«География» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған спецификация 8-сынып



бет2/12
Дата19.05.2022
өлшемі0,89 Mb.
#143914
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
8-osh soch geografija 8kl kaz
Адаптация 1-класс Каз ТЕКСТ к Слайдам
Түсінеді:
табиғи және әлеуметтік–экономикалық заңдылықтардың, процестердің, құбылыстардың мәнін; заманауи географиялық кеңістіктің, аумақтық кешендердің ерешеліктерін; географиялық объектілердің, процестер мен құбылыстардың өзара байланыстарын; географиялық қабық пен географиялық ортадағы процестердің себептерін, кезеңдерін, салдарын, мәнін; геосаяси процестерді; геосаясат субъектілерінің рөлі мен ықпал өрісін, өзара әрекеттестігін.


Қолданады:
тірі және өлі табиғаттағы объектілерді, процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін негізгі географиялық ұғымдар мен терминдерді; тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу әдістерін; практикалық жұмыстарды орындау барысында географияның заңдары мен формулаларын;нәтижелерді ұсынуда графикалық тәсілдерді, демографиялық көрсеткіштердің маңыздылығын түсіндіруде есептеу әдістерін қолданады; картометрия тәсілдерін, кеңістікте бағдарлау және навигациялық дағдыларды.


Талдайды:
ғылыми –жаратылыстану эксперименті нәтижесінде алынған деректерді; графиктік және кестелік нысанда берілген ақпаратты; заттардың қасиетінің сапалық және сандық құрамына және оның құрылымына тәуелділігін; географиялық қабық пен географиялық ортадағы процестер мен құбылыстардың себеп-салдарлық байланыстарын ; жаратылыстану ғылымдары саласындағы жетістіктер мен ғылыми жаңалықтарды қолдану аясын; географиялық объектілердің орналасу факторларын ; қоғамдық өндірістің ғылыми-жаратылыстану, әлеуметтік-экономикалық негіздерін; демографиялық проблемаларды;

4


ЖОБА

Қазақстанның географиялық және геосаяси жағдайын, саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуының ерекшеліктері мен факторларын, оның дүниежүзіндегі рөлі мен орнын.




Жинақтайды:
кесте ,сызбанұсқа, хабарлама , баяндама, таныстырылым түрінде көрсету үшін жинақталған және өңделген деректерді, ақпараттарды; гипотеза, дәлел және түсініктеме жасауға арналған ғылыми модельдерді және дәлелдемелерді , эксперимент және зерттеулер жүргізу жоспарын; эмпирикалық қағидаларды, қағидаттар мен заңдылықтарды жүйелеу, жіктеу және анықтау үшін тірі және өлі табиғатта болатын процестер туралы білімдерді.


Бағалайды:
жасалған эксперименттің нәтижелерін ; түрлі физикалық және химиялық процестердің адамның тыныс-тіршілігі мен қоршаған ортаға әсерін; тірі табиғат компоненттері арасындағы тепе-теңдікті сақтауға әсерін; пайдалы қазбалар мен табиғи ресурстарды дұрыс пайдаланудың маңыздылығын; әртүрлі мақсаттар мен қызмет түрлері үшін географиялық объектілердің, процестер мен құбылыстардың жарамдылық және пайдалану дәрежесін.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет