«Функционалды сауаттылық – білім сапасын жетілдірудің негізгі бағыты» тақырыбы бойынша өткізген коучинг сабағының жоспары



бет5/5
Дата28.11.2019
өлшемі1,41 Mb.
#52709
1   2   3   4   5
Байланысты:
Коучинг жоспары


Тыңдайды


Қай желіде достарымен көбірек араласатынын таңдап, топқа бөлу

Әрбір топ берілген тапсырмаларын орындап шығады.


«Бас бармақ» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды

суреттер бойынша ертегі құрап жазады








дискриптор:

  • Суреттерді дұрыс пайдаланды

  • Ертегі мазмұны қызықты

  • Сөздер мен сөйлемдер үйлесімді болды

  • Ертегі терең мазұнды

Критерий бойынша бағалау мен өз бағалағандарын салыстырады.





Кері байланыс

«Ашық хат»

Ашық хатқа пікірлерін жазады




Рефлексия




Тілектерін білдіреді





Сиқырлы жүзік

Бiр кедей шаруа күнi бойы жұмыс iстеп, қатты шаршайды. Бiр ағашты әрең кесiп жерге құлатқанда, жоғарғы жағынан екi жұмыртқа домалап түседi де, жарылып қалады. Бiрiншiсiнен бүркiттiң балапаны шығады да, лезде өсiп, адам бойымен бiрдей болады. Екiншi жұмыртқа жарылып, одан жүзiк шығады.

Бүркiт қанатын қағып-қағып қалады да, кедейге:

- Ей, адам ұлы! Сен менi құтқардың. Мен саған мынау жүзiктi сыйлаймын. Бұл – сиқырлы жүзiк. Бұл жүзiктен өмiрiңде бiр-ақ тiлек тiлейсiң. Тiлегiң орындалған соң жүзiгiң сиқырын жоғалтып, жәй жүзiкке айналады. Сондықтан тiлегiңдi айтпастан бұрын жақсылап ойлан -дейдi. Кедей шаруа қуаныштан жүрегi жарылардай боп үйiне қайтады. Жолда зергердiң дүкенiне соғып, зергерден өз қолындағы жүзiктiң қанша тұратынын сұрайды. Зергер: – Екi алтындай болатын шығар, – дейдi. Кедей сиқырлы екенiн, оған ешбiр баға жетпейтiнiн айтады. Зергер қара жүректi, арам адам едi. Ол кедейдi қоярда-қоймай қонаққа шақырады. Үйiнде ұйықтап жатқан жерiнде егiншiнiң жүзiгiн ұрлап алып, соған ұқсас жәй жүзiктi салып қояды.

- Жүз мың алтыным болса, – деуi мұң екен, үстiне алтындар жауа бастайды. Зергер жанталасып, арлы-берлi қаша бастайды, бiрақ есiктi аша алмайды. Дүниеқоңыз зергер алтынға көмiлiп өледi,

Ал қайырымды егiншi болса, әйелiне жүзiктi көрсетiп, болған жайды айтып береді.

- Бiз жер тiлейiк. Егiстiкке жер жетпей жүр ғой, – дейдi. – Жоқ! Бiр жыл тырмысып еңбек етсек, жердi өзiмiз-ақ сатып аламыз, – дейдi күйеуi.

Сол жылы өнiмдерi мол болып, жер сатып алады. Егiншiнiң әйелi:

-Ендi жүзiктен жылқы мен сиыр тiлейiк, – дейдi. – Соны да жүзiктен сұраймыз ба?

Тағы бiр жыл ерiнбей еңбектенсек, оған да қол жеткiземiз, – дейдi кедей. Келесi жылы жылқы мен сиыр сатып алады. Әйелi тағы да:

- Енді бұл сиқырлы сақинадан патша боламын, зәулiм сарайда тұрамын деп Шаршап-шалдығып жүргенше, рахатқа батып, тыныш отырмайсың ба?-дейдi. Сонда егiншi тұрып:



- Бiз әлi жаспыз, өмiрiмiз алда. Аллаһқа шүкiр, бiзде қазiр бәрi бар. Жүзiктен бiр тiлек сұрасақ, сиқырын жоғалтады. Алдымызда қиын жағдайлар тап болмайтынына кiм куә? Бiздi қандай сынақтар күтiп тұрғанын қайдан бiлемiз? – дейдi. Ерлi-зайыптылардың арасындағы келiспеушiлiк осымен бiтедi. Кедейдiң қоймалары жыл сайын астыққа толып, бақытты да бақуатты отбасының бiрiне айналады. Жылдар зуылдап өтiп жатады, адал еңбекпен өмiр сүрген егiншi де өмiрден өтедi. Жерлейтiн кезде немерелерiнiң бiрi қолындағы жүзiктi шешiп алмақшы болады, екiншiсi оған қарсы болып:

- Атамыз өмiр бойы бұл жүзiктi қатты қадiрледi, өзi үшiн аса қымбат ескерткiш болса керек. өзiмен бiрге кеткенi дұрыс болар, – дейдi. Осылай үйге бақыт пен байлық әкелген жай жүзiк егiншiмен бiрге көмiледi.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет