесін құру жеке оқушыны жан-жақты дамыту және оның ой-өрісін кеңейту мақсатында жүргізіледі. Элективті курстың бұл түрі физика пәні боцынша білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету, бағдарлы оқытуды ұйымдыстыру, оқушылардың олимпиадалық есептерді шығаруға дайындау, жеке тұлғаны интеллектуалды дамыту мақсаттарын басты бағытта ұстайды.


Орта жалпы білім беретін мектептердің физиканы тереңдетіп оқыталатын сыныптарына арналған бағдарлы элективті курсы мазмұны жағынан негізгі курстың оқу бағдарламасына сәйкес құрылған.
Ұсынылып отырған бағдарлама физиканы меңгеруді жоғарылататын деңгейін қалыптастыруды қамтамасыз ететін негізгі бағдарламалық курстың толықтыруы, онда қамтылмай қалған қажетті материалдарды оқушыларға қамтамасыз етеді.
Бағдарламада теориялық материалдар, практикалық жұмыстар, оқушылардың курс бойынша алған білімдерін тексеру, бағалау мақсатындағы бақылау, тест жұмыстары толық қамтылған.
Ұсынылып отырған бағдарлама қазіргі заман талап етіп отырған қажеттілік пен сұранысқа сәйкес туындап отыр.
Курстың мақсаты:
Қоғам талабына сай білім беруде элеетивті курстың бұл түрі төмендегі мақсаттарды басты бағытта ұстайды:

  • Физика пәні бойынша білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету,бағдарлы оқытуды уйымдастыру.

  • Мектеп бағдарламасын тереңдетіп оқыту және эксперименттік дәлелдемелеріне көз жеткізу.

  • Пәнаралық (химия, математика, т.б.) байланысты нығацту, физиканың қажеттілігін, маңыздылығын ұғындыру.

  • Оқушыларды олимпиадалық есептерді шығаруға элективті курстар арқылы дайындау.

  • Алған теориялық білімдерін практикада қолдана білуге үйрету.

  • Дүниенің қазіргі замандағы физикалық мәнін жеке тұлғаның саналы түрде түсінуін, интеллектуалды дамуын қалыптастыру.

Курстың міндеттері :

  • Есеп шартын, әрбір тақырыпта есептің барлық түрлерін (сапалық, сандық, графиктік) есептеуге арналған тапсырмаларды күрделілігіне қарай талдау дағдысын қалыптастыру.

  • Есеп шығаруды бастамас бұрын физикалық құбылысты сипаттай білуге үйрете отырып, математикалық аппаратты дұрыс қолдана білу, есептің дұрыс шығарылғандығын «БХЖ» жүйесінде анықталатын физикалық шаманың өлшем бірлігін тексеруге айрықша көңіл бөлу.

  • Физикалық процестерді түсінуге және есеп шығаруды жеңілдетуге көмек беретін есептердің суреттеріне, графиктеріне, сызбаларына, кестелеріне, физикалық тұрақтыларға назар аудару.

  • Оқушыларды теорияны берік меңгеруге, есеп шығарудың дағдыларымен мәдениетін қалыптастыруға үйрету.

  • Лабороториялық жұмысты орындау барысында теориялық білімдерін эксперименттік түрде дәлелдеуіне назар аудару.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет