Физикадан факультатив сабақтардың маңызы және мақсаты,оларды ұйымдастырып өткізудің әдістемесі



бет3/6
Дата16.06.2022
өлшемі1,81 Mb.
#146712
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
14-15-16
Айдана док, Айдана док, Рл 20, 9 семинарр, СТУДЕНТТІК ПАРЛАМЕНТ ЖОСПАР, хирургия экзамен билет, httpsasylarna.kzkknews279, синоним, құрмалас сөйлем, лекси, талдау, 2 5291944091481803861, Индуктивті катушка құрылғы бөлшектерінің жұмыс сызбаларын құрастыру және құрама бірліктерінің сызбасын орындау
15-билет

  1. Физиканы оқыту үрдісінде оқушыларға политихникалық білім мен кәсіптік бағдар беру.

Өндірістің негізгі ғылыми принциптері жөніндегі білім физиканың мазмұнына табиғи жолмен кіруі керек. Физика пәнінің мұғалімі оқушылардың табиғат заңдарының іс жүзінде қолданылуымен таныстырып, оларды өндірістің ғылыми принциптерін түсіндіруге баулиды. Егер оқушыларға өндірістің ғылыми принциптері туралы тек теориялық мәліметер беріліпғ іскерлік дағдыларға үйрету жағын алып тастасақ, онда политехникалық оқу абстаркты-теориялық сипат алады, балаларды іскерлікке даярламайды. Ал өндіріс принциптері туралы теориялық білім бермей, бірыңғай тек техниканы игеру дағыдларын ғана үйретсек, онда бұл политехникалық оқу болмай, тек жалаң қол өнерге үйрету, технизм болар еді. Физиканы оқыту процесінде оқушыларды өндірістің негізгі элементтерімен таныстыру қамтамасыз етілуі керек. Мұғалім оқушыларға өмірде өндірістің атқаратын міндетін, оның мәнін және жалпы бейнесін, жеке салаларының даму болашағын ашып беруі қажет. Политехникалық талаптарға арналған лекциялар мен әңгімелерде кинофильмдерді, диапозитивтерді, графиктерді, кестелерді, кестелар мен суреттерді, машина бөліктерін, т.б. көрсету сабақты жандандырады. Мұндай сабақтарды әзірлеуге оқушылар қатыстырылады. Физиканы оқытуда оқушылардың лабораториялық жұмысы, тәлімдік сабақтар ерекше маңыз атқарады. Тағы бір ескертетін жағдай дененің температурасын, қысымын, салмағын, ток күшін, кернеуін тағы осыларға ұқсас физикалық шамаларды өлшеуге үйрету үшін оларды мұғалімнің өлшегеніне қарап байқау жеткіліксіз, оқушы оны өз қолымен өлшеп жатығуы керек, өлшеуіш аспаптарды, құралдарды өз қолымен пайдалана білуі қажет яғни оқушылар байқамы аз бақылаушы болмай, іс-жүзілік жұмыстар атқаруы тиіс. Физиканың заңдары энергетикада, металл өңдеу ісінде, машина жасауда, транспортта және қазіргі өнеркәсіптің басқа салаларында кең қолданылатыны, осы заңдарды оқып үйрену политехикалық оқудың негізі болып табылатыны, өндіріс құралдарының бірқатары, әсіресе өлшеуіш аспаптардың физикалық құранды бөліктері оқушылар санасына сіңірілуі тиіс. Алдына осындай міндеттерді қоя отырып, алайда, мұғалім физиканың негіздерін оқытуды тек техникалық мәселелерді оқытуға айналдырып жібермеуі керек. Политехикалық білім беруді физика сабақтарында сан-алуан мысалдармен сабақтастыруға болады. Мысалы, 7 және 10 сыныптарда жылу құбылыстарын оқып үйренуде жылу машиналарының құрылысы мен жұмысының принциптері түсіндіріледі. 7 сыныпта бу машинасы мен бу турбинасы және іштен жанатын двигатель жөнінде де түсінік беріледі. Бұл двигателдердің ауылшаруашылығын механикаландырудағы мәні ашып көрсетіледі. 7 сыныпта оқушылар қыздырғыштың пайдалы әсер коэффициенті түсінігімен танысады. 10 сыныпта жылу машинасының пайдалы әчер коэффициенті және оны жоғарылатудың тәсілдерімен танысады. Қысым жоғары бу машиналары мен бу турбиналарын жасап шығару пайдалы екендігі атап көрсетіледі. Осы сыныпта оқушылар реактивтік двигателдермен таныстырылады. 8 сыныпта тұрақты ток электр двигателінің жұмсы, айнымалы ток генераторының, трансформаторының құрылысы мен жұмысы оқытылады. Электр энергиясының өнеркәсіпте, транспортта, ауылшаруашылығында пайдаланылуы жөнінде түсінік беріледі. 10 сыныпта оқушылардың электр энергиясының алынуы және пайдаланылуы жөніндегі білімі кеңейтіліп тереңдетіледі, электрленудің негіздері анықталады, ірі және кішігірім су электр станцияларының құрылысы туралы айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет