Г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев Әлем әдебиеті г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев



бет1/49
Дата23.10.2016
өлшемі4,5 Mb.
#25
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Г. А. Дүйсенбиева Б.У. Курбаналиев

ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІ

Г. А. Дүйсенбиева Б.У. Курбаналиев

ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІ

оқу құралы

Шымкент 2016, ж

УДК 378(075.8):82.09

ББК:84(0)

Д. 79


Дуйсенбиева Г.А., Курбаналиев Б.У.

Д. 79 Әлем әдебиеті: оқу құралы.- шымкент, 2016.- 272 б

Пікір жазғандар:

п.ғ.д., профессор Д.А. Кемешев

п.ғ.д., профессор Г.Т. Мусабекова

ф.ғ.к., доцент Ә.Ә.Ақкөзов

ф.ғ.к., доцент Ұ.С. Қайырбекова

ISBN 978-9965-07-757-9

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов. 

Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның  білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр. «Кітап маған тақтан да қымбат», - деп атап көрсеткен Шекспир.


УДК 378(075.8):82.09

ББК 84(0)

ISBN 978-9965-07-757-9

@Дуйсенбиева Г.А., Курбаналиев Б.У., 2016



Алғы сөз
Өзінің биік, таза рухани қасиетімен

Кітап мәдениет пен руханиятты қорғауда теңдесі жоқ қару болып табылады.

Кітап адамзат баласына ағарту һәм

білім сыйлайды.

Н.Ә. Назарбаев

Осы оқу құралында ұсынылып отырған әлемдік әдебиеттің көрнекті өкілдерінің өмірі мен қызметінің сипаттамасы институттар мен университеттерге арналған. Бұдан басқа, осы оқу құралында келтірілген көптеген жазушылардың шығармашылық жолы мектептер мен колледждерде оқытылады.

Кез - келген халықпен бүкіл дүниежүзі білетін әрі құрметтейтін әдебиет қайраткерлерінің арқасында, сол халықтың әдебиеті арқылы танысуға болады. Қазақ елінде А.Құнанбаев, қырғыз халқында Шыңғыс Айтматов тәжіктерде Абдурахмон Шәмші, өзбектерде Алишер Навой, әзербайжан халқында Низамий Ганджавий, парсы халқында Фирдауси, грузин халқында Шота Руставели әлемдік әдебиеттің ұлы классиктері болып табылады. Олардың шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.

Әдебиетте шекара жоқ. Шығарма қандай тілде жазылса да, егер де онда таланттық таңбасы болса, оны бүкіл дүниежүзінде оқиды. Кез - келген ұлт өз бейнесін әдебиет арқылы таныта отырып оны бүкіл дүниежүзіне де таныта алады.




Гомер
Гомер б. з. д IX ғасырда Афинада өмір сүрді. Алайда антикалық дәуірдің кейбір зерттеушілері, ол б. з. д VII ғасырда өмір сүрген деп есептейді. Олар Гомердің барлық шығармалары оның өзі куә болған грек-троян соғыстарымен байланысты деп тұжырымдайды.

Гомер - грек әдебиетінің түп атасы. Бұл ұлы ақынды әлемдік әдебиеттің алғашқы ақыны деуге де болады. Бізге дейін Гомердің екі ірі шығармасы жеткен. Бұдан басқа, мифологиялық сипаттағы 15-20 әннен тұратын гимндерді де соның есімімен байланыстырады.

Көне гректер Трояны «Илион» деп атағандықтан, Гомер өзінің ол туралы шығармасын «Иллиада» деп атады, ол «Одиссея» атауы Итака патшасымен байланысты. Онда Троя соғысынан жеңіспен оралған Одиссейдің таңғажайып теңіз саяхаты туралы баяндалған.

«Иллиада» мен «Одиссеяда» біз, мүліктік және алеуметтік теңсіздіктің күшейгенін, ру мен оның басшысының билігінің әлсірегенің, бірге билікке таласқан артықшылықтарға ие болған көп санды алеуметтік топтың пайда болғандығын байқаймыз. Соғыс арбаларында соғысушы патшалар мен ақсүйектер және жеңіл қаруланған жаяу әскердің қалың бұқарасының арасында жер мен көктей алшақтық пайда болды. Біз жерге құн салығын төлеп отыратын ұсақ жер иелерін, ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін жалдамалы еңбекшілерді, күндік табыс үшін жұмыс істейтін жұмысшыларды көреміз. Ахилл Одиссейге айтқандай бас бостандығы бар бұл гректердің өмірі өлім мен қабірдегі азаптан болмашы ғана дәрежеде артық. Ахиллдың сөзіне қарағанда ол өліктердің патшалығында билік еткеннен гөрі сіңірі шыққан кедейдің жерінде күндік табыс үшін жұмыс істегенді артық санады.

Геродоттың Гректерге құдайларды тасап берген Гомер мен Гесиот болды деген тұжырымға біршама дәрежеде әділ болыпта табылады. Бірақ шын мәнінде Зевс болжаған олимпиялық құдайлардың әлемі Гомер мен Гесиоттың ғана қиялының жемісі емес еді.

Гомердің қаһарманы құдайлар мен өзіңің жан дүниесі арқылы байланысқан, олар оның бүкіл ой-қиялы мен қылықтарына әсер етіп отырады. Міне Агамемноға ызаланған Ахилл өзін ызаландырған оған бас салу үшін өз қылышына жабыса кетеді, алайда оның ішкі жан дүниесінде қандай да бір өзгеріс болады да ол қылышты қынына сала қояды. Гомер болған оқиғаны әйел құдай Афинаның пайда болуымен түсіндіреді, ол батырды өзінің ашуын басуға шақырады. Құдайлар пенделердің кез - келген шешімдеріне осылайша ықпал ете алады, ал күдіктенген сәтінде олар қаһармандарға өз - өзіне деген сенім мен батылдықты бере алады. Дегенмен құдайлардың әрекеттерінде ешқандай да тылсым нәрсе, арамдардың олардың саналы еркіне қарсы қылықтарының бағытын анықтап берер ештеме жоқ. Афина Ахиллды құдайлардың бұйрығын көрсоқырлықпен орындай беруге міндеттемейді, ол оны ақылға келуге шақырады, мойынсынуына көзін жеткізеді. Бұл құдайлардың әрекеттеріне тән нәрсе және де олардың әрқайсысы адамдардың санасында айқын даралыққа ие болғандықтан ежелгі Эллиндердің ой санасына да солай ықпал еткен.

Бастапқы да ақсүйектер елитасының саудамен шүғылданған адамдарға деген көзқарасы мүлдем теріс болды. Бұған текті фракийлік Эвриалдың («Одиссей») Одиссейге айтқан мына сөздері куә.

О. Қонақ ер азаматқа ұқсамайсын сен ойынға шебер,

Ұқсамайсын пенделер арасында болып тұратын сайысқа шебер.

Ұқсайсын сен ескеншілерге бас болып,

Тауарын сату пайда табу үшін теңізбенен жиі жүзген.

Бұдан басқа Гомердің есімімен грек - троян соғысының себептері баяндалған «Киприя» шығармасын да байланыстырады. Бізге дейін бұл шағарманың жие үзінділері ғана жеткен.



Гесиод

VIII б.з.д
Гесиод б. з. д VIII – VII ғасырда өмір сүрді. Ол Кіші Азияда туса да, тағдырдың жазғанымен ол Беотида өмір сүрді де Грекияның ең атақты ақындарының бірі болды. Бізге дейін оның «Еңбектер және күндер » атты поэмасы жетті. Гесиоттың әкесінің бүкіл мұрасын иеленіп алған Перс атты ағасы болды. Бәлкім Гесиодтің өзінің кіші Азиядағы туған қаласын тастап кетуі содан болуы керек. Өз поэмасында ол Перске өсиет айтады. Поэма ақынның еңбегін құрметтеуге, жағымсыз қылықтардан бас тартуға шақырады. Әйтсе де оның сюжеті мифологиялық (аңыз әпсаналық) болса да, поэма өмірдің дидактикалық сипатына ие.

Гректерге дейінгі көптеген құдайлар мен жындардың тумастай әлемі жаңа діни жүйеге енбей қалды. Дегенмен жаңа дін жеңіске бірден жете қойған жоқ: гректерге дейінге ескі наным - сенімдермен күрестің жанғырықтары жердің әйел құдайының балаларының олимпиялық құдайлармен соғысы - титандар соғысы туралы баяндалатын - титанамагия туралы аңызда естіледі. Жаңа діннің Зевс діннің, тәртіп пен үйлесім дінінің алғашқы қауымдық, жөнсіз жабайы соқыр күштерді бейнелейтін алыптар мен титандарға деген ескі сеніммен күресіндегі орнығуының ұзақ процессін бейнелейтін аңыздарды Гомер мен Гесиодтың поэмаларында кездестіруге болады.



Эсхил

(б.з.д.525-456 ж.ж.)
Әлемдік әдебиет тарихында Эсхил «трагедияның атасы» деп есептелінеді. Эсхил гректің Элевсин қаласында туған. Жас кезінде грек -парсы соғыстарына, әсіресе Марафон, Платей, Саламин шайқастарына қатысқан.

Өзінің шығармашыл ғұмырында 90 – дай трагедия жазып шықты, алайда бізге дейін олардың жетеуі ғана жетті, олар: «Орестей» трилогиясын құрайтын «Перси», «Жетеуі Фифке қарсы,» «Жартасқа көгенделген Прометей» «Агамемнон», «Хоэфорлар», «Эвменидтер», «Жартасқа көгенделген Прометей» трагедиясы мифологиялық сипатта болса да, біз үшін оның белгілі бір тарихи құндылығы бар. Оның қаһарманы Прометей кавказ тауларыны көгенделіп байланған, ал оның назары скифтердің иеліктерімен амазонкалардың алқабының шексіз кеңістігіне бағытталған.

Аттикалық трагедия өзінің өшпес даңқы үшін б. з. д V ғасырдың ұлы ақындары Эсхилге, Софокл мен Еврипидке қарыздар. Бұлардың біріншісі тумасынан ақсүйектер тобына жатса да өзінің бүкіл шығармашылығымен жаңа туындап келе жатқан афиналық демакратия идеясымен байланысты. Бұл шығыс деспотизмі мен парсы патшасы Ксерокстың озбырлығы афиндықтардан жеңіліс тапқан. «Парсылардан» ғана емес, сонымен бірге бәлкім Эсхилдың бұдан да жетік шығармасы «Орестеядан» да байқалады.

Әрине Эсхилда өзімен замандас адамдарға тән толықтай діни этикалық ұғымдарымен ойлады. Ақиқаттың, әділдіктің, игіліктің шекаралары оның трагедияларының көпшілігінде мейірімділік үшін рахымын беретін, зұлымдық үшін, пенделердің қылықтарында оның бұйырған шектерінен алып кеткендігі үшін жазалайтын құдаймен айқындалған. Міндетті түрде болатын әділ жаза заңы Эсхилдің барлық қаһармандарының тағдырында көрініс табады.



Софокл

(б.з.д.496-406 ж.ж.)
Б. з. д 441 жылы Софокл Афинадағы жоғары мемлекеттік лауазымға стратег болып сайланған болатын. Өзінің шығармашыл өмірінің 60 жыл ішінде 120 дан астам шығарма жазды, алайда олардың көпшілігі бізге жеткен жоқ.

Драмалық ақындардың арасындағы дәстүрлі сайыстарда 24 рет жеңілпаз атанды. Софоклды Эдип туралы аңыздар қатты қызықтырды. Олардың негізінде оның тарапынан «Аякс», «Электра», «Филок-тет», «Тракиняндар» атты трагедиялары әлемдік әдебиеттің көне жәдігерлері болып табылады.

Егер де Эсхилда құдайлардың еркі әдеттегідей әділ болса, Софоклда болса, ол ең алдымен аса құдіретті болып келеді. Оның трагедияларының қарама - қайшылығы – адам мен жазмыштың арасындағы драмалық текетірес құдайлардың белгілеген, жазылмаған заңдары жан Аиданың жер асты патшалығында мәнгіге тыныштық табу үшін өлі денені жерлеуді талап етеді, алайда тәкаппар адам өзінің енгізген мемлекеттік заңдарына сүйене отырып бұған кедергі жасауға тырысады, міне сонда барлық бақытсыздықтар бірінен соң бірі оның басына келе береді (Антигондағы қақтығыс пен Креонт патшалығы «Антигондағы»).

Танылмайтынмен күресуге ұмтыла отырып, құдайдың алдын - ала айқындап қойғанының орындалуына кедергі келтіремін дей отырып, тұлға өзін - өзі жазмыштың болмай қоймайтын жазасына душар етеді. («Эдип – патша»). Алайда құдайлардің еркі аса құдіретті болғандықтан, оған қарсы келуге батылы жеткен адамдар да, жарқын әрі таңғажайып: Креонт пен Эдип міне сондай жандар.

Құдайдың жазылмаған заңдарымен жүру құқығына ие болу үшін қалай да болсын күресетіндер де ұлы әрі құдретті: антикалық трагедияның күшті, мойымайтын және батыл қаһарман қыздарының галереясын Софоклдағы Антигона мен Электра ашады. Аристократияға жақын Софоклға текті тастардың және де бір кездері гректердің өмірінің көптеген тұстарын басқарған делефийлік ғибадатхананың қамқоршысы-құдайдың өзінің бір кездердегі беделі естелік болып қалды.

Еврипид

(б.з.д.480-406ж.ж.)
Еврипид Саламин аралында жері бар текті афиналық отбасынан шыққан. Антикалық авторлардың сөздері бойынша Еврипид сөздің өте тамаша шебері болды. Өз талантының дәрежесі бойынша ол Эсхил мен Софоклдан асып түсті. Ақынның әдеби мұрасынан біздің заманымызға дейін 17 трагедиясы мен 1 сатиралық драмасы жеткен. Олар: «Алкестида», «Медея», «Ипполит», «Ион», «Гекуба», «Геракл», «Троянка», «Электра», «Йфи-гения», «Тавриде», «Елена», «Андрамаха», «Финикиялық әйелдер», «Циклон», бұлар әлемдік әдебиеттің сәні болып табылады.

Әсіресе «Алкестида» трагедиясы ерекше әйгілі. Бұл туындыда – адам тағдырының философиялық мәні жатыр. Онда Адмет патшаның тағдыры жайлы және сонымен байланысы туралы баяндалады.

Дәстүрлі түрде ойлайтын көне діни наным - сенімдер мен ырым -жоралғыларды жақтайтын Сафоклға қарағанда Еврипидте кейде құдайға қарсы келушілікке дейін барып қалатындығы басым. Үш ұлы трагедиа графтық кішісінде құдайлар қатыгез әрі әділетсіз адамдардың тағдырын олар емес адам жанының жоқтатып тұра алмайтын құлшынысы оларды қасіреттің бір тұнғиығынан екіншісіне лақтыра отырып айқындайды. Егер де Софокл үшін Апполонның еркі мен беделі мызғымас, кіршіксіз, абсалюттік болса, Еврипид болса құдайдың культ бәрін алдын - ала айқындап беруші қатал, оны қарапайым пенде секілді кекшіл әрі кешірмейтін деп атай отырып шабуылдай түседі. Ясон «Медеяда» қорқақ әрі өте нашар адам ретінде көрінсе, ал патшаның қызы Электра кедей шаруаның әйелі болып қалғанда, әпсана бұзылады да қасиетті аңыз дүнияуи қиссаға айналып шыға келеді.

Еврипид белгілі бір мәнде музыканы оның сахнадағы құқығында қайта қалпына келтірді, алайда мұны хорды күшейту арқылы емес, актерлер үлкен жеке арияларды орындауы арқылы жүзеге асырды; хор партиялары болса, таза музыкалық әсер туғыза отырып, драманың әрекетімен аз байланыста болды. Еврипидтегі жеке ариялар орындалған экспрессиялар орындаудағы едәуір шеберлікті талап етті, бұл касібилікке және театр музыкасының шығармашылықтың жеке түрі болып бөлініп шығуына алып келеді.


Аристофан

(б. з. д 445 – 385 ж ж)
Тарихта «комедияның атасы» ретінде белгілі Аристофан 40 тан астам комедия жасады, оның бізге дейін тек 11 ғана жетті, олардың ішінде антикалық дәуірдің «Ахарендіктер», «Бейбітшілік», «Лисистрата», «Салт аттылар», «Аралар», «Құстар», «Бұлттар», «Бақалар» атты атақты комедиялары бар.

Аристофан әлемдік әдебиеттегі комедияның негізін қалады. Өзінің шығармашыл өмірінің бүкіл 40 жылы бойы ол комедиантардың сайыстарында бас жүлдегерді жеңіп алып отырды. Оның шығармашылығындағы жетекші орында соғыс пен бейбітшілік тақырыбы тұрды. Әсіресе, бұл тақырып «Лисиотрата» комедиясында көтеріледі, мұнда ерекше назар халықтың өмір салтына бөлінеді.

Өзінің ұнатулары бойынша керітарпа антикалық шаруалар мен қала халқының орта тобына жақын жатқан Аристофанның шағармашылығының мысалында көне атикалық комедияның өткір саяси сипаты байқалып тұрады. Егістіктерді тып - типыл етіп жермен жексен еткен, сауданы күйреткен Пелопоннес соғысы жылдарында коммедиограф бар күш - жігерімен бейбітшілікті насихаттаумен болды. («Ахареняндықтар», «Бейбітшілік», «Лисиотрата» комедиялары). Аристофонның ертедей сақталып қалған б. з. д 425 жылы қойылған «Ахареняндықтар» атты комедиясында қаһарман афиндік қарапайым азамат Диксопаевтің сөзімен автор афиналық саясаткерлердің соғыс құмарлығын келемеждеп, бейбітшілікті дәріптейді.

Аттикалық комедия ұлы қаланың шынайы саяси драмаларын аллегориялар мен символдарда ойнады.

Мазмұны бізге мәлім комедиялардың өткір ұшы әдетте радикалдық – демократиялық топтың көсемдері Периклға, ол кейінірек Клеонға қарсы бағытталды. Комедиографтар саясаттағы, өнердегі өткенді мадақтауы таңқаларлық емес. «Бақаларында» қарт Эсхилді мадақтап, жаңашыл Еврипидті жағымсыз етіп көрсеткен мен ғана Аристофан емес, сонымен комедияның өзге де авторлары сахнаға өткен дәуірдің кейіпкерлерін шығарып, аларға өмір сүріп жатқан өз замандастарын қарама - қарсы қоюды ұнатты. Кратинның «Заңдарында» көрермендерге сахнадан Солонның өзі қайта оралуды шақырып үн қатты. «Демдар» комедиясында Эвполид жер асты патшалығынан өлген Мильтиадты, Ариспидті, Сосонды тірілтіп шығарып отырды, содаң соң олар қап-қаранғы Аидқа қайта түсіп отырды.

Вергилий

(б. з. д 70-19 ж ж)
Ұлы ақын Вергилийдің өмірі мен шығармашылығы Римде әдебиет пен өнер өзінің гүлдеген шағына жеткен Августтың дәуіріне тұспа - тұс келді. Вергилий үш туындыны қалдырды: олар – «Буналиктер» («Шопан өлеңдері»), «Георгиктер» («Шаруалар өлеңдері»), «Энэйда». Бұларда ол адам назарына шағымды көріністерді келтірген.

Вергилийдің ең басты сіңірген еңбегі – ол ежелгі замандарда шопандар әндерінің негізін қалады. Вергилий күлдіргі әңгімелерді халық аңыздарын өз құлағымен естіп қайту үшін Грекия мен кіші Азияға саяхатқа шығуды армандады.

Ол поэзияның әртүрлі түрлері мен жанрларын батыл қоса білді, эпос пен лириканы қосты, нәзік жан толғаныстарың сипаттауда бұрын -соңда болмаған терең ойлылыққа қол жеткізді. Өз өлеңдерінде ол махаббат пен достықтағы сенімділікті шырқады, ерлікті, дүниенің қызығынан бас кешуді дәріптеді. Оның туындылары халық тарихының тұрмысын әдеп - өнегесі мен қайғы мұңының кең көрінісі болып табылады.

Вергилийдің дидактикалық поэмалары «Георгикидің» 4 кітабында ежелгі Италиядағы шаруа еңбегі мен ауыл өмірін шырқайды.

«Георгиктерге» үлгі ретінде александриялық дидактикалық поэмалар болды, алайда құрған сарынды тақпақтарды дер өңдеу мен астрономия бойынша нұсқаулар келтірімімен олармен салыстырғанда, «Георгиктерде» Вергилийге схематизмді болдырмаудың сәті түсті, шаруалардың еңбегі мен өмірінің көрінісі қысқа, ықшам және де өте мәнерлі өтіп берілген. Поэманың жартысына жуығы тамаша философиялық шегіністер – ақынның табиғаттағы үйлесім, әлемінің құрылысы туралы, шынайы шаттық әлемдік тәртіппен үйлессе, саналы, ізгілікті әрі әділетті түрде өмір сүріп жатқан егіншілердің бақыты туралы ой-толғаныстары құрайды.

«Энейда» атты римдік ұлтық эпопея Гомердің туындыларының жанында лайықты орынды иеленді. Қаһармандық эпосты халықтың өзіндік ақыл ойын, оның Гомердің қаһармандарының аңызға айналған дәуірінен соншама алыс жатқан уақыттағы жалпылық тарихи сана-сезімін білдіру оңай шаруа болды.

Вергилийдегі Эней - тақуа әрі батыл, шынайы римдік. Өзінің барлық әрекеттерінде өзінің құдіретімен адамдардың мәнгі дүние жайлы армандарын жүзеге асыруға міндетті. Римның болашақ күш - қуатын алдын - ала айқындап берген құдайлардың алдын - ала тағдырға салғанымен жүреді.

Жер бетінде бейбітшілікті, заңдардың салтанат құруы мен ескі римдік ізгіліктердің қайта тізгілуін қамтамасыз ететін мәнгі қаланың жаңа билеушісінің іс - әрекеттері Энейдің диуаналығы мен қасіретті өміріне мән - мағына беріп оны ақтап тұрғандай. «Энейданың» патриотизмі мен азаматтық тебіренісі оны, «өздері үшін, муза үшін» жазған Александриялықтардың поэмаларынан жоғары қояды. Грек әдебиетінің ең тамаша үлгілерімен, «Буколиектердегі» феокриттің идиллияларымен, осылардан шыққан Гесиод пен Араттың, «Георгиктарындағы» дидактикалық поэмаларымен, Гомермен Родосстың Аполлонийдың эпопеяларымен шабыттанған «Энейдада» Вергилийдің шығармашылығы оны тудырған Италия жерімен тығыз байланысты терең шынайы құбылысты білдіреді.

Одан бұрынғы Александриялықтардың туындыларынан Вергилийдің туындылары формасы мен композициясы бойынша да ерекшеленеді. Оларда Александриялық шытырман таңдамалылығы жоқ. Олар классикалық стилдік қағидаларға сәйкес үйлесімді түрде құрылған, классикалық тілмен жазылған.

Егер де қарапайым адамдар Римге киниктерді тыңдаған болса, Август дәуіріндегі зиялы қауым бұрынғысынша стоиктердің философиясының ықпалында қала берді. Италияда орныққан ішкі дүние принцип тұсында Құдайдың алдын - ала жазғанына деген сенім мен нанымды туғызды. Ол стоиктер үйреткендей, әлемді билейді. Бұл наным Құдайдың алдын - ала жазғаны арқылы өзге елдер мен халықтардың үстінен билік жүргізе отырып, оларға бейбітшілік пен гүлденуді алып келетін Рим мемлекетінің тарихи тағдыры идеясымен ұштасып жатты. Римнің тағдырындағы Құдай еркінің жүзеге алуының бұл идеясы «Энейда» поэмасын жаулап алған. Вергилий жастық шағында эпикуршылардың ықпалында болса, кейінірек ол Энейдадан көрініп тұрғандай стоиктер философиясына бет бұрады. Көзқарастардың мұндай эволюциясы азаматтық соғыстар мен республикалық құрылыстың ыдырау кезеңін бастарынан өткізген және әлемнің жаңа уақыттарын қуана қабылдаған көпдеген адамдарға тән болды.



Овидий

(б. з. д 43 ж –б.з.17 ғ)
Римдік эротикалық поэзияның шыңы Публий Овидий Назон шығармашылығы болды. Вергиний мен Горацийдің кеші замандасы, талғампаз әрі жетік, орасан зор шешендік дарыны болған ол римдік әлегияшылардың арасындағы ең таланттысы болды.

Овидий өзіне Табулл мен Проперций алып жүрген махаббат ұстазының рөлін толық мөлшерде алды. Өзінің «Махаббат ғылымы» дидактикалық поэмаларының бірінде, Овидий жастарды әйелдердің жүрегін жаулап алуды үйретеді, және де оның шығармашылығының бұл бағыты Августың саясатының ресми морализаторлық бағыттарына қарама - қайшы келмей қалуы мүмкін емес еді. «Әдепсіздігі» мен бізге белгісіз әлде бір «қылығы» үщін ақын оңбай қалды: алдымен қуғынға ұшырап, кейін принцепстің бұйрығы бойынша б.з. 8 ғасырда қара теңіз жағалауына. Томға (Румыниядағы осы күнгі Констанца) жер аударылады.

Айдауда жүріп өзінің шығармашылығын ой елегінен өткізе отырып, Овидий оны екі кезеңге болді. Махаббат туралы «жеңіл» өлеңдердің артынан («Махаббат элегиялары», «Қаһарман қыздар», «Махаббат ғылымы», «Махаббат дәрісі»), жетілген, «сергек айлы» туындылар, ең алдымен аңыздағы қаһармандардың жануарларға немесе өсімдіктерге айналып кетуі сипатталатын поэмалар «Метаморфозалар» мен көне римдік мейрамдардың пайда болуы мен олардың мәні туралы «Фасталар» келді. Алайда ақын бұл жерде де махаббат тақырыптамасын қалдырмайды: Метаморфозаларда эротикалық мазмұндағылары өзі емес, «Фасталарда» Овидий Ясун Құдайдың аузымен былай дейді: «Біз өткенді мадақтаймыз, олайда қазіргі заманмен өмір сүреміз», ол сол жерде келтірілген әнгімелер «Махаббат ғылымының» кейбір бөліктері секілді жеңілтек әзіл - оспаққа толып жатыр. Оның айдауда жүргенінде пайда болған өлеңдерінде мүлдем басқа сарын шырқап тұрады. («Мұңлы алегиялар» мен «Понттан жіберімен жолдау»). Өзінің бүкіл шешендік өнерімен ақын әртүрлі мәнермен өзіндей бүкіл өре сезімдерді ығыстырып шығарған күшті сезімді - елінен қуылған адамның мұңын білдіреді. Жастық шағында ол, өзінің аға буын замандастары, Вергилий мен Гораций секілді жаңа дәуірді Август дәуірін қуана қабылдады.

Принцепсте, Августтың тұсында маңызды артықшылықтарға бөленген өре сословие - салт аттылар да қолдады. Олардың арасында муниципальды аристократиядан, Октавиан әскерлерінің еркіндікке жіберімей байып кеткен ардагерлерінен іріктеліп шыққан «жаңа салт аттылар» ерекшеленді: Салт аттылық үшін 400 мың ситерцийді құрайтын мүліктік ұсынуды қоя отырып, принцепс салт аттылар сословиесіне кеше ғана байып шыға келген, ескі республикалық дәстүрлермен психологиялық байланысы жоқ алып сатарлықпен байыған көптеген саудагерлердің еніп кетуіне мүмкіндік берді. Овидий өзін салт аттылар сословиесіне ата - бабасынан бері жататын ерекше атап көрсете отырып өзін батыл түрде қарама - қарсы койған салт аттылардың жаңа ценздің тобы принципаттың сенатқа қарағанда сенімді тірегіне айналды.

Б.з. III ғасырдың поэзиясында Вергилий, Гораций немесе Овидий секілді тұлғалар болған жоқ. Алайда көп оқығандық, мектепте көне авторлар туралы алған білімі «Август» ғасырындағы ақындар тарапынан жасалып байытылған, латынның әдеби тілі көптеген білімді римдіктерге әуесқой ақынсымақтардың қатарын толтыруға мүмкіндік берді.

Рудакий (Абу Абдулла)

(860-941 ж ж)
Ол парсы әдебиетінің атасы атағын алды. Эскилді трагедияның, Аристофанды - комедиясының, Геродатты – тарихтың, ол Рудакиді – поэзияның атасы деп атайды. Ол Самарқанға жақын маңдағы Пенжикент аймағындағы Поижрут – Рудак қыстағында туған.

Ақын ретінде Рудаки ғажайып жемісті болды.

Рудакийдің шығармашылығының ортасында – адамдар мен олардың мұқтаждықтары туралы қамқорлық сезімі жатты. Үстем идеологияның өкілдері адаммен түлға ретінде есептеспек, оған жағдаяттардық көріксіз қызметшісі, тағдырдың дәрменсіз құлы ретінде қараған орта ғасырлардың қаранға түнегінде Рудаки өзінің ең өзық шығармаларында әділеттілікке, адамдарға құнттылық және тілектестік көзқараста болуға шақырды. Ол, кімде кім мейіріділік үшін қызмет етсе сол бақытты, оның ақыреті шаттықта болады деді.

Рудаки халыққа есепсіз қайрат алып келетін соғыстарға батыл айыптады.

Мейірімділік пен бейбітшілік болса ұмтылғаны дананың,

Ақымақтық болар ұмтылғаны соғыс пенен араздық.

Рудакидың ең ірі туындыларының бірі, сол кездегі араб тіліндегі аудармасымен де белгілі болған үнді ертегілерінің жинағын парсы тілінде поэтикалық тұрғыдан қайта өңделуін білдіретін «Калила мен Дилена» дастаны болды. Дастан месневи, жанрында, яғни жұп рифмамен жазылған он екі мың қос тармақты шумақтан турады. Дастанның әр жерінен сақталып қалған фрагменттеріде өмір - білімнің нағыз көзі, ең жақсы ұстаз екендігі туралы ой айқын байқалып тұрады.

Өмір сүріп, өмірден ақыл таппаған пенделерге,

бере алмас дүниедегі ешбір ұстаз оны да.

Рудаки, халықтан шабыт ала отырып сол заманның барлық дерлік поэтикалық формаларын жасап шықты (қасида, ғазәл, рубай – төрт тармақты китьа, месневи месневи – қос тармақты шумақ). Оның туындылары жүздеген жылдар бойы осы поэтикалық формалардың бұдан былайғы дамуының ұлгісіне айналды.

XII – XVII ғ ғ Шығыстық әдебиетте және біздің заманымызда кең тараған поэтикалық форма – ғазәлді одан әрі қарай дамыта түсудің уақыты болды. Аңыз бойынша бұл импровизацияны Рудаки шоңжарлардың оған сапарға шығып жүріп қалған Бухара әмірін астанаға қайтуына түрткі болуды жасаған өтініштеріне жауап ретінде жасалған екен. Ғазәлді тыңдап болған әмір онымен әсерленгені сонша, ол үйде киіп жүретін кебісін етігіне ауыстырып киместен атқа отыра сала Бухараға қайта оралған дейді. Бұл күлдіргі әнгіме, кейде өлеңдерге де берілген саяси маңызды білдіреді.

Бала кезінде - ақ рудаки өлең шығарып, музыкалық аспаптарда ойнай білген, сол аспаптың бірі руд аспабы еді. Өзінің зор құндығымен ерекшеленген Рудакидың өлеңдері көп ұзамай - ақ базарлар мен адамдар көп жиналатын өзге де жерлерде айтыла бастады да жас ақынның данқын паш етті. Рудаки Бухараға тәжіктер қоныстанған көптеген жерлерді біріктірген орасан үлкен мемлекеттің билеушілері – Саманилердің сарайына шақырылды. Саманилер сарайында Рудаки «ақындар патшасына» айналды, алайда ол халықты да ұмытқан жоқ. X ғасырының 30-шы жылдарының соңында ақын қуғынға ұшырады, оның қуғын – сүргінге ұшырап, соқыр болып қалуы бәлкім сол кезде болса керек.



Каталог: CDO -> BOOKS
CDO -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
BOOKS -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
BOOKS -> Тіл төҢірегіндегі толғамдар ойлар, толғаныстар, пікірлер, ұсыныстар, іс-тәжірибелер, деректер мен дәйектер Астана қаласы, 2007 жыл тіл төҢірегіндегі толғамдар баспасөз және басқа да басылым беттерінен іріктеп, жинақтаған
BOOKS -> Шыңғыс айтматов таулар қҰЛАҒанда
BOOKS -> Нұрғали Қадырбаев көркем әдебиет көкжиегі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет