Геометриялық нивелирлеу


Нивелирдің тексерілері мен жөндеулері



бет5/19
Дата15.12.2021
өлшемі255 Kb.
#101090
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
введение в реферате образец
Таблицы по истории Казахстана, Майра тест агылшын
1.5. Нивелирдің тексерілері мен жөндеулері

Далалық нивелирлеу жұмысы басталар алдында аспапты ең алдымен толық сыртқа өткізеді,нивелир бөліктерінің жиынтығына, винттерінің түзулілігіне көз жеткізеді.

Нивелирге қойылатын басты талап деңгейлік ось пен нсаналау сәулесі бағытының өзара параллель болуы. Жұмыс жүргізер алдында нивелир жан-жақты тексеріліп, биіктік өсімшесін дәл анықтауға әсер ететін кемшіліктер түзетілуге тиісті. Нивелирдің осьтері арасындағы геометриялық байланыстарды (68-сурет) былайша жүргізіледі.

68 сурет.Нивелирдің осьтік құрылысы.



Дөңгелек деңгейді тексеру.Дөңгелек деңгейдің осі нивелирдің айналу осіне пераллель болуы тиіс. Көтергіш үш винт арқылы дөңгелек деңгей үлбіреуігі ортасына келтіріледі.

Одан кейін нивелир дүрбісін 180°-қа бұрады да, көпіршіктің орның тексереді. Егер көпіршік нөл пунктте қалса,онда жоғарғы тексеру шартының орындалғандығы. Керісінше, шарттың орындалмаған жағдайында дөңгелек ұстап тұрған үш түзеткіш бұрандалары арқылы ауытқудың жартысы түзетіледі. Ал қалған жартысы көтергіш бұрандалар әсеріменен түзетіледі.

Жіп торларын тексеру. Жіп торларының горизонталь штрихы нивелирдің айналу осіне перпендикуляр,ал вертикаль штрихы пераллельді болуы тиіс. Екі штрихтың бір-біріне перпендикуляр болуына завод кепіл береді, сондықтан бұл тексеруді вертикаль штрихтың көмегімен жасаған дұрыс. Ол үшін нивелирден 20-25м қашықтық жерге тіктеуіш(отвес) іліп қойылады да,нивелирдің айналу осі тік бағытқа келтіріледі.

Егер дүрбіні тіктеуішке көздеген кезде вертикаль штрих тіктеуіш жібімен қабысып, оның бойымен өтетін болса, онда тексеру шартының орындалғандығы. Керісінше, бұл шарт орындалмаса, онда тордың түзету бұрандаларын босатып, диафрагманы жіптер торымен түзетеді.



Негізгі геометриялық шартты тексеру. Цилиндрлік деңгейдің осі көздеу осіне параллель болуы үшін бір жазықтықта жатуы керек.

Бұл тексеру екі рет нивелирлеу арқылы жүргіледі,яғни бір қашықтықты екі рет ″ алға ″ нивелирлеу арқылы тексеріледі.

Қашықтығы 30-40м жерге екі қазық А және В қағылып, А нүктесіне нивелир,ал В нүктесіне рейка орнатылады. Аспап биіктігі (i) өлшеніп, рейкадан В¹ есебі алынады. Егер көздеу осі VV мен параллель болмаса,онда В¹ есебі алынып, қате шамасы анықталады. Сонда В нүктесіне қарағандағы биіктік өсімшесі мынаған тең болды:

Һ=i-b¹=i¹(b¹-x) (84)

Енді нивелир мен рейканың орнын алмастырып,қайтадан аспап биіктігі(і2)өлшенеді және А нүктесіне тұрған рейкадан есеп і2 алынады. Екі нүктенің арасы өзгеріссіз қалғандықтан і2 есебіндеге қате шамасы тағы да Х тең болады,яғни:

һ=b²-і²=b²-х-і² (85)

(84) және(85) формулаларынан х анықтайық:

Х= (86)


Егер х <±4 мм болса,түзету жүргізілмейді. Керісінше, 4мм-ден асып кетсе, элевациондық бұранданың көмегімен тордың ортаңғы штрихын түзетілген есепке b¹=b²-х келтіріледі. Бұл жағдайда цилиндрлік деңгей көпіргіші нөл пункттен ауытқиды, яғни дүрбі ішіндегі көпіршігі ұштасқан екі шеті алшақтайды. Көпіршіктің ауытқуы цилиндрлік деңгейдің түзеткіш бұрандалары арқылы қалпына келтіріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет