Г. Е. Берікханова Элементарлық математика 5B 01 11 00 «Информатика» және 5B 01 10 00 «Физика» мамандығы бойынша оқитын студенттерге оқулық


Егер екі жазықтық өзара перпендикуляр болса, онда бір жазықтықта жазықтықтардың қиылысу сызығына перпендикуляр жүргізілген түзу екінші жазықтыққа перпендикуляр болады



бет480/503
Дата08.07.2017
өлшемі67,2 Mb.
#20734
1   ...   476   477   478   479   480   481   482   483   ...   503
Егер екі жазықтық өзара перпендикуляр болса, онда бір жазықтықта жазықтықтардың қиылысу сызығына перпендикуляр жүргізілген түзу екінші жазықтыққа перпендикуляр болады.
Көпжақтар. Көпжақтардың қималары

Көпжақтар

1
. Көп жақ ұғымы. Екі жақты бұрыш


  1. Призма

3. Параллелепипед. Параллелепипедтің қасиеттері

1. Ортақ түзумен шенелген екі жарты жазықтықтан жасалған бұрыш екі жақты бұрыш деп аталады. (163-сурет)

Group 735
163-сурет

Жарты жазықтықтар оның қабырғалары, ал оларды шенейтін түзу екі жақты бұрыштың қыры деп аталады.

Екі жақты бұрыштың қырына перпендикуляр жазықтық оның қабырғаларын екі сәуле бойымен қияды. Осы сәулелерден пайда болған бұрыш екі жақты бұрыштың сызықтық бұрышы деп аталады.

Екі жақты бұрыштың шамасы оның сызықтық бұрышынның шамасына тең болады.



Сондықтан екі жақты бұрыштың шамасы оның сызықтық бұрышын таңдауға тәуелді емес.

Бір нүктесінен шығып, бір жазықтықта жатпайтын сәулері берілсін.

, , жазық бұрыштарынан құралған фигура үшжақты бұрыш деп аталып, түрінде белгіленеді. (164-сурет)

164-сурет



Бұл бұрыштар үшжақты жақтары деп, ал сәулелер оның қырлары деп аталады. Жазық бұрыштардың ортақ төбесі үшжақты бұрыштың төбесі деп аталады. Оның жақтары арқылы жасалған екіжақты бұрыштар үшжақты бұрыштың екіжақты бұрышы деп аталады.

Стереометрияда дене деп аталатын кеңістіктік фигуралар зерттеледі. Дене - бетпен шектелген кеңістіктің бөлігі болып табылады.

Көпжақ - беті ақырлы санды жазық көпбұрыштар болатын дене. Егер көпжақ әрбір жазық көпбұрыштың жазықтығының бір жағында орналасса, онда дөңес көпжақ деп аталады. Осы көпбұрыштар жазықтығы көпжақтың жағы деп, ал жақтарының қабырғасы оның қыры деп, ал төбелері - көпжақтың төбесі деп аталады.

Көпжақтың бір жағына тиісті емес екі төбесін қосатын кесіндіні көпжақтың диагоналы деп атайды.




Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   476   477   478   479   480   481   482   483   ...   503




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет