Жер десе дірілдемей болмайды: жер мәселесі – өмір сүру мәселесінің зоры.
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан
Мен қажет болса, ұлтым үшін өз өмірімді де қиямын
Мұстафа Кәмәл Ататүрік
Өмір шыңға шыққанмен бірдей. Асықпай шығасың, зымырап түсесің.
Ги де Мопассан
Кім өмірді қадірлей білмесе, ол оған тұрмайды
Леонардо да Винчи
Өмір деген осы, бүгін бар, ертең жоқсың. Сен кетті екен деп өмір-өзен ағысын өзгертпейді.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев
Адам – керуен, өмір – жол
Сәкен Сейфуллин
Ұят — адам өміріндегі сенімді жол басшы.
Лев Николаевич Толстой
Өмір егер ащыны бермесе, тәттіні білер ме едік, тәттіні бермесе, ащыны білер ме едік?
Ғабиден Мұстафин
Сұм өмір абақты ғой саналыға.
Мағжан Жұмабаев
Өмір — қимыл-қозғалысты талап етеді.
Аристотель
Біз организмімізге немқұрайлықпен қараушылықтан өз өмірімізді өзіміз қысқартамыз.
Павлов Иван Петрович
Өмір үшін тамақ қандай қажет болса, денсаулық үшін еңбек те соншалық керек, ал дырдумен күн кешіру түбінде адамға ауру болып жабысады... Еңбек өмірдің шырағына май құяды, ал қиял оны тұтандырады.
Джон Беллерс
Әлемдегі үздік білім — өмір үшін күресте беріледі.
Уэнделл Филлипс
Достық — өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да барлық басқа игілікке ие бола тұрса да , дос-жарансыз өмірді қаламақ емес.
Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық.
Бауыржан Момышұлы
Көп өтірік айтатын адамдар шыншыл болып көрінуге тырысып бағады
Цицерон Марк Туллий
Он бес жасымда мен білімге бет бұрдым. Отыз жасымда бағынышсыз тұрмысқа қол жеткіздім. Қырық жасымда күмәннан арылдым. Елу жасымда көктің еркін таныдым. Алпыс жасымда шындық пен өтірікті ажырата бастадым. Жетпіс жасымда жүрегімнің қалауына ере бастадым.
Конфуций
Өмірде өтіріктің үш түрі бар: жәй өтірік, көзіңізді бақырайтып қойып айтылатын бетсіздердің өтірігі және статистика.