Фонетика жєне оныњ салалары



Pdf көрінісі
бет14/115
Дата07.04.2022
өлшемі0,56 Mb.
#138262
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   115
Байланысты:
Фонетика дарис.
РУССКИЙ Утегенов план
ауұтқу, бүгөлөк, бүлдүр-гө, бүлдүргөн, бөлтүрүк, күлдрөуүш, мұрұндұқ, өмүлдүрүк,
өтү-рүк, сүңгүуүр, түгөндө, үйүрүм, үрүптөс 
деген сияқты қазіргі-лерге өрескел көрінетін жазуды көреміз.
Лазарь Захарович Будаговтың (1812-1878) «Сравнитель-ный словарь турецко-татарских наречий» деп аталатын екі том-
дық көлемді сөздігінде де қазақ сөздері мол қамтылған. Қазақ лексикографиясы тарихы үшін маңызы бар бұл еңбекте сөздер
араб әрпімен жазылған. Тек екінші томында ғана сөздердің орыс тіліндегі транскрипциясы берілген. Дегенмен, қазақ
сөздерінде орфографиялық ақаулар көп кездеседі.
1875 жылы әскери қызметкер, тарихшы М.А.Терентьевтің «Грамматика турецкая, персидская, киргизская и узбекская»
деп аталатын кітабы шықты. 209 беттік кітаптың 45 беті қазақ тіліне арналған және оны жазуда Н.Ильминскийдің өзімізге
таныс ең-бегін пайдаланған. Сондықтан да мұнда ауыз толтырып айтар-лық фонетикалық жаңалық жоқ.
А.Байтұрсыновқа дейінгі еңбектерде қазақ тілі жүйелі түр-де зерттелмеді, жоғарыда аталған орыс ғалымдарының
еңбекте-ріндегі зерттеулердің ғылыми дәрежесі төмен болды, қазақ тілі-нің өзіндік табиғи қасиеті көп жағдайда ескерілмеді,
бір жақты байымдаулар мен үстірт пікірлерге құрылды, көбіне фиктивті құрылымды тілдердегі ережелерге сәйкестендірілді.
Мысалы, Санкт-Петербургте 1875 жылы жарық көрген М.А.Терентьевтің «Грамматика турецкая, персидская, киргизская»
деп аталатын кітабында қазақ тілі, оның дыбыс жүйесі мен грамматикалық құ-рылысы жайында азды-көпті ғана, қазақ
тілінің қасиетін, мәнін т.б. ерекшеліктерін аша алиайтын мағлұмат берілген.
Ы.Алтынсариннің 1871 жылы Орынборда жарық көрген «Начальное руководство к обучению киргиз-русскому языку»
атты еңбегі қазақтарға орыс тілі грамматикасын түсіндіретін ең бірінші оқу құралы ретінде зор қызмет атқарды. Қазақ тіл
білімі-нің іргетасын қалаушы ғалым А.Байтұрсыновтың ағартушылық жолға құлшына кірісіп, сауаттылықты жою жолында
қазақ тілін жан-жақты талдауына Ы.Алтынсариннің осы еңбегі де үлгі бол-ған сияқты. Ташкентте, Орынборда, Алматыда
жоғары орында-рында профессор қызметін атқару қазақ тілі мен әдебиетін терең зерттеуге ғалымға мүмкіндік жасады,
ұстаздық пен қоғамдық жұмыстарда жүріп, ол зерттеу жұмыстарын тоқтатпаған. 
ХХ ғасыр басында қазақ тіл білімі қазақ топырағында қаз-қаз басып, қанатын қомдап, бірте-бірте ғылым айдынына
шық-ты. Мұның көш басында қазақ халқының «рухани көсемі» (М.Әуезов), қазақ тіл білімінің атасы, қазақтың ұлы
перзентте-рінің бірегейі А.Байтұрсынұлы (1873-1937) тұрды. «1929 жылы 1 мамырда өз қолымен жазған өмірбаянында:
«1901 жылдардан бастап, бала оқытқан кездерден бос уақыттарымда өз бетіммен білімімді толықтырдым. Ал Орынборға
келгеннен кейін ең ал-дымен қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құ-рылсын зерттеуге кірістім. Одан кейін
қазақ алфавитін және ем-лесін ретке салып жеңілдету жолында жұмыс істедім. Үшінші-ден, қазақ жазба жұмысын бөгде
тілдік қажетсіз сөздерден арыл-туға, синтаксистік құрылсын өзге тілдердің әсерінен тазартуға әрекеттендім. Төртіншіден,
қазақ прозасын жасанды, кітаби си-паттан арылтып, халықтың сөйлеу тәжірибесіне икемдеу үшін, ғылыми терминдерді
жасауға кірістім және стильдік өңдеу үлгі-лерін көрсетумен шұғылдандым», - деп жазады. Ол бұл мақсат-тың үдесінен
шықты. Қазақ тіл білімінің терминдерін жасады, анықтама, түсінігін қалыптастырады, алғашқы оқулықтарды жазды. Араб
графикасына негізделген қазақ жазуын жетілдірді.
Тіл дыбыстарының зерттелуіне үлкен үлес қосқан ғалым-ның бірі –
Халел Досмұхамедұлы. «Алаш» қозғалысының көш-басшыларының бірі, қоғам қайраткері, белгілі ағартушы, таби-ғаттану,
анатомия, физиология, зоология пәндерінен қазақ тілін-де төл оқулықтар, ғылыми зерттеулер ман мақалалар жазған, ма-
мандығы дәрігер Халел Досмұхамедұлы «Қазақ-қырғыз тілінде-гі сингорманизм заңы», «Қазақ тіліне латын хәрфін алу
мәселе-сі» атты ғылыми мақалаларында, 1924 жылы Орынборда өткен Қазақ білімпаздарының съезінде сөйлеген сөздерінде
тіліміздегі дыбыстардың ішкі табиғатына қатысты іргелі ғылыми ойлары мен тұжырымдарын айтады. «Мәдениеттің негізі –
6


білім. Білімге тіл арқылы жетіледі. Білімді жұрттардың тілі бай болады», -деп тілдің маңыздылығын жоғары бағалай келіп,
жалғамалы тілдегі сөздердің түбірі өзгермейтіндігін, түбірге бірыңғай жуан, не бір-ыңғай жіңішке дыбыстар жалғанатынын
ерекше атап көрсетеді.
Қазақ тілі дыбыс құрылысының арнаулы жүйемен жан-жақты зерттелуі — кеңес дәуірі тұсынан басталды. Кеңес дәуірі
кезінде жаңа ғылым — қазақ лингвистикасы туды, оның фонетика, грам-матика, лексикология, диалектология, стилистика
сияқты бірнеше салалары пайда болды. Қазақ тіл білімінің арнаулы бір тармағы болған — фонетика саласында едәуір
жұмыс істелді. Фонетика мен фонологияның зерттеу әдістері, тәсілдері анықтала түсті.
Қазақ фонетикасы мәселелерін арнаулы жүйеге салып зерттеу кезеңі проф. Құдайберген Жұбановтан басталады. Проф.
Қ.Жұбанов қазақ лингвистикасының ірге тасын қалаушылардың бірі болды. Ол қазақ фонетикасының бір топ мәселелері
(атап айтқанда — тіл дыбыстарының фонологиясы мен жіктелуі, ды-быстардың өзгеру құбылысы, үндестік заңы, сөздің
буын құры-лысы және акцентуация саласы) жөнінде зерттеу жүргізіп, олар туралы белгілі шешімге келеді. Ғалым бірнеше
негізі зерттеуін осы мәселе арнаған: 1933 жылы «Қазақ тілінің фонетикасы» ат-ты лекциясы жазылса, 1936 жылы «Қазақ
тілінің грамматикасы» орта мектептің Ү класына арналған оқулығының ІҮ бөлімі «Сөз-дің дыбыс құрылысы» деп аталған.
Екі еңбекте қазақ тіліндегі дыбыстық жүйе бірінші рет ғылыми негізге салынып, жүйеленіп, сол кездегі ғылыми деңгейге
сәйкестендіріліп, тілдік деректермен әрлендіріп берілген. өз зерттеулерінде ол А.Байтұрсыновтың тұ-жырымды талдауларын
дамыта түсті.
І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаевтың авторлығымен жарық көрген «Қазіргі қазақ тілі (лексика, фонетика)» оқулығы 1975),
С.Мырзабековтің «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы», «Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі» (1993,2006 т.б.) атты оқу құралда-
рында қазақ тілінің дыбыстық жүйесі толық әрі жүйелі түрде си-патталып берілді. Біршама өзгеріс, ерекшеліктеріне
қарамастан екі зерттеу де қазақ тіліндегі дыбыстық жүйені жаңа ғылыми қырынан таныта алатын іргелі зерттеулер ретінде
бағаланды.
Алғашқы зерттеулерде қазақ тілі дыбыс жүйесі туралы, қа-зақ тіліндегі дыбыстардың саны мен сапасы туралы бірізді
пікір де, қазақша терминдер де жасалған жоқ. Қазақ тілі дыбыс жүйе-сінін белгілі бір мәселесі бойынша арнайы зерттеу
жүргізілген-діктен орыс түркологтары еңбектерінде фонетика таза практика-лық мақсатта болды. Сондықтан олардың
зерттеулері қазақ тілі дыбыс жүйесі жөніндегі алғашқы мәлімет деңгейінде ғана еді. оны төмендегі шолуымыздан байқауға
толық болады. Демек, на-ғыз ғылыми зерттеу А.Байтұрсынов пен Қ.Жұбанов еңбектері-нен басталады деп білеміз. 
Фонетикалық зерттеулердің мақсаты тілдегі дыбыстар-дың құрамын (санын) анықтап, олардың өзіндік белгілерін
табу болып табылатындығы шындық. Қазақ тіл білімінің жан-жақты зерттелген салаларының бірі оның «Фонетика» бөлімі
болып табылады. Профессор Ш.Сарыбаевтың мәліметіне қарағанда қа-зақ фонетикасын зерттеуге арналған еңбектер мол.
Фонетикаға қатысты еңбектер қазақ тілінің дыбыстары, олардың құрамы, артикуляциясы, акустикасы мен перцепциясы,
дыбыс тіркесте-рі, дыбыстық құбылыстар, дыбыстардың үндесімі, буын, екпін, интонация, морфонология, т.б. мәселелерге
арналған. Осындай көп еңбектің жиынтық үлгісі соңғы шыққан «Қазақ грамматика-сының» (Астана, 2002) қазақ тілінің
фонетикалық құрылымына арналған бөлімінде қазақ тілінің дыбыстық құрамы мен жүйесі төмендегідей жолмен зерттелу
керектігі көрсетіледі: «... дыбыс-тың жасалымы (артикуляциясы), яғни дыбыс жасалу тұрғысы-нан талданып-сипатталады;
дыбыстың айтылымы (акустикасы), яғни дыбыс айтылу тұрғысынан талданып-сипатталады; дыбыс-тың естілімі
(перцепциясы), яғни дыбыс естілу тұрғысынан талданып-сипатталады».
 
Қазақ тіл білімінде фонетикалық құбылыстар мен заңды-лықтарды моделдеу дәстүрін ең алғаш енгізген ғалымдар
қатары-на Ә.Жүнісбеков, А.Жұбанов, С.Татубаев, Б.Тайлақбаев сияқты ғалымдар жатады. Модель жасау арнайы тәсіл ретінде
Ж.Әбуов, М.Жүсіпов, А.Қошқаров, М.Райымбекова, А.Жүнісбек, Г.Қайдарова, Ә.Бәйімбетовалардың диссертацияларында да
көрі-ніс тапқан. Бұған қазіргі қолданбалы лингвистиканың дамуы, ақпарат-сараптау, әдістеме саласындағы жаңа
технологияларды пай-далану, қолғанат қондырғылар жасау, компьютерлік технология-ның кең тарауы тікелей әсер етті десек,
еш қателеспейміз. өйткені тілдік моделдер жасау бүгінгі күннің сұранысынан туындап отыр.
Қазақ тілі дыбыстарының зерттелу жайын профессор Ж.Әбуов төрт кезеңге бөліп қарайды. Ғалымның пікірінше әр ке-
зеңнің өзіне ғана тән теориялық деңгейі, зерттеу әдістері, ұстан-ған ережелері болған. Алғашқы кезеңге ХІХ ғасырда орыс
және европа ғалымдары жүргізген зерттеулерді жатқызады. Н.И.Ильминский, В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский қазақ тілінің
дауысты дыбыстарын сан-сапа жағынан «тоғыз дауысты» деп дәл анықтаған. Олардың дыбыстардың артикуляциясын, сөз
құрамындағы естілімін анықтауында қателіктер кеткен.
Екінші кезеңде ХХ ғасырдың басындағы А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедов, Е.Омаров, Қ.Кемеңгерұлы, Қ.Жұбанов
сияқты қазақ ғалымдары тіліміздің дыбыс құрамы мен дыбыс сипатта-малары, дыбыс өзгерістері мен үндестік заңы, буын
құрылымын фонологиялық деңгейде зерттей отырып, фонетикалық қазақы терминдерді қалыптастырып, қазақ тілінің
дыбыстық құрамын сан-сапа жағынан дұрыс анықтаған.
Үшінші кезеңге ХХ ғасырдың 50-70 жылдары аралығында І.Кеңесбаев, Ж.Аралбаев, Т.Талипов, Б.Қалиев, М.Исаев,
А.Қошқаров, С.Татубаев, Б.Тайлақбаев, М.Райымбекова сияқты фонетист ғалымдардың зерттеулері жатқызылады. 
Соңғы кезең 70 жылдардағы С.Мырзабеков, Ә.Жүнісбек, М.Жүсіпов, З.Базарбаева, А.Жұбанов, А.Айғабылов, т.б.
ғалым-дардың зерттеу еңбектерімен бірге фонетикалық зерттеулерде жаңа бағыттар пайда бола бастады, дыбыстық
құбылыстар жаңа қырынан қарастырылды. 
Зерттеушілердің назарынан ешқашанда қазақ тіліндегі ды-быс құрамы, оның сан мөлшері, дыбыстардың сипаттамасы
тыс қалып көрген емес.
Жалпы қазақ тіліндегі дыбыстардың құрамын анықтау әлі бір ізге түскен жоқ. Бұл қайшылықтар көптеген өзге
еңбектерде де сол күйінде қайталанады.
7


Осы күнге дейінгі қазақ фонетика ғылымының өзінше да-му ерекшелігі болды. Қазақ фонетикасы, негізінен,
теориялық тілтаным (лингвистика, языкознание) бағытында, сондай-ақ оқу-әдістеме мұқтажына лайық зерттеліп
келді. Бұл бағыт-тағы зерттеу нәтижелерінің, сөз жоқ, жалпы түркологияның құрамындағы қазақ тіл білімі үшін орасан
зор маңызы болды. Қазақ тілі дыбыстарының құрамын анықтап, артикуляция-сын сипаттап шыққан еңбектер мол.
Әрине дыбыс құрамы мен дыбыстардың артикуляциясын анықтауда ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Дауысты және
дауыссыз дыбыстардың саны жайлы да, олардың жасалымы (артикуляциясы) жайлы да осы-ны айтуға болады.
Ендігі жерде қазақ фонетикасының алдына жаңа міндеттер мен талаптар қойыла бастады. Себебі жер-жердегі ел мен
ел-дің, ұжым мен ұжымның, ғалым мен ғалымның, маман мен маманның араласымы күшейді. өзара мәлімет алмасу
кеңейді. Ендеше кімге болса да (бала мен ересек, оқушы мен маман) жаппай тіл (тілдерді) үйрену бүгінгі күннің өзекті
мәселесі-не айналды. Осыған орай қазақ тілін оқытудың әдістемесін да-мыту, оның мүмкіндігін арттыру, оқулықтар мен
оқу-қүралда-рын дайындау сықылды қозғалыс басталды. Қазақ фонети-касындағы дәстүрлі сипаттама
зерттеулердің нәтижесі мұн-дай үрдіс қозғалыстың талабын қанағаттандыра алмай қалып жатыр. Сондықтан да қазақ
тілінің дыбыс құрамы мен оның жүйесін, қазақ тілінің өзіне тән дыбыстық ерекшеліктерін, тіл-дегі дыбыстық
құбылыстарды абстракты түрде сипаттап емес, көрнекі және нақты түрде көзге елестетіндей етіп беру керек болып
отыр. Оған тек сызба және құрастырма көрнекі қүрал-дар, сондай-ақ ойын құралдар, т.б. арқылы ғана қол жеткізуге
болады. Оқулықтар мен оқу-құралдарының құрамында фонетикалық көрнекі құралдардың тапшылығын байқауға бо-
лады. Оның үстіне компьютер технологиясы мен қолғанат қон-дырғылардың (оргтехника) үрдіске сай дамуы да тіл білімі
ма-мандарының алдына тың талаптар қойып отыр. Компьютер оқу-лықтарын дайындау, қолғанат қондырғыларды қазақша
сөйлету, ақпараттық сараптау (обработка информации) – бүгінде тіл бі-лімі алдында қойылып отырған келелі мәселелердің
бірі. Бүл ба-ғыттағы мәселелер дәстүрлі тіл білімінің зерттеу нәтижелері-мен шешіле қоймайды. Компьютер үшін
фонетикалық сипаттама тұрғысынан жасалған ереже қолайсыз болып табылады, тіптен оны машине түсінбейді. Ендеше
компьютер мен қолғанат қон-дырғылар жүйесіне икемделген, машина тіліне түсінікті фоне-тикалық зерттеулердің
нәтижесін ұсыну керек. Ондай зерт-теулер дыбыстың формальды белгілеріне сүйеніп жасалған мо-дельдер болу керек.
Осының бәрі қазақ фонетикасы саласында-ғы зерттеулердің де бағыт-бағдарын өзгерте бастады, жаңа әдіс-амалдар
іздестіруге тура келіп отыр. Сөйтіп әлемдік тілтаным әлдеқашан ден қойған қолданбалы лингвистикаға қазақ тіл
білімінің де бет бұруы бүгінгі күннің талабынан туындап отыр. Қазақ тілінің фонетика-фонологиялық абстракты
заңдылықтары кесте, сызба сурет және құрастырма фигуралар түрінде нақ-тыланбай, қазақ қолданбалы
лингвистикасының дамуына жағдай жасалмайды. Қазақ фонетикасындағы зерттеулердің осылай ойыса бастағаны да
сондықтан.Соңғы кезде жалпы фо-нетиканың (общая фонетика), оның ішінде түркі фонетикасы-ның (тюркская
фонетика) жеке бір ғылыми саласы болып қа-лыптаса бастаған үндесім фонетикасы (сингармоническая фоне-тика) қазақ
тілінің дыбыстық құрамын жаңа тұрғыдан зерттей бастады. Үндесім фонетикасына лайық өз ұғым-атаулары пайда болып,
тілдегі үйреншікті болған дыбыс құбылыстары жаңаша түсіндіріле бастады. Әсіресе айырым белгілер теориясы жа-
ңа фонетикалық мәліметтерге мұқтаж болып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   115




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет