Фонетика жєне оныњ салалары



Pdf көрінісі
бет10/115
Дата07.04.2022
өлшемі0,56 Mb.
#138262
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   115
Байланысты:
Фонетика дарис.
РУССКИЙ Утегенов план
ішкі флексия
деп аталады. Ол кей тілдерге ғана қатысты болып келеді. Фонетиканың синтаксиспен
байланысы сөйлемдер инто-нациясы, пауза, фразалық екпін және мелодикамен тығыз бай-ланыста көрінеді.
Фонетиканың практикалық мәні әр саладан көрінеді. Тіл-дің орфографиясы мен орфоэпиясына қатысты мәселелер
тілдің дыбыстық жүйесін, ондағы жеке дыбыстардың табиғаты мен фонетикалық заңдылықтарды терең білуді қажет етеді. 
Фонетикалық заңдылықтар немесе дыбыс заңдылықтары – дыбыстардың өз қалпын сақтауы мен үздіксіз болып
отыратын өзгерістерін, өзара алмасуы мен тіркестерін зерттеп отыратын дыбыстардың даму заңдылықтары. Дыбыс
заңдылықтары фоне-тиканың күнделікті сөйлеу үстінде жүзеге асатын нақты құбы-лыстардың, аллофондық түрленулердің,
дыбыстың сөздегі ор-нына байланысты болатын өзгерістердің себепшісі болады. Ал-лофондық түрленулер көрші
дыбыстардың әсеріне байланысты жүзеге асады және кез-келген сөзге тән, сол тілде сөйлейтін кез-келген адамның тілінде
кездесе береді. Мысалы, қазақ тілінде етістіктің соңында кездесетін
–ды, -ді
өткен шақ көрсеткіші сөйлеу кезінде
–т
көрсеткішімен алмасатындығы белгілі жайт: барады
– барат, келед і- келет,
т.б. Екі дауыстының арасындағы қатаң
дауыссыздың ұяңдануы
(жақ- жағып, сабақ – сабағы,
т.б.), көрші дыбыстардың бір-біріне икемделуі
(басшы- башшы,
көзсіз – көссіз,
т.б.) сияқты құбылыстар белгілі бір фонетикалық заңдылықтардың әсерінен болатындығы айқын. Мұндайда
арти-куляциялық пен акустикалық өзгерістер қатар жүреді:
мен кел-дім – мең гелдім, тап басты – тап пасты
, т.с.с. Тіл
дами келе шынайы фонетикалық өзгерістер тұрақты күйде көрініс табады: 
қол қап – қолғап, жар қанат – жарғанат,
т.б.
Фонетикалық заңдылықтар деген ұғымды тіл біліміне ал-ғаш рет «младограмматистер» енгізген. Олар бір тілдің
ішіндегі диалектілерде немесе бір-біріне деген талас екі дәуірде қатар жүрген дыбыстардың бір тілге қалай сыйысып
жүргендігі осы жол арқылы түсіндіріледі. Фонетикалық өзгерістер тұрақты заң-дылықтардың арқасында ғана жүзеге асады.
Егер тұрақты заң-дылыққа бағынбайтын фонетикалық өзгерістер кездесіп қалса, олардың өзіндік себебі бар екендігін білу
керек. Мысалы: 
арша-ты – аршалы, қаракөл елтірісі – қарагөл елтірісі, 
т.б. Фоне-тикалық заңдылықтар барлық тілдерге
тән әмбебап болуы да мүмкін немесе бір не бірнеше туыстас тілдердің өзара ұқсасты-ғына байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   115




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет