Газдың Қысымы


АТМОСФЕРАЛЫҚ ҚЫСЫМДЫ ӨЛШЕУ. ТОРРИЧЕЛЛИДІҢ ТӘЖІРИБЕСІ



бет4/6
Дата03.02.2023
өлшемі384,5 Kb.
#167383
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
stud.kz-68753
Документ, ������ �� ����� ����� ��� � �� ����� �������� ����������� ����, пед сро 2, f616416553eca5 (2), stud.kz-60069, ынтымақ тобы
АТМОСФЕРАЛЫҚ ҚЫСЫМДЫ ӨЛШЕУ. ТОРРИЧЕЛЛИДІҢ ТӘЖІРИБЕСІ

Сұйық бағанының қысымын есептеген сияқты, біз атмосфера қысымының шамасын есептей алмаймыз. Неліктен? Бұлай есептеу ушін біз атмосфераның биіктігін және ауанын, тығыздығын білуіміз керек. Бірак атмосфераның анық шекарасы жоқ, ал ауанын тығыздығы Жер бетінен жоғарылаған сайын өзінің ең үлкен мәнінен нольге дейін кемиді. Әйткенмен де атмосфераның қысымын XVII ғасырда итальян ғалымы Торричелли ұсынған тәжірибеге сүйенін өлшеуге болады.


Торричелли тәжірибесінің мазмұны мынадай: ұзындығы 1 метрдей, бір жағы бітеу шыны түтікке толтыра сынап құйылады. Одан соң бұл тұтіктің аузын жақсылап жауып, оны төңкереді де, табақшадағы сынапқа батырады, сынаптың ішіндегі түтіктің аузын ашады. Сонда сынаптың біразы табақшаға төгіледі де, түтіктің ішінде биіктігі 760 мм-re жуық сынап бағаны қалады. Түтіктің ішіндегі сынаптың үстінде ауа жоқ, ол ауасыз кеңістік.
Жоғарыда баяндалған тәжірибені Торричелли өзі ұсынып, өзі түсіндірді. Атмосфера табақшадағы сынаптың бетіне қысым түсіреді. Сынап тепе-теңдік қалыпта тұр. Демек, табакшадағы сынаптың аа денгейінде түтіктегі қысым да атмосфералық қысымға тең. Ал түтіктің үстіңгі бөлігінде ауа жоқ, сондықтан аа деңгейде түтіктегі қысымды тек сол түтік ішіндегі сынап бағанының салмағы ғана тудырады. Бұдан түтік ішіндегі сынап бағанының қысымы атмосфералық қысымға тең екені байқалады.
Торричеллидің тәжірибесіндегі сынап бағанының биіктігін өлшеп, оның түсіретін қысымын есептеп табуға болады, ол атмосфералық қысымға тең болады.
Атмосфералық қысым неғұрлым көп болса, Торричсллидің тәжірибесіндегі сынап бағаны соғүрлым биік болады. Сондықтан практика-да атмосфералық қысым көбінесе миллиметрмен немесе сантиметрмен алынған сынап бағанының биіктігімен өлшенеді. Егер, мысалы, атмосфераның қысьшы 780 мм сынап. бағ. тең деген сөз биіктігі 780 мм вертикаль сынап бағаны қандай қысым түсірсе, ауа да сондай қысым түсіреді дегенмен бір.
Сонымен, бұл жағдайда ат-мосфералық қысым бірлігі ретінде 1 миллиметр сынап бағаны (1мм сын. бағ.) алынады.
Осы қысым бірлігі мен өзімізге белгілі қысым бірлігі паскаль арасындағы қатысты табайық.
Биіктігі 1 мм сынап бағаныны4 қысымы мынаған тең:

Сөйтіп 1 мм сын. бағ. = 133,3 Па = 1,33 г Па
Атмосфералық қысымды осы кезде гектопаскальмен де өлшеу қабылданған.
Торричелли түтіктегі сынап бағанының биіктігін күнбе-күн бақылап жүріп, оның биіктігі кейде артып, кейде кеміп, өзгеріп отыратындығын байқаған. Осыдан ол атмосфералық қысым тұрақты емес, өзгеріп тұрады, - деген қорытынды жасады. Торричелли атмосфералық қысымның өзгеруі ауа райының өзгеруіне байланысты.екендігін де байқады.
Торричеллидің тәжірибесіндегі сынапты түтікке вертикаль шкала орнатылса, ол сонда ең қарапайым сынапты барометр - атмосфералық қысымды өлшейтін прибор - болып шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет