Физиотерпапияның биофизикадағы маңызы



бет4/5
Дата07.02.2022
өлшемі2,2 Mb.
#93177
1   2   3   4   5
Байланысты:
хирургия гор
ПУВА-терапия — бұл жарықпен сәулелендірудің ең тиімді түрлерінің бірі. Бұл әдіске теріге жұмсақ ультракүлгін сәулемен және псораленмен (өсімдік тектес дәрілік зат) аралас әсер ету кіреді. Осы ультракүлгін сәулесі денедегі бөрту мәселесін тез шешеді, нәтижесінде пациенттің жағдайы жақсарады.
Галотерапия медикаменттік емдеуді білдіреді, оның негізінде тұзды үңгірдің қасиеттеріне және жағдайына барынша жақын жасанды микроклиматты жасау болатын медикаментоздық емдеуді білдіреді.
Емдік әсер
• бронхиалды құрамның реологиялық қасиетін жақсарту;
• тыныс алу жолдарының дренаждық функцияларын күшейту;
• өкпенің созылмалы аурулары бар науқастардың гуморалды және жасушалы иммунитетін қалпына келтіру.
ФИЗИОТЕРАПИЯ БӨЛІМШЕСІ
Бөлімше науқастардың отадан кейінгі сауығу процесіне қажетті тренажерларымен жасақталған және төмен, жоғары кернеудегі тұрақты электр тоғын, магниттік және электрмагниттік өрістерді, оптикалық және жарықтық диапазондағы электрмагниттік қозғалыстарды, ортаның механикалық қозғалыстарын қолдануға мүмкіндік беретін, аэрозольтерапия, оттегітерапияны жүргізетін BTL (Англия) өндірген заманауи физиоаппаратурасымен қамтылған.
Аэрозольтерапия. Дәрілік аэрозольдарымен тыныс алу емделудің көне әдістеріне жатады. Көптеген мемлекеттің халық медицинасында хош иісті өсімдіктердің ерітінділерін және бальзам заттектерді қыздырғанда немесе жаққанда шығатын бу, түтін аэрозольдері қолданылған. АЭРОЗОЛЬТЕРАПИЯ үшін табиғи және жасанды аэрозольдер пайдаланады. Табиғи аэрозольдерге, емдік қасиеті бар, құрамында жоғары мөлшерде иод, бром және теңіз тұзы бар теңіз жағасындағы шипажайлардың ауасы жатады. Фитонцидтер және хош иісті заттары бар үлкен орман алқаптарында орналасқан шипалы жерлердің ауасы соргытылады.
Аэрозольтерапияны өткізу көрсеткіштері:
* мұрын қуысының өткір және созылмалы аурулары,
* мұрынның қосымша қуыстары,
* ортанғы құлақтың, тамақтың (ринит, синусит, тонзиллит, фарингит, отит және т.б.),
* кеңірдектің, кеңірдекшенің өткір және созылмалы аурулары (трахеит, бронхит, бронхоэктатикалық ауру),
* өкпенің іріңдеуі,
* пневмосклероз,
* бронхиалдық астма,
* реконвалесценция кезеңіндегі пневмония,
  • өкпе іріңдегенде, пневмосклероз, пневмония, өкпенің кәсіби ауруларына ультрадыбыстық ингаляциялар көрсетілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет