Газдардың жылжуы және қысылуы. Компрессор машиналары және олардың сипаттамалары



бет2/6
Дата26.12.2022
өлшемі0,65 Mb.
#164440
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ПАХП 6 апта слайд 2 топ (копия)

Бір сатылы және көп сатылы сығу


Бір сатылы сығу. Бір сатылы компрессорда газ қатарынан жұмыс істейтін бірнеше цилиндрде немесе бір цилиндрлі соңғы қысымға дейін сығылады. Бірнеше цилиндрде жұмыс істейтін бір сатылы компрессорлар цилиндрлі деп аталады.
Көп сатылы сығу. Көп сатылы сығу газдың жоғары қысымын алу үшін қолданылады. Көп сатылы сығу процесі көп сатылы компрессорларда жүзеге асырылады. Бұларда газ ілеспелі сатылар қатарынан өтеді, газ әрбір сатыда біртіндеп соңғы қысымға дейін сығылады. Сатылар арасында газ аралық суытқыштарда суытылады. Цилиндрлер көлемі бірінші сатыдан соңғыға қарай кішірейтіледі.
Көп сатылы компрессорларды жеке орналасқан бірнеше цилиндрлардағы сығу сатысы бойынша және бір цилиндрдегі сығу сатысы бойынша және дифференциалды поршень бойынша ажыратады. V тәрізді цилиндрлер құрылғысында цилиндрлар осьтері қандай да бір бұрышпен орналасады

Әрекеті қарапайым бір сатылы көлденең компрессор.

  • Олар цилиндрдан 1 тұрады, мұнда поршень 2 қозғалыста болады, поршень тығыз поршенді сақиналармен қамтылған. Цилиндр бір жағынан қақақпен жабылған, бұнда сорушы клапан 3 мен айдаушы клапан 4 орналастырылған. Поршень шатунмен 5 және кривошиппен 6, білікте орналасқан маховикпен 7 тікелей қосылған. Поршеннің шатунмен мұндай қосылысында құрылғыда жылжыманың болуы қажетсіз. Поршеннің шатунмен тікелей қосылғанм компрессорлар крейцқопсыз деп аталады.
  • Поршень оңнан солға қозғалғанда цилиндр қақпағы мен поршень арасындағы кеңістікте қысым пайда болады. Сору жолында қысымның әртүрлігі әсерінен 3 клапан ашылады және газ цилиндрге келіп түседі. Поршень солға жылжығанда соушы клапан жабылады, ал цилиндрдегі газ поршеннің көмегімен қандай да бір қысымға дейін сығылады, бұл жағдайда 4 клапан ашылып, газ айдаушы құбырға жіберіледі. Бұдан кейін цикл қайталанады.

Әрекеті қарапайым екі цилиндрлі компрессорлар.

Әрекеті қарапайым екі компрессордан тұрады. Олар бір – бірімен салыстырмалы түрде 1800 немесе 900 бұрышта орналасқан кривошипті білікпен жалғастырылған. Газды сығу кезінде пайда болатын жылуды әкету үшін компрессорлар цилиндрлары, кейде цилиндрлар қақпақтары суытушы су жіберетін қаптамалармен қамтылады. Бірақ бұл жолмен барлық бөлінген жылуды кетіру мүмкін емес, бұл жағдайда газды сығуға жұмсалатын энергия төмендетіледі.

  • Тік бір сатылы компрессорлар көлденең компрессорларға қарағанда бір қатар артықшылықтарға ие, олар жылдам қозғалады (көлденең компрессорларда n=100-240 айн/мин, тік компрессорларда n=300-500 айн/мин), осыған байланысты өнімділіктері де жоғары, өндірістік алатын орыны аз, тік машиналардың поршендары мен цилиндрлері ұзақ қолданылады. Цилиндр көлденең орналасқанда, әсіресе үлкен диаметрлі цилиндрлерде ауырлық күшінің әсерінен поршень бір жақты бір тексіз тозу болады. Бұл поршеннің қозғалыс жылдамдығын азайтуды талап етеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет