Генетикалық есептерді шығару



Дата27.05.2022
өлшемі22,84 Kb.
#145301
Байланысты:
Генетикалы есептерді шы ару
№11 №1 зертханалық жұмыс. «Температуралары әр түрлi суды араластырғандағы жылу мөлшерлерін салыстыру»[1], ЭССЕ Құрметті достар 20-21, Ба дарламасы мен о у жоспарыны негізінде дайындал ан

Генетикалық есептерді шығару

1-есеп. Генотиптері : а) АА; ә) Аа; б) аа; в) АаВb; г) АаВbСс; ғ) ААВВСС; д) ААВbСс даралар қандай типті гаметалар түзеді?


Шешуі:
Генотиптері АА аллельдері бар даралар мейоздық бөлінудің нәтижесінде бір типті А гаметалар түзеді.
Генотиптері екі түрлі даралар Аа-А және а екі түрлі гаметалар түзеді.
Генотипі bb- бір типті b гаметалар түзеді.
Генотиптері АаВb даралар дигетерозиготала болғандықтан 4 түрлі гаметалар түзуі тиіс: АВ,Аb, аВ, аb.
Генотиптері АаВbСс дараларда 8 түрлі гаметалар түзіледі: АВС, АВс, АbС, аВС, аbС, аbс.
Генотиптері ААВВСС даралар бір типті АВС гаметалар , ал генотипі ААВbСс даралар 4 түрлі гаметалар түзеді: АВС,АВс, АbС, Аbс.
2-есеп. Адамда альбинизм белгісі аутосомалы рецессивті белгі ретінде тұқым қуалайды. Ерлі -зайыптылардың біреуі альбинос, екіншісі қалыпты. Осындай отбасында екі жұмыртқадан пайда болған егіздер дүниеге келген. Олардың біреуі альбинос та, екіншісі бұл белгі бойынша қалыпты. Келесі ұрпақта альбинизм белгісінің болу ықтималдығын анықтау керек.
Шешуі: есептің шартын кестеге жазамыз.

Белгі
Ген А а

Генотип АА ,Аа Қалыпты
Альбинос аа

Ерлі –зайыптылардың біреуін - әйелі ауру деп белгілейік, оның генотипі - аа. Оның зайыбы сау. Зайыбының генотипі гомозиготалы немесе гереозиготалы болуы мүмкін. Осы отбасында екі түрлі егіздердің тууы ер адамның генотипі гетерозигота екенін көрсетеді.


Осы некенің үлгңсңн көрсетейік:

Р Аа х аа


Г А а а

Ғ1 Аа


Жауабы: осы отбасында ауру бала болғанымен келесі баласының альбинос болып тууының ықтималдығы 50% , себебі гаметалардың арақатынасы өзгермейді.

3 – есеп. Егер анасының генотипі белгілі болса, ұрпағының фенотипін анықтауға мүмкіндік береді. Гомозиготалы қара сиыр қызыл бұқамен шағылыстырылады. Ірі қара малда қара түс (В) қызыл түстен (b) басым екені белгілі. Алынған ұрпақ қандай түсті?


Шешуі: есептің шарты бойынша қара сиыр қара түс бойынша гомозигота, яғни оның генотипі – ВВ,бұқа қызыл түсті, оның генотипі –bb.
Шағылыстырудың үлгісі мынадай:

Р ВВ х bb


Енді ұрпақтың генотипі мен фенотипін анықтауға кірісеміз. Ол үшін ата -анасының әрқайсысының гаметалардың қандай типін түзетінін анықтаймыз.
Мейоздық бөлінуде гомозиготалы сиырдан В гені бар аналық гамета түзіледі. Екіншісінен b гені бар аталық гамета түзіледі:
Р ВВ х bb
Г В b
Ғ1 Вb b В b В b В b
Жауабы: бірінші ұрпақ фенотипі бойынша қара, генотипі -бойынша гетерозигота. Бұл мендельдің бірінші заңын немесе бірінші ұрпақтың біркелкілік заңын көрсетеді.
4.Сұр түсті тышқан – А Ақ түсті тышқан – а Сұр және ақ түсті тышқандарды шағылыстырды,Ғ1 тек сұр тышқан, ал Ғ 2-де 198 сұр және72 ақ тышқан пайда болды. Бұл белгілер қалай тұқым қуалайды? Ж: Моногибридті будандастыру бойынша тұқым қуалайды. Сұр түс басыңқы, ақ түс бағыныңқы

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет