Газ құбырына арналған құбырлар



бет2/2
Дата07.02.2023
өлшемі15,64 Kb.
#167810
1   2
Байланысты:
Газ құбырлары
Основные понятия ОС Linux, 35 тақырып, ~$ қазақша, 33.Metod Web 44.03.01 2017 (1), ФИНУЧЕТ (каз), Karzhylyk-esep-2-Baiboltaeva, 1 аралық бақылау тапсырмалары Банк қызметінің автоматтандырылған жүйелері, Қаржы нарықтары және делдалдары Тлегенова Айнагуль, схемы, Статья2021, Нугманова Г.Н., СРСП-новый, Бағалы қағаздардың есебі, 1515570698, тарих тест, ПТП ЭН 19
Ережелер мен талаптар
Газ құбырына арналған құбырлар ұзына бойы сары бояумен боялу керек. Газ құбырларын қабырғалар мен едендерге орналастыруға рұқсат етілмейді.
Жиектерінің қабырғаның қалыңдығынан 30 %-ға артуы газ құбырындағы брактың белгісі болып табылады. Құбырлардың диаметрі есептеу арқылы анықталады, бірақ жерүсті магистралі үшін 2 мм-ден кем болмау керек және жерасты магистралі үшін 3 мм-ден аспау керек.
Сирек жағдайда газды өткізу үшін су өткізгіш құбырларды пайдалануға болады. Осындай құбырлар белгілі талаптарға сәйкес келу керек.
Білген қызық
Бұрын газ құбырларын төсеу үшін қолданылған шойын құбырлардың қызмет ету мерзімі 100 жылды құрайтын. Қазіргі болаттан немесе пастмассадан жасалған құбырлар 30жылға дейін қызмет етеді.
Дегенмен, газ құбырына арналған шойын құбырлар анағұрлым жеңіл материалдардан жасалған ұқсас құбырлармен ығыстырылып тасталды. Соынмен қатар, болат құбырлармен салыстырғанда, шойын құбырлар металлды көбірек жұмсайды. Сондықтан болат пен пластиктен жасалған құбырлар анағұрлым тиімдірек.
Жерасты болат газ құбырларын төсеген кезде құбырлар топырақтан арнайы оқшаулағыш қабатпен бөлініп шығарылады.
Қорытынды
Газ құбырлары үшін материалды газдың жұмыс қысымына, климаттық жағдайларға және газ құбырына механикалық әсер етуге негізделіп таңдаған жөн. Болат құбырларды пісіруді кәсіби мамандар ғана жүргізу керек. Сатып алған кезде сыртқы зақымдардың болмауына, құбыр диаметрі мен қалыңдығының сәйкестігіне, құбырлардың мемлекеттік стандарттарға сәйкес орнатылуына назар аударған жөн.
Газ желісі – жанғыш газды тасымалдауға (жеткізуге) және оны тұтынушыға үлестіруге арналған құбырлар мен түтіктер жүйесі елді мекендерді газбен қамтамасыз ету жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі. Газ желісінің газ қоймалары, тұтынушыларға жіберуге арналған газ тарататын газ желісі және газды тікелей үйлер мен ғимараттарға жеткзетін газ желісі болып ажыратылады.
Газ қоймасы – газды сақтау үшін пайдаланылатын табиғи не жасанды резервуар. Ол жер үсті және жер асты газ қоймасы болып ажыратылады. Жер асты газ қоймасы кеуекті тау жыныстарында немесе берік тау жыныстарының қуысында орналасады. Жер асты газ қоймасының өнеркәсіптік маңызы жоғары. Ол жер үсті газ қоймасына қарағанда қауіпсіздеу болып келеді, әрі оның салынуы әдетте көп есе арзанға түседі. Газ қоймасы тұтынушылардың газды тәуліктік не маусымдық пайдалануының бірқалыптылығын сақтайды. Ол отын мен химиялық шикізаттың қоры болып есептеледі.
Газ құбыры, магистралдық газ құбыры – жанғыш газдардан шығатын жерінен не өндірілетін орыннан алыс қашықтыққа /жүздеген және мыңдаған км дейін/ тасымалдауға арналған құрылыс. Ол төселіп жүргізілуіне қарай жер асты газ құбыры, жер үсті газ құбыры және үйінді үстімен жүргізілетін газ құбыры болып ажыратылады. Газ құбыры кейбір жағдайда үлкен жыраларға салынған темір-бетон не металл эстакада арқылы немесе су қоймаларының түбімен де /дюкер деп аталатын/ жүргізіледі. Газ құбырының тиімді параметрлері. Жұмыстық қысымы /5,5 Мпа/, компрессор арқылы қамтамасыз етілетін қысымды жоғарылату дәрежесі /1,4 -1,5/, көрші компрессор арақашықтығы /шамамен 100-120 км/. Оларда газ қысымы тұтынушыларды газбен қамтамасыз ететін қажетті деңгейде төмендейді. Ірі қалалардың маңында жерасты газ қоймалары салынады. Газ тұтынуда жиі болып тұратын тәуліктік бірқалыпсыздық газгольдер арқылы реттеледі. Технологиялық құрылыстары шоғырланған газ құбырының жұмыс тәртібін бақылау және басқару үшін қысым мен газ шығынын қашықтықтан өлшеуді қамтамасыз ететін телеметриялық аппаратуралар, шүмектердің күйлерін анықтайтын телесигналдандыру жүйелері, кототтық қорғаныш станциялары, тағы басқа нысандар пайдаланылады. Газ құбыры құбырдағы жарықшақ пен үзілісті болдырмау үшін олар көп қабатты болып құбырлардан жасалады. Қазақстан аумағында Бұқара – Орал, Орта Азия – Мәскеу, Бұқара – Шымкент – Тараз – Бішкек – Алматы, Бейнеу /Маңғыстау обл./ - Александров Гай /Саратов обл, Ресей/. Бейнеу – Хиуа /Хорезм обл. Өзбекстан/, Прорва /Атырау обл./ - Атырау, Кеңқияқ /Ақтөбе обл./ - Орск /Орынбор обл. Ресей/ газ тасымалдау газ құбырлары жүргізілген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет