Генетика” пәні бойынша „050607” –„Биология” мамандығының 3-курс студенттерінің білімін бақылауға арналған обсөЖ тапсырмалар мәтіні


Сабақтың тақырыбы: Комутагендер және антимутагендер



бет6/7
Дата08.09.2017
өлшемі2,89 Mb.
#30936
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7

36


Сабақтың тақырыбы: Комутагендер және антимутагендер.

Сабақтың жоспары:

1.Мутагендерге сипаттама

2.Антимутагенез

3.Антимутагендік

4.Антимутагендердің маңызды ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты:
Сабақтың мәтіні:

1.Клеткалардың залалды трансформациясы — олардың ракқа айналуы —қазіргі кезде екі топ факторларға негізделген.

Олардың біріншісі — онкогендік вирустардың тіршілігі немесе ретровирустар, құамында генетикалық материал ретінде РНҚ болады, олардың ДНҚ-көшірмелері жұқтыратын клетканың геномына орналасады. Бұл процестің нәтижесі қатерлі жаңа құрылымдар болуы мүмкін.

Онкогендік вирустардың құамында о н к о г е н болады, оның экспрессиясы (лат. “экспрессио” — көріну күші, айқындылығы) канцерогенезге жауапты. Бұл механизм 1945 ж. Совет ғалымы Л.А. Зильбер ұсынған рактың вирустық -генетикалық теориясына барып тіреледі.

Екінші топтағы факторлар яғни клеткаға тигізетін әтүрлі сыртқы әсерлер, көптеген жағдайда (бірақ үнемі емес) мутагендік ықпал көрсетіп, олардың рак клеткаларына айналуына себепші болады. Адамның тұқым қуатын аурулары репарациялық (лат. “репарацио” —қалпына келтіру) жүйенің зақымдануына байланысты сомалық клеткалардың мутациялануын жоғарылатады және оның өзі хромосомалар аберрацияларының жиілеуіне қарағанда залалды жаңа құрылымдардың (ісіктердің) жиілігінің көбеюімен сипатталады.

Канцерогенездің мутациялық табиғатының барлығы жөніндегі болжам XX ғасырдың басында Т. Боверидің (1914) жұмысынан бастап айтылған.Сонымен, рактың себебін бірінші топтағы фактілер генетикалық материалдың әрекетінің клеткаға сырттан келетінін, ал екіншісі - рактың генетикалық себептерін клетканың өзінен ізделу меңзейді. Бүл амалдар қалыпты клеткаларда протоонкогендер (алғашқы онкогендер) - ретро-вирустар онкогендеріне гомологты (грек. “гомология” —ұқсастық) гендердін болатындығына қосылады. Протоонкогендер өте консервативті (лат “консерватитус” - тұрақты сақтау) және адамның, тышқанның, дрозофиланың тіпті ашытқының геномдарында ұқсас болады. Олардың кейбіреулері клетка циклының қалыпты жүруін қадағалайды. Канцерогенез механизмі анықталған деп айтпасада, клетканың қатерлі трансформациясының ең ықтималды себебі, оның жекелеген гендерінің экспрессиясының зақымдануы мутациялық немесе модификациялық өзгерістерден, сондай-ақ вирустың инфекциялар салдарынан болуы мүмкін.

Осы тұрғыдан алғанда, қоршаған ортада генетикалық белсенді агенттердің таралуы мутация жиілігін жоғарылатып қана қоймай, залалды ісіктердің жиілігін арттыруға септігін тигізуі мүмкін.

Осыған байланысты химиялық қосылыстарды сынақтан өткізу бағдарламасы, әртүрлі физикалық және биологиялық факторлардың, ішіндегі потенциалды канцерогендерді анықтауға мүмкіндік береді. Бүл істің маңызын еске ала отырып, халықаралық деңгейде канцерогендерді анықтаудың өте сезімтал тест-жүйесін жетілдіруде және бұл мәселені, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдары және басқа да халықаралық ұйымдар қадағалайды.

Генетикалық белсенді факторларды айқындау шаралары адамның, жануарлардың мутагендермен жанасуын азайтуга бағытталған. Жаңа химиялық қосылыстар және басқада генетикалық белсенді агенттер қолданылудан алынып тасталады немесе оларды қолдануға қатаң тиым салынады. Ал олармен жанасуға мәжбүр болғанда резервте мутациялық және канцерогендік өзгерулер қаупін азайтатын құрал-жабдықтар болуы керек. Бұл үшін мутагенездің жолын білу керек және бұл процеске араласу қажет. Мутацияның қалыптасу процесі көп кезенді. Көптеген мутагендер организмге кіргеннен кейін зат алмасу қүбылысының тізбектеріне қосылады және одан кейін белсенділік танытуы мүмкін, яғни генетикалык белсенділігі жоғарылап немесе жаңадан пайда болып, сондай-ақ оны жоғалтуы мүмкін. Бұл кезде организмдік және клеткалық өткізгіштік бөгеттерін және қосылыстың организмге өту өдісін ескерген жөн: тері арқылы; тыныс алу жолдары т.б.

Клеткаға өткен мутаген генетикалық материалмен -хроматинмен немесе ядродағы ДНҚ-мен, клеткалық органеллалармен әсерлеседі. Осындай әсерлесудің нәтижесінде ДНҚ-да алғашқы өзгерістер пайда болады, бұл кейбір авторлардың пікірі бойынша; мутацияланудың сатысына келесі кезеңде айналады дегенді айтады.

Көптеген мутациялық өзгерістер репарациялык жүйелермен жойылады - ол қателеспейтін репарация түзілісі, ДНҚ молекулаларын алғашқы қалпына келтіреді, ал қателікке бейім, индукциялық репарация, мутациялық өзгерістерді шоғырландыра түседі. Мутацияның шоғырлануы, егер ол доминантгы, немесе гомозиготалы күйде болса фенотипте көрінеді, сондай-ақ нормалық фенокопиялар (көшірмелі) туғызбайтын эпистаздық гендер немесе супрессорлар (тежегіш гендер) жоқ жағдайда фенотипте көріне бастайды.



2.Антимутагенез туралы зерттеулерде дамып келеді. Бұл мутагенездің тууын тежейтін немесе оның ықтималдылығын клеткаға және организмге әсер ету арқылы азайтатын себепшілер жөніндегі ұғым. Мұндай әсерлер, мутагендік инактивациялық жүйелерін қолдайды немесе промутагендердің белсенділік жүйелерін тежейді, қатесіз репарация процесін сүйемелдейді және мутагенді тікелей модификациялап, оларды генетикалық материалдан «аластатадың.

3.Антимутагендік (мутагенге қарсы) белсенділік танытатын радиопротекторлар (лат. «radiare» - сәулелеу, «ргоtektor» —қорғаушы) — иондық радиацияның летальдық күшін азайтатын қосындылар. Оларға ең бірінші күкіртті аминқышқылдары: цистеин, цистин, метионин т. б. жатады.

Әдетте, әрбір жеке мутагенге антимутагендік белсенділік дербес болғандықтан, оларды іздеп табу қойынға соғады. N'-метил-N'-нитро-N'-нитрозогуанидиннің (МННГ) генетикалық белсенділігін сүтқоректілердің қаны бейтараптандырады, оның құрамында негізгі антимутаген (анти-МННГ) ретінде гемин болады. Қанықпаған майлы қышқылдар, тонин қышқылы, катехин, шай және кофеде болатын, кейбір витаминдер, мысалы бетокоферол және басқа да қосындылар жекелеген мутагендерге үлкенді-кішілі антимутагендік белсенділік танытады.

Өкінішке орай, зерттелген косындылардың, әртүрлі объектілердің көптігі соншалық олардың антимутагендік нәтижесін жалпылама қорытындылау мүмкін емес. Сонымен қатар, зерттеушілер әдетте мутацияның әртүрлі қалыптасу кезеңдерін бақылай алмайды. Антимутагендерді іздейтін арнаулы тест-жүйелер жоқ.

4.Антимутагендердің маңызды ерекшеліктері - мутациялық процесті табиғи деңгейге дейін қалыптастыру. Оларға тән қасиет - физиологиялық әрекеттер. Мәселенің негізгі төркіні олардың антимутагендік қасиетінің төменгі концентрацияда көрініп, бұл қосылыстардың жоғарғы дозалары мутагендік әрекет жасайтынында. Мысал ретінде аргинин, глутамин қышқылы, натрий силинті, стрептомицин, галл қышқылының туындыларын келтіруге болады.

В.Л. Петуховтың (1996 ж.) зертеулері бойынша Д2 витаминін бұқалардың рационына артық дозамен бергенде спермиогенездің зақымданғаны байқалған. Генотоксикалык әрекеті азоспермия (сперманың азаюы) және некроспермия (грек. «некрос» —өлі) түрінде көрінген. Сондай-ақ, Д гипер-витаминозы кеселінен ірі қара малда туа болған аномалиялар — «көрқау қасқыр синдромы» етек алған. Бұл жануарларда хромосомалық қайта құрылымдар (аберрациялар) және жұп хроматидтердің өзара алмасуының жоғарылауы байқалған. Дегенменде басқа антимутагендердің токоферолдың, каротиннің, филохинонның т.б. концентрацияларының жоғарылауы олардың әрекетін өзгертпейді.

Кейбір мутагендер әрекеттерінің ерекшеленуімен сипатталады — олардың әсері хромосомалар аберрацияларында немесе гендік мутацияда ғана көрінеді.




Сабақтың тақырыбы: Комутагендер және антимутагендер.
Бақылау сұрақтары

1.Комутаген


2.Антимутаген
3.Клеткалардың залалды трансформациясы дегеніміз?
4.Мутациялық процесс қалай жүреді?
5.Онкогендік вирустардың құамында не болады,?
6.Онкоген дегеніміз не?

37


Сабақтың тақырыбы:Тұқым қуалайтын өзгергіштік. Әр түрлі орта жағдайына байланысты генотиптің жүзеге асырылуы кезінде гендер әсері көрінісінің өзгеруі.

Сабақтың жоспары:

1.Тұқым қуалайтын өзгергіштікке сипаттама.

2.Н.И. Вавиловтың тұжырымдамасы

3 Тұкым қуалайтын өзгергішітіктің түрлері



Сабақтың мақсаты: Шыққан тегі жақын туыстармен түрлердің өзгергіштігін генетика тұрғысынан қарастыру.
Сабақтың мәтіні:

Бұл генетикалық негізі, шыққан тегі жақын организмдер өзгергіштігінің ұқсастығы туралы заң.

Шыққан тегі жақын туыстармен түрлердің өзгергіштігін генетика тұрғысынан қарастырып, көптеген зерттеулер нәтижесінде оған жан-жақты түсінік берген және оны жалпы табиғи заң ретінде қалыптастырған ССРО ғалымы академик Н.И. Вавилов. Ол организмнің бір түріне немесе туысына жататын топтарды кестеге түсіріп, белгілі ретпен орналастырып, тегі жақын екінші түрді онымен салыстырып қараса, осы екінші түрдегі топтарда да белгілердің өзгергіштігі бірінші топтағымен ұқсас болатынын, яғни жалпы жүйедсгі организм (түрлері) мен туыстар тегі жағынан қаншалықты жақын болса, олардың өзгергіштігі де соншалықты ұқсас болатынын дәлелдеді.

Осы зерттеулсрдің нәтижесінде Н.И. Вавилов тұқым қуалау өзгергіштігіндегі гомологиялык катарлар заңын тұжырымдады:

1.Тегі жақын түрлер мен туыстардың тұқым қуу өзгергіштігінің ұқсастық қатары соншама, олардың бір түр ішіндегі кейбір өкілдерінс қарап, басқа түрлер мен туыстар да да осындай қатарлас формалардың барлығын болжауға артқан сайын. тұқым куалайтыы өзгерістер арасындағы па-болады. Жалиы жүйеде туыстар мсн түрлердің тегі не ралелизм (қатарластық) де азая береді (21-кесте). Неғұрлым жақын болса, солғүрлым олардың қатардағы Гомологиялык, қатарлар заңы өсімдік шаруашылығыи-өзгергіштік ұқсастығы толығырақ болады. да, әсіресе селекцияда аса маңызды орын алады. Осы заңға

2. Бір туқымдас (үялас) өсімдіктер, оларды қүрайтын сүйеміп, модсни өсімдіктердің жаңа сорттарын шығаруға, туыстар мен түрлер дс, өз озгергіштігінін белгілі бір мал түқымын асылдандыруға, өсімдіктер мсн жануарлар шеңберімен сииатталады. түрінің пайда болуындагы эволюциялық кезеңдерді анық-

3. Гегі жақын түрлердің немесс туыстардың тауга болады. генотиптері үқсас болғандықтан, олардың түқым қуалайтын -

Лабораториялық және үй жануарларының мутапиялары өзгерістері де (мутациясы) ұқсас болады.да гомологиялық катарлар занының дүрыстығын

4. Тегі жақын организмдер эволюция барысында дәлелдейді. Үй жануарларының көптеген түрлерінде дс қашықтаған сайын жоне олардың генетикалық алшактыгы үқсас альбинизм, қара рен, ксйбір түрлерде гипофиздің функциясыныд жетіспсушілігі, жүннің бүйралығы, түқыл-21-кесте дық т.б. мутациялар белгілі болды. Әр түрлі үй жануарларында кездесетін үксас түқым қуатын Гомологиялық қатарлар заңының практикалық маңызы ауытқулар (Хатт, 1969; Мейер, Вегнер, 1973) Өте зор.

3. Тұкым қуалайтын өзгергішітіктің түрлері

Ядролық (немесе хромосомалық)

Хромосомалар санының өзгеруі

Ядролардан тыс (немесе

хромосомаға қатысы жоқ)

цитоплазмалық

Генетикалық хабардың өзгеруі

Полиплоидтар \ Анеуплоидтар Гетероплоидтар

Негіздердің түсіп қалуы

Нүктелік мутациялар

Негіздің кіруі

Рекомбинациялар

Ірі қайта құрылулар

Делециялар / Транслокациялар Инверсиялар

Негіздердің ауысуы

Ақырында мутацияларды өте жиі олардың фенотиптік көрінісіне, яғни өзгерген жағдайларға сөйкес топтастырады: летальды, морфологиялық, биохимиялық, мінездік, сезімталдылық, твзімділік т. с. с. Бұл мутацияларды топтастырудың шұбалаң түрі болғандықтан арнаулы әдебиеттерде жиі кездеседі.

Жалпы түрде мутация дегеніміз генетикалық материалдың тұқым қуатын өзгерісі. Оның әрекетін белгілердің өзгергенінен білуге болады.

Генотип бойынша мутациялардың жалпыға бірдей қабылданған топтастыруы бар:

1. Геномдық;

2.Хромосомалық;

3. Гендік;

4. Цитоплазмалық.

Егер генеративтік мутация ұрық жолының ерте кезеңіндегі клеткасында немесе сперматогонийлер мен оогонийлердің көбею кезеңінде пайда болса, онда мутантты ген өткен клеткалық бөлінулер санына пропорционалды мөлшерде кебейеді. Бұл жағдайда жыныс клеткаларының бір бөлігі бірдей мутацияға ие болады, қалған клеткаларда генотип өзгеріссіз қалады. Сперматозоид немесе жұмыртқа клеткасы сатысында пайда болған мутация бірлі-жарым ғана болады.

Сомалық мутация мозаикалы түрде көрінеді. Мутантты ткань учаскелері бар өкілдерді мозаиктар немесе химерлер деп атайды. Онтогенезде сомалық мутация неғұрлым ерте пайда болса, осы мутациясы бар аудандар үлкен, ал не-ғұрлым кеш пайда болса, солғұрлым кіші болады. Сомалық ткань клеткаларындағы хромосомалар жиынтығының диплоидты болуына байланысты мутациялар, мутантты аллель доминантты немесе рецессивті, бірақ ген гомозиготалы күйде болғанда ғана байқалуы мүмкін. 49-суретте қойдың жүн жамылғысы бояуының сомалық мутациясы көрсетілген: қоңыр рең көрінісінде қара дақ пайда болған. Мұндай құбылыстар кейде өсімдіктер, жану-арлар және адамда кездеседі. Ұрық жолы ерте оқшаулануымен сипатталатын, тек қана көбейетін организмдердегі сомалық мутациялардың эволюцияда рөлі жоқ және селекция үшін де айтарлықтай құны болмайды. Бірақ жыныссыз жолмен көбейетін организмдерде сомалық мутациялар эволюцияда да, селекцияда да зор маңызға ие болуы мүмкін. Мәселен, вегетативтік жолмен көбейетін жеміс-жидекті өсімдіктерде кез келген сомалык мутация өсімдік және жаңа мутанттық белгісі бар тұтас клон бере алады.



38


Сабақтың тақырыбы: Код трипелтігін дәлелдемелері. Кодондар шифрын шешу.

Сабақтың жоспары:


  1. Генетикалық кодты зерттеу

  2. Генетикалық кодтың ашылуы

Сабақтың мақсаты: Код трипелтігін дәлелдемелерін қарастыру.
Сабақтың мәтіні:

1.Генетикалық кодты зерттеу жалпы биологиялык зор маңызы бар жаңалық ашута мүмкіндік берді. Кодтың негізгі қасиеттері белгілі болды.

Код триплетті (үштік), яғни бір амин қышқылы кодон деп аталатын үш негізбен анықталады. ДНҚ-да негіз бар, белокта — 20 амин қышқылдарының қалдықтары; синглетті (жалғызданған) код төрт амин қышқылын ашады, дублетті (қосарланған) код — 4-4=16 амин қышқылын, ал триплетті 4 4 ■ 4 = 64 әртүрлі кодоин түзе алады. Код бірін-бірі жаба алмайды, яғни белгілі бір нуклеотид коршілес скі триплеттің қүрамына бір мезгілде ене алмайды. Егср негіздер АВСДЕҒНІ ретінде орналасса, АВС бір амин кышқылын, ДЕҒ — екіншісін анықтайды т.с.с. Егер код бірін бірі жабатын болса АВС бір амин қышқылын, ал СДЕ екіпшісін анықтаған болар еді. Код молшылықтан “азғын” болуы мүмкін, яғни белгілі бір амин қышқылын бірнеше кодон анықтайды (20 амин қышқылына 64 кодон). Кодтың өзіне тән сипатты болады, яғни оны оку әрқашан да белгілі бір орыннан басталады. Кодта үтір болмайды, яғни бір ко-донды екіншісімен бөлетін белгі жоқ. Код әмбебап болады. Бірдей триплеттер әр түрлі организмдерден (бактериялар, сүтқоректілер клеткасы) алынған клеткасыз жүйелердегі бірдей амин қышқылдарын кодпен анықтайтыны көрсетілді. Код вирустар, балдырлар және теңіз кірпісі ушін әмбебап болып шықты.



2.Генетикалық кодтың ашылуы және белоктың (іп ұііга) организмнен тыс синтезі ғылымдағы тірі табиғаттың бірлігі жөніндегі мәселені мүлде жаңаша қойды. Бүл жаңалық бе-локты қолдан синтездеу әдісін меңгеру және бүл арқылы тірі материяның мәнін неғұрлым терең танып білу жолындағы маңызды қадам болып табылады.

Сабақтың тақырыбы: Код трипелтігін дәлелдемелері. Кодондар шифрын шешу.
Тест сұрақтары

1. Эмбриональдық клетканың қабығы неше клеткалар арасында болады?

ше қабаттан тұрады?

А) 3

Б) 1


В) 5

Г) 7


Д) 10

2. Дрозофиланың жыныс клеткасы неше клеткалар арасында болады?

А) 15

Б) 5


В) 10

Г) 12


Д) 30

3. Шыбынның денесі бас жағында неше сегменттен түзіледі?

А) 5

Б) 2


В) 8

Г) 9


Д) 10

4. Шыбынның денесі көкірек жағында неше сигмент түзіледі?

А) 3

Б) 2


В) 6

Г) 8


Д) 15

5. Шыбынның көзі неше элементтен түзіледі?

А) 800

Б) 10


В) 50

Г) 200


Д) 900

6. Фермент рестриктаза ДНК ны неше ге бөледі?

А) 2

Б) 3


В) 45

Г) 5


Д) көп ретке

7. Бір ДНК дан басқа ДНК ға руклеотидтерді аминқышқылдықты көшіруге болады?

А) көп ретке

Б) 3


В) 45

Г) 5


Д) 10

8. Реципиент клетка донор клеткадан неше ген қабылдауы мүмкін?

А) Көп

Б) 3


В) 6

Г) 7


Д) 9

9. Донор ДНК ның плазмидасы неше нуклеотидтен түзіледі?

А) 1

Б) 2


В) 3

Г) 4


Д) 5

10. Донор клеткасынан плазмида қабылдаған клетканы ұрықтандыру үшін не қосады?

А) Фермент

Б) Май


В) Пигмент

Г) Қант


Д) Витамин

11. Клондаған ДНК қайда сақталады?

А) Банкада

Б) Каробкада

В) Столда

Г) Колбада

Д) Бутылкада

12. Клондаған ДНК ны қайда көбейтеді?

А) Чашка петриде

Б) Тарелкада

В) Колбада

Г) Пробиркада

Д) Кастрюльде

13. Клондаған ДНК банкеден немен алынады?

А) Пышақ пен

Б) Ине мен

В) Қасық пен

Г) Қалам мен

Д) Фермент пен

14. Клондаған ДНК сегменттерін қайда орналастырады?

А) Малекулаға

Б) Реконға

В) Мутонға

Г) Цитоплазмаға

Д) Генге

15. ДНК молекулаларды қайда пайдаланады?

А) Сот медицинасында

Б) Физиологияда

В) Ауыл шарашылығында

Д) Асханада

16. Басқа ген қабылдаған клетка не деп аталады?

А) Трансген

Б) Гаплойд

В) Диплорйд

Г) Триплойд

Д) Полиплойд

17. Донор ДНК ны қабылдаған клетка не деп аталады?

А) Реципиент

Б) Полиплойд

В) Гаплойд

Г) Диплойд

Д) Триплойд

18. Азот жинаушы бактериялар қай өсімдікте борлады?

А) Бұршақта

Б) Жүгеріде

В) Мақтада

Г) Бидайда

Д) Арпада

19. Азот ауада неше пайыз?

А) 79


Б) 29

В) 39


Г) 40

Д) 100


20. Трансген методы мен егн золотой рис өсімдігінде не көбейтеді?

А) Витамин

Б) Цитоплазмада

В) Пластидтер

Г) Вакуоль

Д) Хромосома

39

Сабақтың тақырыбы: Егіздерді зерттеу әдісі.

Сабақтың жоспары:



1.Егіздерге сипаттама

2.Егіздердің типке бөлінуі

3.Егіздердің моно және дизиготалығын зерттеу.
Сабақтың мақсаты: Егіздерді зерттеу әдісі.
Сабақтың мәтіні:

1.Екі бұзауда мүлде бірдей қан типінің болу ықтималдылығы өте мамалы. Сондықтан екі түрлі жұмыртқа клеткасынан пайда болған егіздерде қанныңтиптері әр түрлі болады деп есептеу керек. Ірі қара малдың екі жұмыртқа клеткасынан жаралған егіздердің антигендері бірдей, ал сарысу тобы мен лактоглобулиндері бірдейнемесе әртүрлі болуы мүмкін. Бұл ірі қара мал егіздерінің жатырдағы даму ерекшелігіне байланысты. Ол: 90%-ке жуық егіздерінің қан тамыр жүйелері бір-бірімен қатынасын, бір организмдікіндей жұмыс атқарады. Америка зерттеушісі Оуэн бұл жағдайда қан жасаушы клеткалар арасында алмасу болатынын көрсетті.Олар рецепиентінің организмінде орналасып қалыпты түрде дамиды. Туғаннан кейін мұндай егіздер екі түрлі эритроцит шығарады, біркуі-өзінікі, екіншісі- сыңарының генотипіне сәйкес. Бұл жаңалық жүре пайда болған иммунологиялық (толеранттылық “толератиа”- шыдамдылық, яғни иммундық жауапты жоғалту деген мағынада) теориясын жасаудың жолын ашты. Егіздердің қан алмасуы әрдайым дамудың бас кезеңінен басталғандықтан олар бөтен белоктарға антиденелер бөліп шығармайды. Егіздер сыңырының антигендеріне өмір бойы шыдамдылық көрсетеді.

2. Егіздерде екі типті эритроциттердің қосылысын қан тобының өрнектілігі (мозайка) деп атайды. Мұндай малдардың қан денешіктері реагенттермен толық гемолиз бермейді. Қан ерітіндісін екі фракцияға бөліп оның әрқайсысының ерітіндідегі үлесін анықтауға болады. Егерде егіздің бір сыңарындағы бір фракциясының үлесі 70% , ал екіншісінікі 30% болса, онда екінші сыңарыныңкіде соншама болады. Бұдан бір сыңарда екіншісіне қарағандаөз қан типінің аз болатындығын көруге болады.

3.Егіздердің моно және дизиготалығын зерттеу.

Қандары әртүрлі типке жататын егіздердің екі жұмыртқа клеткасынан таралғаны айқын. Оларды дизиготалы егіздер деп атайды. Бір жұмыртқадан жаралған егіздерді монозиготалы деп атайды. Швед ғалымы Гане трансферриндер құрамына қан тамырларының анастомозы әсер етпейтінін дәлелдеді. Егер егіздердің генотипінде әр түрлі транферриндер кездессе, олардың фенотиптерінен айырмашылықтары болады.Ұрықтық кезеңдегі егіздердің қан тамырларының анастомозы, осы заттар жасалып шығатын тканьдерге сірә әсер етпейтінболуы керек. Дизиготалы егіздердің көпшілігі осы үш жүйенің көмегімен айқындауға болады. Трансферриннің көмегімен швед қызыл ала тұқымының егіздерінің тең жарымы анықталған.


40



Сабақтың тақырыбы: Ауруға тұқым қуалайтын өзгергіштік пен бейімділікті зерттеу әдістері

Сабақтың жоспары:


1.Генетикалық төзімділікті және қабылдағыштықты малдарда зерттеудің әдістері

2.Тұқым аралық немесе линияаралық айырмашылық

3.Төзімділіктің қарапайым тұқым қууы.

Сабақтың мақсаты:
Сабақтың мәтіні:

1.Генетикалық төзімділікті және қабылдағыштықты малдарда зерттеудің бірнеше әдістері бар:

  1. Егіздік талдау

  2. Тұқымдық, линияаралық және семьяаралық айырмашылықтарды анықтау

  3. Селекциялық эксперимент

  4. Клиникалық- шежірелік талдау

  5. Аурудың маркерлік гендермен байланысын талдау

  6. Популяция- статистикалық талдау.

Тұқым қуатын төзімділікпен бейімділікті зерттегенде осы айтылған әдістердің біреуін ғана емес, олардың үйлесімді біріккен түрлерін қолданады.

Егіздік әдіс- аурудың этиологиясындағы (шығу себебі) тұқым қуу мен ортаның үлесін анықтауға мүмкіндік туғызады. Ол үшін конкорданттық және дискорданттығын анықтайды. Конкорданттылық – екі егізде де аурудың барлығы не жоқтығы, ал дискорданттылық – бұл белгінің егіздің бір сыңарында ғана болу құбылысы. Әр түрлі аурулар бойынша бір жұмыртқа клеткасынан тарағандарға қарағанда жоғары. Конкорданттылық тек аурудың барлығынан ғана емес, сондай-ақ оның басталғандығы жас мөлшері және клиникалық көрінісі де алғашқыларда айқын көрінеді. Адамда бір жұмыртқа клеткасынан тараған егіздерде конкордонттық туберкулез бойынша 74%, рахит 88%, қантты шыжың -84%, ал екі жұмыртқа клеткасынан тараған егіздерде 28,22 және 37%-ке сәйкес болады.

2.Тұқым аралық немесе линияаралық айырмашылық.

Генетикалық формалардың ауруға төзімділікте елеулі орын алатынын көрсетеді. Шотландиялық қарабас қойлардың, финляндияның дорсет тұқымымен салыстырғанда гемонхозға (паразиттік құрттардан болатын ауру) жалпы резистенттілігі жоғары екені белгілі. Джерсей, Швецияның қызыл ала малдары гипокальцемияға фриздер мен айршир тұқымдарына қарағанда сезімталдау. Африкада блутанг (көк тіл) деген малдың ауруы 100 жылдан аса уақыт экономикалық шығынғаұшыратуда. Бұл ауыздың тілдің кілегей қабығының қабынуы мен және аяқтар терісінің зақымдануымен сипатталатынауру. Эпизоотиялық зоналардағы (ауру шыққан) жергілікті тұқымдар ауру болмаған зоналардағы малдармен салыстырғанда төзімдірек болады. Қойлардың жергілікті африкалық және азиялық тұқымдарына қарағанда блутангке төзімді.

Егер селекцияның нәтижесінде ауруға резистенттілік жоғарыласа,бұл резистенттілік пен қабылдағыштың генетикалық табиғаты барлығын көрсетеді. Мысалы, егеуқұйрықтарда тіс кариесін (лат. “кариес”-шірік ) туғызатын бактериаларға төзімділік селекциясын 11 ұрпақ бойы жүргізіп алғашқы популяциядан төзімділігі 7 есе артық линия шығарылады.

Популяциялық статистикалық әдісті қолданғанда тұқым қуғыштық және генетикалық корреляция коэффициентін, сондай-ақ қайталанғыштық коэффициентін, гендердің жиілігін т.с.с генетикалық параметрлерді есептейді. Мысалы, бұзаулардың өлі тууының тұқым қуғыштық коэффициенті 0,44-ке тең, бұл популяциялардағы малдардың бұл белгі бойынша көп айырмашылығы жоқтығын көрсетеді.



3.Төзімділіктің қарапайым тұқым қууы.

Бұл түсінік ауруға төзімділік бір немесе азғана гендермен анықталатын жағдайда айтылады. Қазіргі кезде бас аяғы бірнеше тұқым қуатын ортаға байланысты аурулар ғана тұқым қуатыны белгілі.

Вирустар. Тауықтарда лимфоидтық лейкозға төзімділіктің аутосомалық- доминанттық тұқым қууы жазылған. Мұнда гентикалық резистенттіліктің екі түрі бөлінген: вирустық инфекцияның клеткалық резистенттілігі және вирус жұққан құстардың ісіктің дамуына қарсы төзімділік комплексті түрде көрінеді және азғана субгруппалық ерекшеліктермен. Тышқандардың тұмау вирусына резистенттілігі аутосомалы доминантты генмен, ал тышқан гепатитіне төзімділік рецессивті генмен кодталады. Лабораториялық жануарлардың вирустарға төзімділігінің тұқым қууының қарапайым түрлерінің бірқатар мысалдары белгілі.

Бактериялар. Ішек таяқшасының кейбір штаммдары жас торайларды диареяға (тышқақ) ұшыратады. Дегенмен, торайлардың бір бөлігі К88-антигендері бары бұл ішек таяқшасының штаммына резистентті болуы мүмкін. Бұл резистенттілік К88 антигендерін танитын рецепторлаға байланысты. Рецепторлардың болуы – қарапайым тұқымқуатын белгі. Рецепторлары бар аналықтан туған торайлар К88 антигеніне қарсы антиденелері бар уыз жас төлге беріліп тұрғанша вирулентті, К88 штаммы оларға қауіпті емес.



Сабақтың тақырыбы: Ауруға тұқым қуалайтын өзгергіштік пен бейімділікті зерттеу әдістері
Реферат

1.Линияаралық


2.Егіздік әдіс
3.Вирусына
4.Егіздік талдау
5.Клиникалық- шежірелік талдау
6.Эпизоотия
7.Конкордант

41



Сабақтың тақырыбы: Иммуногенетиканың маңызы және шығу тарихы.

Сабақтың жоспары:


1.Жеке организмдер арсындағы тұқым қуудың айырмашылығы

2. Қан топтары мен полиморфты белоктар



Сабақтың мақсаты: Иммуногенетиканың маңызы және шығу тарихы мен таныстыру.
Сабақтың мәтіні:

1.Жеке организмдер арсындағы тұқым қуудың айырмашылығы немесе генетикалық полиморфизм көбінде иммунологиялық әдістер арқылы зерттеледі. Осы зерттеулер саласын шартты түрде иммуногенетика деп атайды. Ауыл шаруашылық малдарына қолданылатын иммуногентика зоотехникалық ғылымдардың ішіндегі ең жас ғылымдардың бірі. “ Иммуногентика” атауын 1947 жылы Ирвин ұсынған. Ол бұл ғылымда иммунологиялық және генетикалық әдістердің бірігуін ескерген. Барлық тірі организмдердің ішкі оргондары, тканьдері және олардың клеткаларындағы мыңдаған органикалық қосылыстардың мөлшері мен сапасы әрқашан бір қалыпты және тұрақты болуы керек. Оны ғылым тілінде гомеостаз деп атайды және ол организмдегі көптеген ішкі процестермен реттеліп, сақталынып отырады. Тірі организм сыртқы ортамен тұрақты түрде зат алмасып отырады. Ауа, су және тамақпен бірге миллиондаған микрорганизмдер денемізге еніп, біраз түрлері кейбір витаминдерді, амин қышқылдарын жасайды. Дегенмен, организмдерде көптеген зиянды бактериялар да кездеседі. Олар патогенді деп аталады. Осы бактериялар бөліп шығаратын заттар организм гомеостазына тікелей әсер етеді. Гомеостаздың бұзылуы әр түрлі ауру тудырады. Гомеостазға сыртқы ортадан түсетін заттар ғана емес, сонымен қатар организмдегі өле бастаған клеткалар және ерекше өзгерістен кейін организмнің “бақылауына” көнбей тез көбейе бастаған рак клеткалары да әсер етеді.

Міне, гомеостазды бұзатын сыртқы және ішкі заттардан организмді қорғап тұратын ерекше жүйе бар. Оны иммундық жүйе деп атайды. Соңғы кезде жануарлар иммуногенетикасы, әсіресе оның қан құрамының полиморфизміне қатысты саласы жылдам дамып келе жатыр. Қан топтарын зерттеу қазіргі кезде жалпы биологиялық, медициналық малдәрігерлік зерттеулердің міндетті түрде зерттелетін бөлігіне айналды. Ол зерттеулер мал тұқымын асылдандыруда да пайдаланылады. Көптеген елдерде малдың қан топтарын зерттейтін лабораторияар мен иниституттардың құрылуы да осының айғағы. Қазіргі кезде қан топтарын зерттеудің маңызы күннен күшейіп келеді. Бұл қан топтары мен морфты белоктардың тұқым қуу заңдылықтарының жеңіл бақыланатынына, малдың өмірінің ақырына дейін өзгермеуінде және қарапайым әдістермен анықталатынына байланысты.



2.Қан топтары мен полиморфты белоктар кодоминантты түрде тұқым қууына байланысты, рецессивтік формалары болмағандықтан, селекцияның әртүрлі әдістерін, шағылыстыру,инбридингті қолдану арқылы тұқым қуудың ең қолайлы генетикалық моделі ретінде популяцияның, организмнің тұқым қуу жүйесін зерттеуге қолданады. Бұлардың көмегімен күмәнді жағдайларда малдың шыққан тегі, атасы, немесе енесі анықталады. Тұқымның құрылымы кейбір енелеріне талдау жасалынады. Жекеленген тұқымдардың бір-бірімен туыстық қатынасы анықталады.

Егер иммуногенетиканың шығу тарихына келсек, ең бірінші 1900жылы адамда О,А,В, қан топтарын тапқан Ландштейнерді және 1902жылы АВ қан тобын тапқан Декастелло мен Стурлидің еңбектерін айтқан жөн. Ал 1907жылы және 1909жылы чех ғалымы Янский мен ағылшын ғалымы Мосс осы агглютинация (желімдеу) заңдылықтарын ашты. Бұл ғалымдар адам қанының О тобының сарысуында А және В қан топтарының эритроциттеріне қарсы табиғи антиденелер бар екенін және олар бір –бірімен кездескенде агглютинацияланатынын анықтады.

42

Сабақтың тақырыбы: Тұқым қуудың стреске бейімділіктегі ролі

Сабақтың жоспары:


1.Стресс

2.Аруруға төзімділікке орта факторларының ықпалы



Сабақтың мақсаты: Тұқым қуудың стреске бейімділіктегі роліне сипаттама.
Сабақтың мәтіні:

1.Стресс- (ағылшын.”стресс”-зорлану, ширығу)- организмнің күйі, күшті қоздырушыға немесе қоршаған ортаның әртүрлі зақымдаушы факторлардың әрекетіне жауап беру реакциясы. Шошқада стресс синдромының үш түрі белгілі: стресс синдромы қатерлі гипертермия синдромы бозғылт, жұмсақ экссудаттық (терлеу), ет синдромы. Галотон арқылы анықталатын қатерлі гипертермияға шошқалардың сезімталдығы қарапайым рецессивті белгі секілді жоғары пенетранттылықпен тұқым қуады. Кейбір елдерде галотондық тест стресс синдромының жиілігін азайту үшін қолданылады.

2.Аруруға төзімділікке орта факторларының ықпалы

Жоғарыда тұқым қуу- орта аурулары қаралады. Тұқым қуу мен ортаның осы аурулардың көрінуіндегі арақатынасы әртүрлі: нашар азықтандыру, жоғары не төмен температура, малдың өте көп шоғырлануы, радиацияның әсері т.с.с организмнің ауруларға төзімділігін төмендетеді. Белок алмасуының бұзылуы антиденелерді өндіруді азайтады. Витаминдер мен микроэлементтердің жетіспеушілігі де организмнің қорғаушы күшін азайтады. Айта кететін маңызды бір жәй линиялармен тұқымдардың төзімділігінің өнімдік белгілермен салыстырғанда генетикалық айырмашылықтары ортаның нашар жағдайында да сақталып қалады. Бірақ аурудың жиілігі резистентті және қабылдағыш малдар да арта түседі. Мысалы,гельминтоздарға резистенттілігі әр түрлі Н дама және голштин тұқымдары бұл белгі бойынша өздерінің генетикалық айырмашылықтарын нашар азықтанған кездерде сақтайды. Аурудың көрінуіне ортаның ықпалын қола түстес күрке тауықтардың жемсауының салбырауы мысалынан көруге болады. Күрке тауықтың балапандарының жемсауының салбырауы 2-4 айлық кезінде жаздың ыстық күндерінде суды көп жазда өсірілсе, бұл ауру білінбейді. Бұл қола түстес күрке тауықтардың жемсауының салбырауына генетикалық бейімділіктің барлығын көрсетеді.



Сабақтың тақырыбы: Тұқым қуудың стреске бейімділіктегі ролі

Тест сұрақтары
1. Инсулин гормонын қайда синтездейді?

А) Трансгенді микробтар

Б) Тышқанда

В) Жыланда

Г) Шыбында

Д) Вирустар

2. Гендерді соматик клеткаларға орнатса қайсы органға әсер етпейді?

А) Дәнге

Б) Жапыраққа

В) Қабыққа

Г) Сабаққа

Д) Тамырға

3. Құрылымдық хромосома генде неше пайыз?

А) 25-40


Б) 10-15

В) 15-20


Г) 5-10

Д) 60-80


4. Хромосомада гендер араларындағы бос үлекілер неше пайыз?

А) 60-75


Б) 10-15

В) 15-20


Г) 5-10

Д) 90-100

5. Ашытқы саңырауқұлақта қанша ген кездеседі?

А) Көп


Б) 4

В) 6


Г) 8

Д) 3


6. Генетика ғылымында соңғы кезде қандай жаңа бөлім ашылған?

А) Биоинформатика

Б) Селекция

В) Эмбриология

Г) Физиология

Д) Цитология

7. Нуклейн қышқылдықты қосса не болады?

А) Ақуыз жинайды

Б) Көмір су

В) Май


Г) Қышқылдық

Д) Қант


8. Рак ауруынан сақтайтын Е СОІі бактериясын генетиктер қай жылы тапты?

А) 1970


Б) 1650

В) 1800


Г) 1850

Д) 1600


9. Гендік инженерия алғаш қай жерде тексерілді?

А) Америкада

Б) Қытайда

В) Африкада

Г) Ресейде

Д) Қазақстанда

10. Гендерді ауыстыру инженерия модификациясына грант берудің неше бөлімі болды?

А) 4


Б) 2

В) 6


Г) 8

Д) 10


11. Өсімдіктерді ген модификациялық өзгертуге қарсы қозғалыс қай жылдары болды?

А) 1996


Б) 1910

В) 1940


Г) 1950

Д) 1830


12. Биотехнология қай салада қолданылады?

А) Медицина

Б) Математика

В) Экономика

Г) Физика

Д) Механизация

13. Гербицит ДДТ і қай жылы Пауль Мюллер Ашты?

А) 1948


Б) 1900

В) 1928


Г) 1850

Д) 2002


14. Гербицит ДДТ ң әсері қай организмде тексерілді?

А) Көп ж

Б) 1,0ж

В) 2,0ж


Г) 5,0ж

Д) 0,5ж


15. Алғашқы трансген инженерия әдісі қай организмде тексерілді?

А) Тышқанда

Б) Қойда

В) Адамда

Г) Алмада

Д) Бидайда

16.Мақтада холестирин қай органда болады?

А) Дәнде

Б) Гүлде

В) Тамырда

Г) Тамырда

Д) Жапырақта

17. Америкада генделген соя өсімдігі қанща егістікте жерге егіледі?

А) 2/3


Б) 1/3

В) 2/2


Г) ½

Д) ¾


18. ДНК ны клондап генетиктер қандай жануарды шығарған?

А) Қойды

Б) Сыйырды

В) Атты


Г) Тауықты

Д) Тышқанда

19. Табиғи сұрыпталу неше жылда болады?

А) Көп


Б) 10

В) 3


Г) 100

Д) 40


№43


Сабақтың тақырыбы: Гетерозис құбылысы.

Сабақтың жоспары:


Гетерозиске сипаттама

Гетерозис құбылысы жайында ғалымдардың пікірі


Сабақтың мақсаты: Гетерозис ерекшеліктерін сипаттау.
Сабақтың мәтіні:

1.Ұрпақтарының генотипі мен фенотипіне әсер ету жағынан жалпы шағылыстыру туыстас шағылыстыруға қарама-қарсы болады. Туыстас емес шағылыстыру аутбридинг деп аталады. Жануарлар мен өсімдіктер селекциясында түраралық немесе алшақ будандастыру арқылы алынған аралық будандар қуаттылығын гетерозис деп атайды. Негізінде гетерозис пен инбредтік депрессияның себептерін ұрпақтар генотиптерінің өзгеруінен іздеу керек. Бұл ғалымдар мен мамандарды көптеген ойландырып жүрген сұрақ, себебі бұл құбылыстың сырын біліп, себебін түсінсе мақсатты түрде шағылыстыру арқылы гетерозис алуға немесе инбридингтің зиянды әсерлерінен құтылуға болар еді. Гетерозис және инбридингтен болған депрессияның негізінде жатқан себептердің кейбіреулері анықталған. Олардың бастыларына тоқталып өтейік.

Бірсыпыра гендердің плейотроптық әрекеті бар, яғни бір ген бір мезгілде бірнеше белгіге әсер етеді- біріне дұрыс әсер, онда организмнің тірлігі артады, біріне бұрыс әсер етіп организмнің өмір сүру қабілетін осалдатады. Табиғи сұрыптаудың әсерімен дұрыстықты күшейтетін доминантты және теріс әсер ететін рецессивті модификатор- гендер гетерозиготада тек қана пайдалы жағынан көрінеді.



2.Бірқатар ғалымдар (Давенпорт, Джонс, Коллинз т.б.)гетерозис құбылысы доминантты гендердің көп санымен анықталады деген пікір айтады. Доминантты гендер белгінің дамуын күшейтеді, ал рецессивті аллельдер оған әсер етпейді, қайта ол белгілердің дамуын нашарлатады. Мұндай аллельдердің доминанттылығы және рецессивтілігі табиғи сұрыптаудың әрекеті мен болады. Табиғи сұрыптаудың ықпалымен генотптік орта құрылады да белгінің дамуына жақсы әсер ететін аллельдер доминантты болады. Дамуды күшейтетін кейбір доминантты гендер аддитивтік әрекет аңғарады. Шағылыстыру арқылы ұрпақта олардың шоғырлануы белгіге қосылып әсер етіп, соның салдарынан ұрпақтың ата-аналарымен салыстырғанда күштірек даму қасиетін арттырады. Керісінше өте жақын туыстарды шағылыстыру,мұндай гендердің жартылай жоғалуына әкеп соғады, осының салдарынан белгінің дамуы нашарлайды.

44



Сабақтың тақырыбы: Тұқым, сорт

Сабақтың жоспары:

1.Тұқымдық резистенттілік

2.Әр түрлі тұқым малдарының трипаносомозға, тейлериозға,анаплазмо нематодтарға төзімділігі.

3.Тауықтың әр түрлі линияларының лейкозға және моноцитозға төзімділігі



Сабақтың мақсаты: Тұқымның ерекшеліктеріне қысқаша шолу
Сабақтың мәтіні:

1.Кейбір тұқымдардың генофондын малдың төзімділігін арттыруға негіз ретінде қолдануға болады. Тұқымдық резистенттіліктің көптеген мысалдары бар, бұл әрине табиғи сұрыптаудың нәтижесі. Үндінің зебу тектес жергілікті малдары ірі қара малдың мәлігіне, ауысылына және қараталағына, британ тұқымдарына қарағанда төзімдірек келеді. М.Рчеулишвилидің және басқаларының (1980) деректері бойынша зебуде аусылға, пироплазмозға, трихостронгилидоздарға және басқа да ас қорыту, тыныс органдарының ауруларына комплексті төзімділік бар көрінеді.Н дама тұқымы тұқымдармен салыстырғанда трипаносомозбен, анаплазмозбен, бірнеше есе аз ауырады екен, сондай-ақ нематодтарға төзімдірек көрінеді. Тайван аралығындағы үйдің су буйволдары және қара малдың сары тұқымы туберкулезге, бруцеллезге, анаплазмозға және тұмауға төзімді. Дегенмен тұқымдар мен линиялар бір ауруға төзімді болса, екінші ауруға осал болады. Мысалы, лейкозға резистентті тауықтың ақ леггорн тұқымы (8,7%) моноцитозға қабылдағыш линия (645%) моноцитозға төзімділік көрсетті.

Сабақтың тақырыбы: Тұқым, сорт

Тест сұрақтары

1. Цитология ғылымында жұмыс жүргізген ғалым кім?

А) Навашин

Б) Вавилов

В) Мичурин

Г) Тимирязов

Д) Мендель

2. Полиплойд хромосомдар ненің әсерінен пайда болады?

А) Колхицин

Б) Цртоплазмадан

В) Пиптиннен

Г) Витамин

Д) Фермент пен

3. Клетка өледі, ген өлмейді деген ғалым кім?

А) Вавилов

Б) Мендель

В) Вейсман

Г) Мичурин

Д) Лысенко

4. Түрлі организмдердің 1-1 мен шағылыстыруы не деп аталады?

А) Геторизис

Б) Поляризация

В) Пиптиздену

Г) Моноплойд

Д) Стерилизация

5. Ф. Энгельс 4 теория жаңалығына не кіреді деген?

А) Клетка

Б) Ген


В) Хромосома

Г) Ядро


Д) Пластидтер

6. Ядро қабығында қай фазада жаңадан көрінді?

А) Телофазада

Б) Метофазада

В) Анофазада

Г) Профазада

Д) Интерфазада

7. Генеративті органға не жатады?

А) Гүл

Б) Жапырақ



В) Қабық

Г) Тамыр


Д) Тікенек

8. Вегетативті органға не кірмейді?

А) Дән

Б) Тамыр


В) Жапырақ

Г) Қабық

Д) Вакуоль

9. Мейоз бөлінуінің 1 профазада неше кезеңнен түзіледі?

А) 5

Б) 4


В) 2

Г) 8


Д) 10

10 Менднль 3 заңын қай жылы ғалымдар қабылдаған?

А) 1900

Б) 1890


В) 1880

Г) 1930


Д) 1950

11. Торлық даминанталық 2 ші ұрапғында рецесив гендердің көрінуі?

А) 3:1

Б) 1:3


В) 2:3

Г) 1:2


Д) 3:3

12. Хромосомалар екіге тең бөлінеді өзгермей қандай клетка бөлінгенде?

А) Митозда

Б) Амитозда

В) Эндомитозда

Г) Мейозда

Д) Хромосома

13. Хромосома неше нуклейд спиральден түзіледі?

А) 4

Б) 2


В) 5

Г) 7


Д) 8

14. Аденин нуклеотиді қайсы нуклеотидпен комплементарлы?

А) Тимин

Б) Цитозин

В) Аденин

Г) Гуанин

Д) Барлығы мен

15. Гуанин нуклеотиді қайсы нуклеотид пен комплементарлы?

А) Цитозин

Б) Аденин

В) Гуанин

Г) Тимин


Д) Барлығы мен

16. Цитозин нуклеотиді қайсы нуклеотидпен комплементарлы?

А) Гуанин

Б) Аденин

В) Цитозин

Г) Тимин


Д) Барлығы мен

17. Мейоздың бөлінуінде бір клеткадан неше клетка пайда болады?

А) 4

Б) 3


В) 2

Г) 5


Д) 6

18. Митоздың бөлінуінде 1 клеткадан неше клетка пайда болады?

А) 2

Б) 3


В) 4

Г) 5


Д) 6

19. Диакенез стадиясы 1 профазада мейоз бөлінуінің нешінші стадиясы болады?

А) 5

Б) 2


В) 3

Г) 4


Д) 1

20. Лептонема стадиясы 1 профазада мейоз бөлінуде нешінші стадия борлады?

А) 1

Б) 2


В) 3

Г) 4


Д) 5

21. Қайсы хромосома қалыпты?

А) ХУ

Б) ХХ У


В) Хх Х

Г) УУ


Д)УУХ

22. ДНК 4 нуклеотидтен басқа неден түзіледі?

А) Қанттан

Б) Тұздан

В) Майдан

Г) тВитаминнен

Д) Пиптиннен

23. Молекула ДНК ның структурасы Уотсон мен Крик қай жылы анықтаған?

А) 1953

Б) 1920


В) 1930

Г) 1940


Д) 1910

24. Ұл не қыз жынысты болатыны қайсы жұп хромосомға байланысты?

А) 23

Б) 6


В) 10

Г) 15


Д) 2

25. Табиғатта организмдердің өзгеру типтігінің болуын кім анықтаған?

А) Дарвин

Б) Тимирязов

В) Вавилов

Г) Морган

Д) Вейсман

26. Мутацияларды организмде азайту жолын қай мамандық анықтаған?

А) Экология

Б) Цитология

В) Селекция

Г) Физиология

Д) Морфология

27. Фенотиптік өзгергіштік неден пайда болады?

А) Спорттан

Б) Хромосомадан

В) ДНК дан

Г) Ядро дан

Д) Геннен

28. Мақтада вильт ауруы неден пайда болады?

А) Вирустан

Б) Гербициттен

В) Судан

Г) Тыңайтқыштан

Д) Бактериядан

29. Эритроцит қанда не тасымалдайды?

А) Оттегі

Б) Витамин

В) Фермент

Г) Қант


Д) Көмір қышқылын

30. Фотосинтез өсімдікте не арқылы жүреді?

А) Пластид

Б) Вакуольдер

В) Цитоплазмада

Г) Ген


Д) Хромосома

45



Сабақтың тақырыбы: Малдарға ауруға төзімділігінің селекциясы.

Сабақтың жоспары:

1.Тышқандар мен егеуқұйрықтарға жасалған тәжірибелер

2.Тауықтардың пуллорозға төзімділігінің селекциясы

3.Тауықтардың эймериозға төзімділігінің селекциясы

4.Ірі қара малдыңкенелерге төзімділігін селекциялау

Сабақтың мақсаты: Малдарға ауруға төзімділігінің селекциясына сипаттама.

Сабақтың мәтіні:

1.Тышқандар мен егеуқұйрықтарға жасалған тәжірибелер әртүрлі ауруларға төзімділік селекциясын жүргізуге болатынын көрсетті. Тышқандардың лейкозға, сальмонеллезге т.б. төзімді линиялары шығарылған. Сары безгектің қоздырушысына 100% төзімді және 100% қабылдағыш линиялар шығарылған. Сұрыптау арқылы жетіскен резистенттіліктің нәтижесі ұзақ сақталынатыны маңызды. Мысалы, егеуқұйрықтардың Бомбейде болған оба эпидемиясына резистенттілігі 1931 жылдан 1958 жылға дейін жоғары болған. Ауруларға төзімділіктің сәтті селекцияларының кейбір мысалдарын қарастырайық.

2. Тауықтардың пуллорозға төзімділігінің селекциясы. Пуллороз (ақтышқақ) құс шаруашылығына үлкен эканомикалық нұқсан келтіреді. Бұл індет тәріздестердің сальмонелла пуллорум бактериялары арқылы жұғады, ішегі зақымдану, балапандардың паренхималық органдары және ересек құстардың аналық безі зақымдануы мен сипатталады. Робертс және Кард (1935) төрт жыл бойы пуллорозғарезистенттілікке ақ леггорн тауықтарының екі линиясына қолдан жұқтыру арқылы селекция жүргізілген. Селекцияланған линияларда қоздырғыштың стандартты дозасын жұқтырғаннан кейін тірі қалғандары 61-70%, ал салыстырмалы 28% болған, 9 жыл бойы жүргізілген селекцияданкейін линияда тіршілік 74%-ке дейін артқан.Егер ауруға төзімділікті, не қабылдағыштықты көрсететін жанама көрсеткіштер белгілі болса,резистенттілікке селекцияны жануарларға ауруды жұқтырмай жүргізуге де болады. Тауықтарға пуллорозға төзімділіктің жанама селекциясының нәтижелігін Хатт көрсетті. Бұл төзімділік балапандардың денесінің температурасын 30,9ºС ересек тауықтың температурасына дейін көтеру жылдамдығымен байланысты. Денесінің температурасы жылдам көтерілген балапандар төзімдірек болады. Себебі оларда антиденелердің түзілуі жылдамдайды деген жорамал бар. Ақ леггорн тұқымының балапандарының температурасы плимутрок және род- айланды тұқымдарымен салыстырғанда жылдамырақ көтеріледі.

3. Тауықтардың эймериозға төзімділігінің селекциясы. Тауықтардың эймериозға төзімділігін арттыру жөнінде көптеген эксперименттік- селекциялық жұмыстар жүргізілген. Төзімділіктің белгісі ретінде балапандардың ооцисталар жұқтырылғаннан кейінгі 10 күндік тіршілігі алынған. Барлық жағдайда да селекция сәтті болған. Мысалы, эймериозға төзімділікке селекцияланған линидағы құстың 15%,қабылдағыштыққа селекцияланғандардың-72%, ал селекция жүргізілмеген популяцияда-34% ауырған.

4.Ірі қара малдыңкенелерге төзімділігін селекциялау. Кенелерге және ыстыққа төзімділігін арттырудың сәтті жүргізілген және әзірге бірінші мысалы,25 жыл бойы австралиялық сүтті зебу тұқымын шығару болып отыр.Жаңа тұқым зебуді европалық тұқыммен шағылыстыру арқылы алынды. Кейбір зерттеушілер 51%-ке тең өлімі бар бастапқы популяциядан Марек ауруына 100% қабылдағыш тауықтардың линияларын 3немесе 4 ұрпақтан кейін шығаруға деп есептейді. Тауықтың ақ леггорн тұқымының екі линиясына Марек ауруына төзімділік және қабылдағыштық жөнінде селекция жүргізілген.


Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі әдебиеттер:


  1. Инге-Вечтомов.С.Г.Генетика сосновами селекции,М.Высшая школа,1989.

  2. Лобашев М.Е.Ватти К.Е.Тихцмирова М.М,Генетика с основами селекция,М.Просвещение,1979

  3. Алихцнян С.И.Общая генетика,М.Высщая школа.

  4. Ватти К.В.Тихцмирова М.М.Руководства к пратическим занятиям по генетике.М.Просвещение.19791972.

  5. Лобашев М.Е.Генетика.Изд-во ЛГУ..Генетические1969.

  6. Медведев Н.Н.Пратическая генетика.М.НАука,1966.

  7. Роцкий П.Ф.Биологическая статистикаш.Минск.Высшая школа.1973.

  8. Мұхамбетжанов К.К,Генетика және селекция негіздері.Алматы. Санат.1996.

  9. Берсімбаев Р.І.Мұхамбетжанов К.К.Генетика.Алматы. Қазақ университеті 2002.

  10. Мұхамбетжанов К.К Генетика.Алматы 1994.

  11. Мұхамбетжанов К.К Далабаев Б.А, Өтешева Г.А.Генетикадан практикалық сабақтар.Алматы.Ғылым 2004.

Қосымша әдебиеттер:

1.Астуров Б.Л.Наследственность развитие.М,Наука.1974.

2. Ауэрбах Ш.Проблема ьмутагенеза.М.Мир 1978

3.Зхиров а.Ф.Хромосомы человека.М.Медицина 1977.

4.Быков А.П.Генетика человека.М1978.

5.Бриге Ф.Нолэ П Науычные основы селекция растений.М.Колос.1972.

6.Брюбейкер Дж.Л.Сельсхозайственная генетика.М.Колос.1966.

7.Вавилов Н.И.Сборник сочинений,М.1965.Генетические основы селекции животных.Наука 1969.

8.Гершкович И.Генетика.М Наука.1968.

9.Гердон Дж.Регуляция функции генов в развитии животных.М.Мир 1976.

10.Джинко Дж.Нехромосомная наследственность М.Мир 1966.

11. Дубинин Н.П.Горизонты генетики.М.Просвещение. 1967.



  1. Дубинин Н.П.Глембоцскии Я.Л.Генетикапопуляций и селекция.М.Наука. 1976.

  2. Дубинин Н.П.Общая генетика.М.Наука. 1976.

  3. Дэвидсон ЭДействие генов враннем развитии.М.Мир 1972

  4. Захаров И.А.Курс генетики микроорганизмов.Минск. Высшая школа.1972.




Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.
“Сырдария” университеті



Бекітемін:

Кафедра меңгерушісі _______

Х.ғ.д., профессор Аширов Ә.М.

____ ____ 2008 ж.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет