Географиялық қабық ұғымын алғаш рет 1910 ж орыс метеорологы



Дата06.02.2022
өлшемі153,06 Kb.
#81936
Байланысты:
географиялық қабық
-302378097, 1.02.21., ked oz 23-24

Физикалық географияның зерттеу объектісі –Жердің комплексті қабығы, мұның өзі литосфераның, гидросфераның, атмосфераның, организмдердің жанасуы, өзара араласуы және өзара әрекеттерінің нәтижесінде қалыптасып, ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ҚАБЫҚ деп аталады.
Географиялық қабық — атмосфера, литосфера, гидросфера және биосфера қабаттарының бір-бірімен тығыз байланыста болатын ортасы, яғни адамзаттың іс-әрекеті өтетін жердің беткі (жоғарғы) қабығы.

Географиялық қабық ұғымын алғаш рет 1910 ж. орыс метеорологы
П.И.Броунов, ал географиялық қабық терминін 1932 ж. орыс географы, акад. А.А. Григорьев енгізді.
Құрлықтағы географиялық қабықтың төменгі шекарасы жер бетінен 30 — 40 км тереңдікте, ал тау сілемдерінде 70 — 80 км тереңдікке жетеді. Дүниежүзілік мұхиттардағы географиялық қабықтың төменгі шекарасы 5—8 км тереңдікте, яғни жер бетіне жақын орналасқан. Географиялық қабықты түзуші компоненттерге (құрамдарына) тау жыныстары, ауа массасы, топырақ жамылғысы, су көзі және биоценоздар, полюстік ендіктердегі мұздықтар жатады; негізгі энергетикалық құраушыларына гравитациялық энергия, планетаның ішкі (эндогенді) жылуы, күннің сәулелі (радиациялық) энергиясы және ғарыштық энергия жатады.

Географиялық қабық ең ірі (планетарлық) табиғат комплексі.
Географиялық қабық-бұл біртұтас, өзін-өзі реттейтін динамикалық жүйе. Қабықтың ерекшелігі құрамдас бөліктері арасында үнемі зат пен энергия айналымы болатындықтан, біреуінің өзгеруі міндетті түрде басқаларын да өзгеріске ұшыратады. Географиялық қабыққа кіретін геосфералардың әрқайсысы өзінің динамикасымен сипатталады.
геоморфология (жер бедері туралы ғылым)
климатология (климат туралы ғылым)
океанология (мұхит туралы ғылым)
құрылық гидрологиясы (құрылықтағы сулар туралы ғылым)
топырақтану (топырақ туралы ғылым)
биогеография (биоценоз заңдылықтары, организмдер туралы ғылым)
палеогеография (жер тарихы)
Екінші ерекшелігі — зат және сонымен байланысты энергия айналымы, табиғи процестер мен құбылыстардың қайталанып отыруы. Мұнда айналымдардың күрделілігі әрқалай: бірі механикалық қозғалыстар (атмосфера циркуляциясы, теңіз ағындары), екіншісі, заттың агрегаттық күйінің өзгеруі (жердегі ылғал айналымы), үшіншісі химиялық трансформация (биологиялық айналым). Айналымдар нәтижесінде жер бетінде жыл мезгілдері қайталанып отырады. Айналымдарды негізінен астрономиялық және геологиялық факторлар тудырады. Біріне-бірі қарама-қайшы эндогендік және экзогендік күштердің нәтижесінде географиялық қабық үнемі дамуда болады. Дамудың нәтижесінде жер беті мен теңіз, мұхит түбі аумақтық жіктеуге ұшырайды. Құрлықтағы жіктелудің салдарынан географиялық белдемдер пайда болады. Кеңістікте географиялық құрылымның өзгеруінен ландшафттар мен геокешендер түзіледі.
Географиялық қабық екі маңызды қасиеттердің диалектикалық бірлігімен сипатталады: үздіксіздік (континуальдық) және іркілістік (дискреттік). Үздіксіздік географиялық қабықтың кеңістіктегі таралуының тұтастығымен, ал іркілістік - оның жеке геожүйелерге бекінуімен сипатталады.

Пайдаланылған әдебиеттер:


1.Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0
2.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
3. “Қазақ Энциклопедиясы”, 2-том

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет