Физикалық ЖӘне коллоидтық химия



бет9/12
Дата07.12.2019
өлшемі1,52 Mb.
#53158
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
1 fiz himiy lab gumjstar

Фосфатты буфер рН = 6,82;


рН мәндері белгісіз ерітінділер.
Ерітінділердің рН-ын анықтаудың потенциометрлік әдісі гальваникалық элементтің электр қозғаушы күштерін өлшеуге негізделген.

Потенциометрлік өлшеулер тез және дәл болады, сондай-ақ суспензиялар мен түсті ерітінділердің рН-ын анықтау мүмкіндігі осы әдістің іс жүзінде кең қолданылуына мүмкіндік береді.

рН-ты өлшеу үшін зерттелетін ерітіндіге батырылған салыстыру электроды мен индикаторлы электродтан тұратын гальваникалық элементті жинақтап алады (1-сурет). Индикаторлы электрод – Н+ иондары бойынша ионселективті шыны электрод, салыстыру электроды – хлоркүмісті электрод. Гальваникалық элементтің схемасы:


Аg, AgCI |0,1н НСI|шыны|Н+ || КСIқан| AgCI, Ag








1-ерітіндісі бар стақан;

2-индикаторлы электрод;

3-салыстыру электроды;

4-рН-метр
Сурет 1 – Ерітіндінің рН-ын өлшеу үшін жинақталған гальваникалық элемент схемасы.

Электродтарды ерііндіге батыру тереңдігі 16 мм-ден кем болмауы қажет. Екі электрод та штативке бекітіліп, индикаторлы электродтың тіркеуіші «ИЗМ» ұяшығына, ал салыстыру электродының тіркеуіші «ВСП» ұяшығына қосылады. рН-ты өлшеу үшін екі бөлек электродтың орнына біріктірілген (комбинированный) бір ғана шыны электродты қолдануға болады. Біріктірілген электрод «ИЗМ» тіркеуішіне қосылады.

Cурет 2 – Портативті рН-метр 410.
рН-ты тікелей өлшеу портативті рН-метр 410 (2-сурет) көмегімен жүргізіледі.

Жұмысты орындау реті




  1. рН-ты өлшемес бұрын приборды эталон буфер ерітінділерімен тексерген жөн.

  2. Зерттелетін ерітіндіні стақанға құйып, оған электродтарды батыру қажет.

  3. «включение/отключение» - ON/OFF тетігін басу қажет. Таблода ЭҚК мәндері шығады. ЭҚК тұрақтанғаннан кейін рН тетігін басуға болады. Әдетте тұрақтану уақыты 3 мин артық болмайды. Алайда күшті қышқылды және күшті сілтілі ерітінділерді өлшегенде көрсеткіш мәндерінің тұрақтануы 10 мин дейін созылуы мүмкін.

  4. Электродтарды ерітіндіге әр салған сайын оларды бірнеше рет дисильденген сумен шайып, фильтр қағазымен абайлап сүрте отырып құрғату қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет