Флора және өсімдіктер жамылғысы. Флораның трансформациясы жөніндегі өзекті мәселелер



бет1/7
Дата29.04.2024
өлшемі36,53 Kb.
#201561
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ФФН 2апта
Силлабус 5 курс Основы общей врачебной практики 2023-2024 (2) (1), Лаба №40 Измерение ёмкости конденсатора, ФФН 4 АПТА

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Жаратылыстану факультеті
Биология кафедрасы

МӨЖ


Тақырыбы: Флора және өсімдіктер жамылғысы. Флораның трансформациясы жөніндегі өзекті мәселелер
Оқытушы: Базаргалиева А.А.
Студент: Куантаев А.С.
Мамандығы: 7М05101
Ақтөбе, 2023ж
Қазіргі өсімдік жамылғысының қалыптасуы. Қазақстан табиғатының алуан түрлілігіне, өсімдігінің тарихи дамуының күрделілігіне байланысты онын қазіргі өсімдік құрамы да әр турлі. «Қазақстан флорасы» (1956-1963) енбегінін дерегіне қарағанда Қазақстан жерінде тек жоғары сатыдағы өсімдіктердің 4750-ге жуық түрі өседі. Бұнын көбі шөптесін өсімдіктер, бұталар мен ағаштың үлесі өте аз.
Қазақстан флорасы үштік орман флорасы немесе торғай флорасы және ежелгі Жерорта теңізінің оңтүстік флорасынан дамыған. Торғай флорасы жалпақ жапырақты орман флорасы типтес тайгалық жалпақ жапырақты және қылқан жапырақты өсімдіктердің дамуына бастама болған. Бұлар Орта Азияға негізінде тау жүйелерінен таралған.
Батыстағы Фетид немесе Тетис мұхитын Солтүстік мұхитпен жалғастырып тұрған Торғай бұғазы олигоценде кеуіп қалғаннан кейін, Қазақстан жеріне европалық орман өсімдіктері (емен, шамшат, таксодия мен секвоя) тараған. Бұл флораның қазба қалдығы Зайсан қазан шұңқырындағы тау жұрнағы шоқыларынан табылған. Мұз дәуірі кезінде Қазақстанның қылқан жапырақты орманының аумағы кеңейе түсіп, солтүстік пен шығыстан Орталық Қазақстанның ұсақ шоқылы территориясына таралған. Бұл бореалдық түрлердің (қарағай, майқарағай) оңтүстік таулы аймаққа таралуына жағдай туғызған.
Климаттың бірнеше дүркін салқындауымен биік тау басын мұз басуға байланысты орман өсімдіктері азайып, аумағы барлық жерде дерлік бұрын таралған жерінен кеміген. Сөйтіп Солтүстік Қазақстанда шашыранды жеке қарағайлы шоқ орман, Тянь-Шаньда бөлек-бөлек орман, Алтайда қылқан жапырақты тайга сақталып қалған. Өзен аңғарында жатқан құм төбелердегі қарағайлы шоқ ормандар Қазақстанның шығысына қарай тереңдей еніп, Ертістің оң жағына (жіңішке шоқ ормандар) таралған. Құмдағы шағын аумақты қарағайлы шоқ ормандар Қостанай облысында (Наурзым, Аманқарағай т. б.) кездеседі. Бұл ормандардың шөбінің едәуір түрі дала шөбіне айналған. Қазақстанның қиыр батысыңда, Жайық бойында шамшат, шегершін және терек ағашы ормандары кездеседі. Бұлар Қазақстан территориясына едәуір кешіректе, яғни тарихи кезеңде Орал алды өңірінен таралған. Шөптесін өсімдіктен інжігул, жүрекше тән. Орман Алтайда көбірек және оның флорасы құрамында мұз дәуіріне дейінгі көптеген реликті түрлер (тайтұяқ, орман тоққұдығы, хош пісті бояу шөп) сақталған.
Қазақстанның оңтүстігінде бұрын Орта Азияда өскен саванна қалдығы деп саналатын аз аумақты ксерофитті селдір ормандар кездеседі. Батыс Тянь-Шань тауларында мұндай ксерофитті селдір ормандарда арша өседі, ал бұл таудың қуаң беткейі сары долана, Регель алмұрты, таудаған, тікенді бадамнан тұратын селдір орманға айналған. Жойылып кеткен саванна қалдығы ретінде тау алды шөліндегі қияқ, қоңырбас, тау прангосы т. б. кездеседі. Ертедегі ортаазиялық саванна кезінде, Оңтүстік Қазақстанға тән қазіргі эфемероид флорасының даму орталығы болған. Осы саванна өзінің ежелгі ареалының солтүстік-шығысында біртіндеп шығыс қазақстандық және алтайлық бұталы далаға айналған. Бұл палеоген теңізінің Орталық Қазақстан ұсақ шоқылығынан шегінуіне байланысты батысқа жылжып, Торғай қолаты тұсында шығыс дала мен батыс дала ұштасып, үштік және төрттік кезеңде бұталы-дала өсімдіктері қалыптасқан, Жоңғар мен Тянь-Шаньның таулы, биік таулы ормандарында далалық формация оңтүстікке тарала бастаған.
Үштік уақытына дейін-ақ Қазақстан территориясына Оңтүстік Африка өсімдігіне қатысы бар (жұп жапырақтылардың, қояншөптің кейбір түрлері) және ертедегі Жерорта теңізі провинциясында өскен өсімдік түрлері ене бастаған. Бұлар үштік кезінде Каспий теңізін айналып, Иран арқылы оңтүстіктің жазық шөлдерінде, тау алды мен Батыс Тянь-Шань және Қаратау жоталарында эфемерлердің (тасбеде, жоңьппқа, эспарцет, аканталимон, скалагерия түрлері) дамуына бастама болған. Қазақстан жерінде миоценде Каспий теңізі мен Балқаш маңы аралығындағы теңіз суынан босаған ойпаттарда шөлдің сортаң өсімдіктері кең дами бастаған. Мұз басу кезеңдері аралығында шөл өңірінің аумағы ұлғайып, бореалдық түрлердің оқшаулануына жағдай туған және бұлар кейін оңтүстік таулы аудандарда өздігінен дамып, бір қатар жаңа түрлердің жетілуінің бастамасы болған.
Топырақ тұздылығының кему процесі қарқынды жүрген жерде саваннадан шөлге бұталар (жыңғыл), шала бұталар (жусан), астық тұқымдастар, қияқ тұқымдастар тарала басталған және климатының құрғақтануына байланысты өсімдіктері бұрынғыдан да қуаңшылыққа бейімделе түскен. Плиоценде және антропоген уақытында тау өзендерімен көптеген мөлшерде құм қабаттары тасымалданып, құмды шөлдердің пайда болуына және мұндай жерлерге жсаммофитті өсімдіктер (сексеуіл, жүзгін, құм қарағаны және басқа бұталар) таралуына мүмкіндік туған.
Неогенде альпілік тау жүйелері пайда болу кезінде Памир - Алай, Тянь- Шань және Алтай таулары көтерілген. Бұлармен бірге биіктікке шалғындық және дала өсімдіктері де көтерілген. Бұлардың флорасы күшті сұрыпталу нәтижесінде тиісті өзгерістерге ұшыраған. Сонымен қатар ол Тибеттің альпілік, Сібірдің тау басындағы таулық тундра типтес және тундра флораларымен толыққан. Түрі өзгерген дала өсімдігіне мыналарды жатқызуға болады: алтай қоңырбасы, Крымов бетегесі, тянь-шань бетегесі, қаз жуа, әр түрлі жапырақты қызғалдақ таспаның бірнеше түрі, кекіребас, майда-желек. Таулық биік жерде шабындық өсімдіктерінің бірнеше түрлері (Шейхцер қоғасы, қияқ, қызғалдақ, теңге жапырақ, қазтамақ) болған. Биіктікте Ольга ұшқаты, түркістан аршасы т. б. өскен. Алтай тауының альпілік белдеуінде мүк, ергежейлі тал, қияқ, альпі қоңырбасы, аратіс дриададан тұратын тау тундрасы пайда болған.
Қазақстан флорасы құрамының бір ерекшелігі - эндемик өсімдік түрлерінің едәуір көптігінде. Мұнда 550 эндемиктер түрі бар. Бұлардың ішінде реликт түрлер де бар. Реликт түрлердің бірқатары - ежелгі палеоген саваннасы өсімдіктерінің қалдықтары. Бұлар - қаратау лепидолофасы, қаратау шайтан келмесі, бұташық ақ жапырақ, шымыр строгановия, жүрекше жапырақты строгановия (Қаратауда), недзведския, шымыр ақ жапырақ (Шу-Іле тауларында), спиреантус (Бетпақдалада), строгановия (Орталық Қазақстан ұсақ шоқылығында). Қаратау жотасының оңтүстік бөлігінде және оңтүстік-шығыстағы Шарын ө. (Іле саласы) жайылмасында едәуір көлемде сақталған согдийлік шетен орманы - реликт орман. Қазақстанның қиыр оңтүстігінде (Өзбекстанмен шекарада) әлі де түйежаңғақ сақталған. Алтайдың майқарағайлы ормандарында да реликт өсімдіктер - тайтұяқ, орман тоққұдығы, хош иісті бояушөп бар. Алша және ірі лиана жүзім Қаратау ормандары мен Шу - Іле тауларының оңтүстік-батысында кездеседі. Көкшетау, Баянауыл, Қарқаралы, Қызыларайдағы гранит массивтерінен түзілген жерлерде кездесетін қарағайлы шоқ ормандар да - реликтер, мұнда осы кезге дейін сфагнум өскен шағын батпақтар сақталған. Қазақстанның оңтүстігіндегі ксерофитті селдір ормандар, пісте ормандары, тоғайлар - ежелгі ортаазиялық саванна реликтісі.
Палеоген саваннасының бірқатар реликтері - қаратау лепидолофасы, қаратау көкбасы, бұташық ақ жапырақ, шымыр строгановия, жүрекше жапыракты строгановия Қаратауда кездеседі. Недзведския, шымыр ақ жапырак Шу-Іле тауларындағы, ал спиреантус Бетпакдаладағы реликтер. Орталық Қазақстан ұсақ шоқылығында реликтік строгановия т. б. таралған. Қазақстан флорасына едәуір эндемизм түрлер тән. Эндемиктердің басым түрі Қазақстанның солтүстік-шығысында, Жоңғар мен Тянь-Шаньның таулы, биік таулы аудандарында кездеседі. Бұлар: Ледебур бадамы, бұталардан калофака мен бөріжөке, шөптерден Ильин бозы, тарбағатай бидайығы, қарқаралы ешкі миясы, траутфеттер таспасы, бұта шытыршық, қазақ клаузиясы, қазақстан таспасы, ұсақ бұршақты таспалар, ірі-ірі жемісті шытыр, сайсағыз, ірі гүлді сайсағыз, түкті қаратұқым. Батыс Қазақстанда (Мұғалжарда) кірпі қара тұқымы, пмек таспа, Мұғалжар таспасы, Муғалжар ақжапырағы кездеседі. Шөл флорасы құрамында да эндемик түрлер өте көп: сораңды аюбалдырған, кермек, баялыш т. б.
Өсімдік жамылғысының табиғи зона лар бойыпша сипаттамасы. Өсімдіктерді табиғи-тарихи аудандастыру физикалық-географиялық жағдайларга, ең алдымен климат деректеріне (температура, жауын-шашын және оның түсу сипаты) негізделеді. Қазақстан территориясы орманды дала, дала, шөлейт, шөл геоботаникалық облыстарына (немесе табиғи зоналарына) бөлінеді. Қазақстанның таулы аудандары да жазық өңірі сияқты зоналарға ажырайды, бірақ тау рельефі табиғатқа ерекше өзіндік сипат береді. Сондықтан оның өсімдік қорын шаруашылыққа пайдаланудың ерекше сипаты бар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет