Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы


«Алпамыс батыр» жырын талдау жасау



бет54/76
Дата17.12.2023
өлшемі0,62 Mb.
#197431
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   76
Байланысты:
Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы-emirsaba.org
8 сын тест қаз тарихы, Д ниеж зі тарихы 8сынып Та ырыпты тесті Англия, medicinadagy latyn tili, РА презент, Правила волейбола, фольклор 1-6 сұрақ
64.«Алпамыс батыр» жырын талдау жасау
Жырдың тақырыбы - халықтың бірлігі мен ынтымағын армандаудан туған.
Идеясы - батырлықты дәріптеуге негізделген
Жырдың басты кейіпкері - Алпамыс батыр.
Алпамыс образы ұнамды образға жатса, шығарманың жанрына карай эпостық образға, ал көркем әдебиеттің әдісіне қарай романтикалық та, реалистік те образға жатады.
Алпамыс бейнесін беруде адамның өмірінен тыс қиялшылдық әрекеттер басым пайдаланылса, оған қоса нақты тұрмыс-тіршіліктегі өмір әрекеттері де нанымды суреттеліп отырады.
Алпамыс бейнесін жасауда романтизм әдісі мен реализм әдісі шебер ұштастырылып, сынасыз біріктірілгенін көреміз.
Композициялық талдау:
1)Басталуы:Байбөрінің қайғысы
2)Дамуы:Алпамыстың, онан соң Қарлығаштың дүниеге келуi.
3)Шиеленісуі:Алпамыстың сүйген жары Гүл¬баршынды iздеп барып, Гүлбаршынды алып елiне келуi.
4)Шарықтау шегі:Елiн шапқан қалмақ ханы Тайшыққа қарсы жорыққа аттануы
5)Шешімі:Жетi жылдан соң елiне Ұлтанның көзiн жойып, азып - тозған елiн мақсат - мұратына жеткiзуi.
Жырдың көркемдік ерекшелігі:
Жырда теңеу,эпитет,гипербола,аллитерация,ассонанс қолданылған.Мысалы:Кепедей, төбедей, ошақтай, пышақтай, зындандай, жыландай, т. б.
Жағымды кейіпкерлер:
1)Алпамыс- текті, жаудан сескенбейтін, қорықпайтын, қалың дұшпанға қарсы шабатын, намыс пен арды жоғары қоя білетін, еліне қамқор, отқа салса күймейтін, оқ өтпейтін, қылыш кеспейтін батыр.
2)Гүлбаршын-Сұлу қыз ғана емес халықтың салт дәстүрге, сертке берік, адамдық ар - намыс жолынан айнымайтын адал әйел. Нағыз қазақ қызы. Әйел атаулының ең ұнамды сипаттары болып табылатын көрікті, ақылды, өр мінезді әйел.
Жағымсыз кейіпкер:
Ұлтан-Ұлтан шын мәніндегі құл да емес. Ол – Алпамыстың немере ағасынан туылған бала, Құлтайдан туған бала. Ұлтан өсе келе, Алпамыс секілді ел қамқоршысы емес, өз дәрежесінің үстем болуын көздейтін зорлықшыл, мейірімсіз жан.
Қорытынды:Батырлар жыры немесе қаһармандық эпос - халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан - жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеуметтік қайшылықтар мен тартыстарды бейнелейді. Сондай батырлық жырлардың бірі - " Алпамыс батыр" жыры.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   76




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет