Физикалық география



бет8/74
Дата01.12.2022
өлшемі8,5 Mb.
#160749
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   74
Байланысты:
8 жаңа формат ворд
Силлабус - Русский язык Семестр 1, 8 геометрия
Сандық деректер – бұл өлшенетін көлемдердің терминдерінде берілген ақпарат, мысалы, мағына түрінде: 20°c, – 27°С; 6995 м, 696 мм с.б.
(сынап бағанасы), 7 адам./км2, адам басына шаққанда 10508 АҚШ дол. және т.б.
Сандық формада берілген ақпараттың артықшылығы – ол бақылаушының субъективтік бейіміне тәуелді болмайды. Мысалы, бір адам:
«Елді мекенде күн ыстық», – деп, ал басқа адам сол уақытта: «Онда
жылы», – деп айтуы мүмкін. Бұл ақпарат сапаның бір мәнді болмауына әкелуі мүмкін. Термометр шәкілінің 30°С-ке тең көрсеткіші – объективті өлшенген ақпарат.
Географиялық нысанның санмен көрсетуге немесе айтуға болмайтын ерекшеліктері сапалық қасиеттер. Сапалық қасиеттер заттардың жіктелуіне, сипаттамасына немесе табиғатына (шығу тегіне) сілтейді, мысалы,үлкен, шағын, нашар, ыстық, жылы, суық, қатты, жұмсақ, жылдам, баяу, ұзын, қысқа.
Сандық деректер анықтайды, сапалықтар сипаттайды.
1. Жем өзеніндегі сандық және сапалық сипаттамаларды анықтаңдар.
Жем (Ембі) – Қазақстанның батысындағы өзен (8-сурет). Ұзындығы – 712 км, алабының аумағы 40,4 мың км²-ге жуық. Мұғалжар тауының батыс беткейлерінен бастау алады. Құрғақ далалар арқылы, төменгі ағысында – Кас-пий маңы ойпатының шөлейттері және шөлдерінің арасынан ағады.
Бастауында аңғарының ені – 200-2000 м. Өзен аңғары тармақталып қосылған бірқатар иірілімдерден тұрады. Төменіректе аңғардың ені 7 км-ге дейін жетеді, оның беткейлері тік. Суы мол жылдары ғана Каспий теңізіне құяды. Негізінен қар суымен қоректенеді. Аралтөбе ауылының жанында суының орташа шығымы – 17,5 м3/с (0,55 км3/жыл). Су тасқыны кезінде жылдық шығынның 95–100%-ы өтеді. Жер суару үшін қолданылады.



Географиялық деректерді өңдеу дегеніміз – оларды болашақта қолдану үшін ыңғайлы формаға келтіру шаралары.
Жүйелеу дегеніміз – деректерді ыңғайлы формаға келтіру. Барлық ақпаратты белгілі тақырыптар бойынша бөлу топтастыру деп аталады.
Өңдеу,енгізу,орын ауыстыру немесе құжаттың мазмұнын түзету редакциялау деп аталады.
Карта, сызба,профиль,диаграмма,кесте ақпаратты ұсынудың графикалық тәсіліне жатады.

Географиялық деректерді талдау. Географиялық барлық деректер оларды жүйелегеннен кейін зерттеу нәтижесі – ақпаратты алу үшін талдауға ұшырайды. Талдау – бұл тұтас нысанды (затты, құбылысты, үдерісті) құрамдас бөліктерге (белгілеріне, қасиеттеріне, қарым-қатынастарына) ойша немесе материалдық бөлу тәсілі. Ақпарат – бұл нақты міндеттерді шешу барысындағы деректердің түрлену және талдау нәтижесі.


Ақпарат қоршаған ортаның нысандары мен құбылыстары, олардың параметрлері, қасиеттері мен жағдайы туралы білімнің толымсыздығын азайтуға арналған. Халықтың тығыздығы және урбандалу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін, халық санағын немесе өкілетті ұйымдарда тіркеу жұмыстарын жүргізудіи(деректер жинау) дейді. Деректерді кестеге кіргізудә(деректерді өңдеу) дейді. (2-кесте). Математикалық формулалардың көмегімен есептеулер жүргізуді (сандық деректерді талдау) дейді. Зерттеу нәтижелерін (ақпаратты) мәтіндерге және графикалық модельдерге айналдыруды (деректерді өзгерту) дейді. Алынған ақпарат фактілер, аргументтер, дәлелдер арқылы берілуі (түсіндіру) деп аталады.

Кейбір шөлдердің құмдары желдің немесе адамдар мен жануарлардың әсерінен дыбыстар шығарады. Бұндай құмдарды «әнші» деп атайды, алайда оларды үн шығарғыш деп атаған дұрысырақ болар еді, себебі олардың шығаратын дыбыстары әнге, шықырлауға, шәуілге, тарсылға ұқсайды. ТМД жерінде «Әнші құм» («Айғайқұм») Алматы облысында Іле өзенінің бойында, Кола түбегінде, Рига теңіз жағалауында бар.
Географиялық деректер қорымен байланысты мамандықтар:географ,картограф,ГИС-технолог,кадастр бойынша маман, ІТ-маман




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   74




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет