Географиялық белдеулер мен зоналар



бет3/3
Дата12.10.2023
өлшемі22,38 Kb.
#184861
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
8 ñûíûï Òåñò ñ?ðà?òàðû ãåîãðàôèÿ ² òî?ñàí – ² í?ñ?à Àòìîñôåðà –
Кестені толтыру:
1-топ.Экваторлық және субэкваторлық белдеулер.
2-топ.Тропиктік және субтропиктік белдеулер.
3-топ. Қоңыржай белдеу.
4-топ. Субполярлық және поллярлық белдеулер.
Сипаттамада берілген табиғат зонасын анықтау.
1-топ тапсырмасы: «Бұл зона өсімдік өсуге тым қолайсыз.Мұнда мүк, қына және бұталар өседі. Жазда ауаның топыраққа жақын қабаты жылынатындықтан бұталар жер бетіне төселіп немесе ұйлығып өседі.» ( тундра )
Табиғат зоналардың аттары көп жағдайда неге байланысты қойылады ?
(Зоналардың өсімдік жамылғысына сәйкес )


2-топ тапсырмасы: «Бұл зона жануарлар түріне өте бай. Мұнда терісі бағалы аңдардан тиін, түлкі, бұлғын; жыртқыштардан қоңыр аю, сілеусін, қасқыр; тұяқтылардан бұлан, елік мекендейді. ( орман зонасы)
1.Екі жарты шардың қоңыржай,субтропиктік және тропиктік белдеулер шегінде таралған зонаны атаңыз?
(Шөл және шөлейтті зона )
3-топ тапсырмасы: «Бұл зонаның табиғат жағдайлары барынша қатал. Жазда + 500 С ыстық, қыста- 300С суық аяздар байқалады. Жауын-шашын 100-200 мм шамасында. Жануарлардан ақбөкен,қарақұйрық , сонымен қатар ұсақ кемірушілер,жыландар, кесірткелер көп. ( Шөл зонасы)
4-топ тапсырмасы:
«Бұл зонада ағаштың жүздеген түрі кездеседі, ең биігі 50-60 м-ге дейін барады.Пальма, темір ағашы, нан, шоколад ағаштары өседі. Жануарлардан піл,мүйізтұмсықтар, ягуар,қолтырауын мен бегемоттар кездеседі.
( Экваторлық ылғалды ормандар)
Кезең Эссе жазу.
(Экранда видео үзінді оқушылар назарына ұсынылады. Оны көріп болған соң,сол тақырыпқа сәйкес эссе жазады.)
Кезең « Картаға саяхат »
1-Топ
1.Тропиктік белдеуді көрсетіңіз?
2.Арабия теңізін көрсетіңіз?
2-топ
1.Қоңыржай белдеуді көрсетіңіз?
2.Жерорта теңізін көрсетіңіз?
3- топ
1.Субтропиктік белдеуді көрсетіңіз?
2.Қызыл теңізді көрсетіңіз?
4- топ
1.Арктикалық белдеуді көрсетіңіз?
2.Охот теңізін көрсетіңіз?
Қорытынды.
Рефлекция.
Үйге тапсырма: §49 Географиялық белдеулер мен зоналар.
Кескін картаға климаттық белдеулер мен табиғат 
зонасын сызу.
Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан топты және оқушыларды мадақтап,бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет