Газдың Қысымы



бет6/6
Дата03.02.2023
өлшемі384,5 Kb.
#167383
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
stud.kz-68753
Документ, ������ �� ����� ����� ��� � �� ����� �������� ����������� ����, пед сро 2, f616416553eca5 (2), stud.kz-60069, ынтымақ тобы
МАНОМЕТРЛЕР

Атмосфералык қысымнан артық немесе кем қысымдарды өлшеу үшін - манометрлер дейтін приборлар пайдаланылады. Олар сұйықты манометрлер және металл манометрлер деп бөлінеді.


Алдымен ашык, сұйықты манометрдің құрылысы мен жұмыс істеуін қарастыралық. Ол екі тармақты шыны түтіктен жасалады, түтікке қандай да бір сұйық құйылады. Сонда манаметр қалай жұмыс істейтіндігін түсіну үшін, оны дөңгелек қорабы бар резеңке түтікпен жалғастыруға болады, ол қораптың бір бетіне резеңке пленка қапталған болсын Егер пленканы бармакпен сәл бассақ, сонда қораппен жалғаскан манометр тармағындағы сұйықтын, деңгейі төмен түседі де, екінші тармағындағы сұйықтың деңгейі жоғары көтеріледі. Мұны қалай түсіндіруге болады? Пленканы басқанда қораптағы ауаның қысымы артады. Паскаль заңы бойынша, қысымның осы артуы манометрдің қораппен жалғасқан тармағындағы сұйыққа да беріледі. Сондықтан бұл тармақта сұйыққа түсетін қысым екінші тармактағы қысымнан көбірек болады, ал екінші тармақтағы сұйыққа атмосфералық қысым әсер етеді. Осы артық қысым күшінің әсерінен сүйық жылжып, орын ауыстыра бастайды; ауасы сығылған тармақтағы сұйық төмен түседі, екінші тармақтагы сұйық жоғары көтеріледі. Сығылған ауаның артық қысымы манометрдің екінші тармағындағы сұйықтың асыңқы (артык) бағанының қысымымен теңелгенде, сұйық тепетеңдік қалыпқа келеді (тоқталады).

Пленка неғұрлым куштірек басылса, соғұрлым сұйықтың бағаны биіктеу, және соғұрлым оның қысымы көп болады. Ендеше осы бағанның биіктігіне қарап, қысым шамасының өзгерісін білуге болады.
сондай манометрмен сұйықтың ішіндегі қысымды қалай өлшеуге болатындығы көрсетілген. Қорап сұйыққа неғұрлым тереңірек батырылса, манометр тармақтарындағы сұйық деңгейлерінің айырмасы соғұрлым көп болады, демек, соғұрлым сұйық көп қысым түсіреді.
Прибордың қорабы сұйыққа батырылып бір тереңдікке орнатылады да, оның резеңке пленка қапталған бетін жоғары қаратып, бір бүйірге және төмен қаратып бұрады. Сонда манометр көрсеткен қысым өзгермейді. Солай болуға тиіс те, өйткені сұйықтық ішінде бір деқгейде қысым барлық бағытта бірдей болады.
металл манометр кескінделген. Мұндай манометрдің негізгі бөлігі - бір ұшы бітеу доғаша иілген металл түтік (1) Түтіктің екінші ұшы шүмек (4) арқылы ішіндегі қысымы өлшенетін ыдыспен жалғастырылады. Қысым ұлғайған кезде, түтік түзулене бастайды, сонда бітеу ұшының қозғалысы рычаг (5) пен тісті тегершіктер (3) арқылы прибор шкаласының бойымен қозғалып тұратын стрелкаға (2) беріледі. Қысым азайған кезде түтік, серпімділік қасиеті арқасында, алғашқы қалпына келеді де, стрелка шкаланың нольдік бөлігін көрсетіп тұрады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет